«Көкшетау қаласының жер қатынастары, саулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Көкшетау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 21 мекен-жайында орналасқан, байланыс телефондары 8 (7162) 25- 46-79, 8 (7162) 50-00-17.
«Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Егов – портал, сондай-ақ бөлімнің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызметтің 16 түрін көрсетеді:
2025 жылы «Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ 7 983 қызмет көрсетілді.
2025 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 47 шағым түсті.
9 шағымды қарау нәтижелері бойынша бұрын қабылданған шешімдер қайта қаралды.
38 шағым бойынша өтініш берушілердің дәлелдері расталмады, осыған байланысты шағымдарды қанағаттандырудан бас тартылды.
2025 жылға арналған бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес сапа, уақтылылық, көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануы өлшемдері бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында мынадай бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді және жүргізілуде:
- Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерінің себептерін жою бойынша тиісті құқықтық актімен Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар бекітілді, Мемлекеттік қызмет көрсетуге мониторинг жүргізіледі. 2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін түсіндіру бойынша көпшілік семинар-кеңестер өткізілді.
«Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ
байланыс ақпараты
Телефоны: 8 (7162) 25-46-79, 50-00-17
Мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Түскі үзіліс: 13.00-ден 14.30-ға дейін
Демалыс күні: сенбі, жексенбі
Басшысының м.а. А. Аяшев