2026 жылғы 29 шілдедегі № 180 бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау үшін (2026 жылғы 24-27 шілде аралығында жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша, жер заңнамасы нормаларының сақталуына және жер учаскесіне құқықтар беруге қатысты) көрсетілген тармақтарға сәйкес төмендегілер туралы хабардар етеміз.
2026 жылғы 26 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімі аппаратының Жер комиссиясы мүшелерінің, мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысының қатысуымен Құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізілді.
Құқықтық жалпы оқыту барысында жер учаскесіне құқық беру тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 және 135-баптарының ережелері, сондай-ақ жер учаскесіне құқық беру туралы өтініштерді қарау және шешімдер қабылдау кезінде заңнамада белгіленген талаптарды сақтау мәселелері қаралды.
Жер комиссиясы қабылдайтын шешімдердің заңдылығын, негізділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жер заңнамасы талаптарының бұзылуына жол бермеуге ерекше назар аударылды.
АНОНС
🏛 "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау басталады
🗓 Өткізу мерзімі: 9 ақпан 2026 жылдан бастап
🎯 Мақсаты:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайту, ұйым қызметінің ашықтығы мен басқару процестерінің тиімділігін арттыру
Талдау барысында қаралатын мәселелер:
✅ Басқару қызметі
✅ Кадрлық және қаржылық мәселелер
✅ Ішкі нормативтік құжаттар
✅ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері (қажет болса, басқа бағыттар)
💬 Қоғамдық қатысуды қамтамасыз ету мақсатында, мүмкін болатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты ұсыныс пен ескертулер қабылданады.
📧 Хабарламаларды 15 ақпан 2026 жылға дейін жіберуге болады: r.saipenova@sko.gov.kz
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
--------------------------
2026 жылғы 23 қаңтарда "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер отеошения бөлімі" КММ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (АПК) Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы Құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізілді және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы зерделенді. әкімшілік Әділет, норма шығармашылық және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша" (2025 жылғы 29 желтоқсанда қолданысқа енгізілді).
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына және уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты» КММ (шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөнінде конкурс өткізеді) мемлекет меншігіндегі және 10 жыл мерзімге жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жалға беру (жалдау).
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты» КММ хабарлама (хабарландыру) бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды бастайды. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 09 ақпаннан бастап 2026 жылғы 27 ақпанға қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Қорытынды шығарылған күн конкурстың аяқталған күні болып есептеледі. Конкурстың қорытындылары конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.
Конкурстың өткізілетін күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2026 жылғы 02 наурызда сағат 10-00-де, СҚО, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Сәбит Мұқанов көшесі, 12 мекен-жайы бойынша орналасқан Мамлют ауданы әкімдігінің ғимаратында, 1-қабат, мәжіліс залында жарияланады.
Конкурстың шарттары:
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі беріліп және өтінім берушіге хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде болу керек:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер телімінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5)өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттемелер.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста болу керек:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын және жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы жабық конвертте, соңғы беті: қатысушының қолымен куәландырылатын беттері нөмірленген тігілген түрде басылған немесе өшпейтін сиямен жазылған ұсынады "электрондық үкімет"веб – порталы арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, - жеке тұлғалар (немесе сенім білдірілген адам) үшін және бірінші басшының (немесе сенім білдірілген адамның) қолымен және заңды тұлғалар үшін – мөрмен (ол болған кезде). Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс» және «2026 жылғы 02 наурызға дейін бұрын ашпау» деген жазу көрсетіледі.
Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбауға жатады.
Жер комиссиясы конкурстық ұсыныстарды бағалайды, салыстырады және конкурстық өтінім жеңімпазын айқындайды.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстық ұсыныстар мен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде ұсынылған конкурстық ұсыныстар мен өтінімдердің мәнін қозғамайтын грамматикалық және арифметикалық қателер назарға алынбайды, оларды түзетуге болады.
Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулердегі қателіктердің болуы, құжаттардағы барлық қолтаңбалар тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ тұтастай ресімдеудің дұрыстығын тексереді, өтінімдерді бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен бағалайды, салыстырады.
