Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихаты шешімінің жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА «Жер салығының ставкалары туралы»

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихаты шешімінің жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА «Жер салығының ставкалары туралы»

 

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихаты шешімінің жобасы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 582-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.

Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес шешім жобасы келісудің барлық рәсімдерінен өтті.

Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерінен басқа, Салық кодексінің  577 және 578 баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.

«Жер салығының ставкалары туралы» шешімнің жобасы 2026 жылғы                 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

«Солтүстік Қазақстан облысы

Мамлют ауданы әкімдігінің

 жер қатынастары бөлімі»

КММ басшысы                                                                               Р. Сайпенова                              

 

Дата публикации
11 ноября 2025