2025 жылға көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

2025 жылға

 көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

 

«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 15 мемлекеттік қызметті көрсетеді (жаңа тізілімге сәйкес).

2025 жылы барлығы 1425 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

1) Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту – 165 қызмет, оның ішінде: 114 - жеке/т және 51 – заңды/т «Электрондық лицензиялау» арқылы көрсетілді.

2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру –      93 қызмет, оның ішінде: «Электрондық лицензиялау» арқылы көрсетілгені:        67 - жеке/т және 26 - заңды/т.  

3) Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру: - 1 қызмет заңды тұлғаға  «Электрондық лицензиялау» арқылы көрсетілді.

4) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру – «Электрондық лицензиялау» арқылы көрсетілгені - 0 қызмет.

5) Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу – 3 қызмет, оның ішінде 3 – жеке/т және 0 - заңды/т  «Электрондық лицензиялау»  арқылы көрсетілген.

6) Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау – 9 қызмет, 8 – жеке/т және 0-заңды/т.

7) Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру –1 қызмет заңды тұлғаға көрсетілді.

8) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату – 94 қызмет, қызмет көрсетуші кеңсесі (Теміртау қаласының әкімдігі) арқылы көрсетілгені: 83 – жеке/т және 11 - заңды/т.

9) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 150 қызмет, оның ішінде: 150 - жеке/т және 0 - заңды/т, «Электрондық лицензиялау»   арқылы көрсетілген.

10)  Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту – 114 қызмет, қызмет көрсетуші кеңсесі (Теміртау қаласының әкімдігі) арқылы көрсетілгені: 84 – жеке/т және 30 - заңды/т.

11) Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу - 793 қызмет, оның ішінде: 260 – жеке/т және 533 заңды/т. ЖМБМК АЖО арқылы көрсетілді.

12) Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру –     2 қызмет, оның ішінде: 1 - жеке/т және 1– з/т   -  қызмет тегін көрсетілген.

 

 

«Теміртау қаласының жер

қатынастары бөлімі» ММ басшысы                                        Т. Вейсалидзе

2025 жылға көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Дата публикации
02 июня 2026