Ұпайлар міндеттемелердің келесі критерийлері бойынша беріледі:
суарылмайтын егістікке:
50-ге дейін– 1 балл;
50 ден 70-ке дейін – 2 балл;
70 -тен 90-ға дейін – 3 балл;
90 -нан 110-ға дейін – 4 балл;
110-нан жоғары – 5 балл;
жайылымдық және шабындық жерлерге:
5 -ке дейін– 1 балл;
5-тен 10-ға дейін – 2 балл;
10-нан 20-ға дейін – 3 балл;
20-дан 30-ға дейін – 4 балл;
30-дан аса – 5 балл;
2) жайылымдық жерлерге - ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:
50-ден аз ірі қара, жылқы, түйе-5 балл;
50 және одан да көп бас ірі қара, жылқы, түйе – 10 балл;
300-ден аз ұсақ мал басы-5 балл;
3)меншіктегі ауыл шаруашылығы техникасының болуы:
5 бірліктен кем-5 балл;
5 және одан көп бірлік-10 балл;
4) Технологиялық жабдықтың болуы:
1 бірлік-1 балл;
2 және одан көп бірлік-3 балл;
5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:
5 білікті маманнан кем-5 балл;
5 және одан да көп білікті мамандар-10 балл.
Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 5 балл беру түрінде артықшылық беріледі
Қосымша балл берген кезде жер комиссиясының мүшелері қатысушылар ұсынған растайтын құжаттарды басшылыққа алатын болады.
Ең жоғары балл жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Екі немесе одан да көп конкурстық ұсыныстардың балдары тең болған кезде конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі жолымен айқындалады.
Бұл жағдайда комиссия мүшелерінің көпшілік дауысын және ең жоғары балл жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы қосымша ақпаратты Мамлют ауданы әкімінің www.maml.sko.gov.kz, «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ сайтынан www.ozo-mamlyut.gov.kz немесе телефоны 8 (71541) 2-11-07, 2-22-71 арқылы алуға болады.
Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі
|
Жер учаскесінің нөмірі (лот) |
Ауданы (га) |
олардың ішінде |
Жер учаскесінің орналасқан жері (шаруашылық және аудан орталығының орташа қашықтығы) |
|||
|
егістік (кен орны) |
жайылымдар табиғи |
түбегейлі жақсартылған жайылымдар |
басқа ауылшаруашылық емес жерлер |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
19 |
|
19 |
|
|
Белое ауылдық округі, Чистое ауылы ауылдан 10,7 километр аудан орталығынан 7,5 километр |
|
2 |
43 |
|
35 |
7 |
1 |
Белое ауылдық округі, Чистое ауылы ауылдан 6,3 километр аудан орталығынан 31,3 километр |
|
3 |
13 |
|
13 |
|
|
Белое ауылдық округі, Чистое ауылы ауылдан 7,5 километр аудан орталығынан 32,8 километр |
|
4 |
31,5 |
|
2 |
29 |
0,5 |
Белое ауылдық округі, Чистое ауылы ауылдан 6,6 километр аудан орталығынан 31,9 километр |
|
5 |
27 |
|
27 |
|
|
Краснознамен ауылдық округі, Беловка ауылы, ауылдан 6,0 километр аудан орталығынан 41,0 километр |
|
6 |
22,3 |
|
22,3 |
|
|
Бике ауылдық округі, Бике ауылы, ауылдан 5,0 километр аудан орталығынан 91,0 километр |
|
7 |
12 |
|
12 |
|
|
Бике ауылдық округі, Бике ауылы, ауылдан 4,2 километр аудан орталығынан 90,0 километр |
|
8 |
110,13 |
|
110,13 |
|
|
Воскресенов ауылдық округі, Воскресеновка ауылы, ауылдан 4,0 километр аудан орталығынан 8,0 километр |
|
9 |
68,1 |
|
67 |
|
1,1 |
Новомихайлов ауылдық округі, Новомихайловка ауылы, ауылдан 11,0 километр аудан орталығынан 61,0 километр |
|
10 |
126 |
|
125 |
|
1 |
Пригород ауылдық округі, Покровка ауылы, ауылдан 6,0 километр аудан орталығынан 15,0 километр |
|
11 |
64 |
20 |
32 |
12 |
|
Пригород ауылдық округі, Покровка ауылы, ауылдан 6,0 километр аудан орталығынан 15,0 километр |
|
12 |
395 |
|
393 |
|
2 |
Пригород ауылдық округі, Покровка ауылы, ауылдан 9,7 километр аудан орталығынан 12,0 километр |
Мамлют ауданының тұрғындарына!
Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысымен бірқатар бұрын қабылданған қаулылардың күші жойылды 🚫📜
⚖️ Бұл шешім Қазақстан Республикасының
«Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес қабылданды.
🗂️ Күші жойылған қаулылар мыналарға қатысты:
🛣️ аудандық маңызы бар автомобиль жолдары
🔢 жолдардың атаулары мен индекстері
📊 салық салу объектілерінің аймақтық коэффициенттері
🗳️ үгіт-насихат материалдарын орналастыру орындары
👩⚕️👨🏫 ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі
🏪 бейстационарлық сауда объектілерін орналастыру орындары
📅 Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді ⏳
ℹ️ Бұл өзгерістер нормативтік құқықтық актілерді өзектендіру және қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында қабылданды.
🙏 Ақпаратты назарға алуларыңызды сұраймыз!
Мемлекет басшысы: «Ең өзекті міндеттің бірі – агрохабтар және логистика орталықтарын дамыту»
«Қазіргі таңда ең өзекті міндеттің бірі, бұл – агрохабтар және логистика орталықтарын дамыту. Атап айтқанда, шетел инвесторларымен серіктестікті нығайту керек. Бірақ бұл жерде бір нәрсені ескеру қажет: отандық кәсіпкерлер қазіргі заман талабын дұрыс түсінбесе, яғни жасанды интеллектіні қалайша тиімді пайдалануға болатынын білмесе, табысты бизнес серіктестігін құра алмайтыны анық.
Министрлік мал шаруашылығы саласындағы агробизнесті қолдау жоспарын әзірлеп, нақты қаржыландыру шараларын бастауы керек. Басты мақсат – ішкі нарықты етпен толық қамтамасыз ету. Сонымен қатар, осы саланың экспорттық әлеуетін күшейту.
Елдегі азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту – Үкіметтің стратегиялық міндеті. Әрине, өзімізді өзіміз жүз пайыз қамтамасыз етуіміз мүмкін емес, бәлкім, оның қажеті де жоқ шығар. Бірақ нарықтағы қазіргі жағдайды айтудың өзі ұят.
Бұған қоса, дәстүрлі ұлттық өнімдерімізді сыртқы нарыққа белсенді түрде таныту керек. Сондықтан аграрлық экспорттың нақты жоспарын әзірлеу қажет. Онда логистика, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттар мен ұтымды маркетинг стратегиясы ескерілуге тиіс. Бұл – Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғана емес, бірқатар мемлекеттік органның ортақ міндеті. Сондықтан іс-әрекеттерді Үкімет басшылығы деңгейінде үйлестіріп отыру керек.
Үкімет Еуразия аумағындағы сауда-саттықтың әділ жағдайда жасалуын нақты дәлелмен талап етуге міндетті. Ал депутаттар заңнамалық бастамалар арқылы отандық өнім өндірушілердің құқықтарын қорғауға тиіс.
Еуразия экономика одағына мүше басқа мемлекеттердің кәсіпорындарымен салыстырғанда, біздің кәсіпкерлеріміздің қажетті мөлшерде мемлекеттік қолдауға ие болмай отырғаны анықталды. Сол себепті олар тиімсіз жағдайларға тап болып, ішкі нарықтың өзінде бәсекелестеріне есе жіберіп жатыр. Бұл жерде сүт өндірушілер туралы сөз болып отыр».
2025 жылғы 21 шілде мен 15 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бөлімнің Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Бүгін 2025 жылғы 05 қыркүйекте сағат 16:00 – де ZOOM платформасы арқылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Амрина Дина Маратовнаның қатысуымен бөлім басшысымен және мамандарымен Құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізілді.
Құқықтық жалпыға бірдей оқыту қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар алынды.