1) иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен қаулыларының жобаларын дайындау;
2-1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен қаулыларының жобаларын дайындау;
3) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
4) жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
5) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
6) Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту;
7) жерді аймақтарға бөлу жобаларын, аудан жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
8) елді мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9)жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) өткізуді ұйымдастыру;
10) жерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
11) аудан жерлерінің балансын жасау;
12) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқықтық қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
13) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
14) жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын және жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
15) ауданның жергілікті атқарушы органының осы Кодекстің 71-бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру жөнінде ұсыныстар дайындау;
16) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
16-1) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылмайтын және пайдаланылатын жерлерді анықтау;
17) жерді резервтеу жөнінде ұсыныстар дайындау;
18) жер-кадастрлық жоспарды бекіту.