ЖОБА
Жер салығының мөлшерлемелері туралы
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 582-бабы 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- 1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерінен басқа, Салық кодексінің 577 және 578 баптарындабелгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.
- 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
- Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
төрағасы Ж.Кәрімова