
Жер қатынастары бөлімінің функциялары:
- иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
- жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
- геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;
- облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының облыстық маңызы бар қалалардың жерлерінде орналасқан жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі шешімдерінің жобаларын дайындау;
- мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
- жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
- жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
- аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
- елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
- жер сауда-саттығын (аукциондарын) жүргізуді ұйымдастыру;
- жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
- аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер балансын жасау;
- жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
- жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- Жер Кодекстің 33-бабы 1-тармағы алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу;
- Жер Кодекстің 71-бабына сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
- ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
- пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
- жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
- жер-кадастрлық жоспарды, оның ішінде облыстық маңызы бар қалалардың әкімшілік бағынысына берілген аумақта бекіту;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функциялар.