
Қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлiкке құқықты беруді немесе мүлiктiк сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап ету –

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, 4000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не түзеу жұмыстарына не қоғамдық жұмыстарға тартуға не бас бостандығын шектеуге не он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.