«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі -
«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің шеңберінде Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің аумағында жер қатынастары саласында мемлекеттік реттеуді және басшылықты іске асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.