«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы туралы ТАЛДАУ АНЫҚТАМА

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу қорытындысы туралы 

ТАЛДАУ АНЫҚТАМА

 

 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2025 жылғы 23 қантардағы № 10  бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағиадаларға сәйкес жоғарыда нұсқалған бұйрықпен құрылған Жұмыс тобы «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –бөлім) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Талданатын мерзім: 2024 жылғы 01 маусымнан бастап 2025 жылғы қантардағы 31  дейін.

Талдау жүргізу мерзімі: 22 күнтізбелік күн, 2025 жылғы 03 ақпаннан 28 ақпанға дейін.  

Жұмыс тобының құрамы:

 Белоус

Тамара Васильевна

-

бас маман бухгалтер

Алексеюк

Эльмира Рашидовна

-

жер мәселелері жөніндегі бас маман

Камалетдинова

Таскира Вильевна

 

-

қоғамдық кеңестің өкілі (келісім бойынша)

Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. Аппараттың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдер;
  2. Аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдер.
  3. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР.

Ескерту: Келесі нормативтік құқықтық актілер зерделенді:  

1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексі;

2.ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР.

2.1. Персоналды басқару.

2.1.2. Еңбек тәртіптемесінің ережелерінің болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелі.

Кодекстің 69-бабына сәйкес  Жұмыс беруші еңбек тәртіптемесінің ережелерін қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып бекітеді.

Еңбек тәртіптемесінің ережелерінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз етудің талаптары, еңбек қатынастарын реттеудің өзге де мәселелері белгіленеді.

Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек тәртіптемесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бекітілетін жарғыларда және ережелерде реттеледі.

Еңбек тәртіптемесінің ережелерін орындау жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.

Бірақ, аппаратта еңбек тәртіптемесінің ережелері жоқ.

Ұсыныстар:

1) жұмыс уақытын есепке алуды жүргізудің нысаны мен тәртібін айқындау туралы бұйрық әзірлеу және қабылдау.

 

2.2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер.

2.2.1. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарайтын комиссияның болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелі.

Сондай-ақ, талдау барысында аппаратта мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару салдарынан Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарайтын келісім комиссиясы жоқ екені анықталды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚРЗ 3-бабының 9) тармақшасына сәйкес келісу комиссиясы – Тапсырыс беруші осы Заңда айқындалған тәртіппен құратын, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару салдарынан Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарайтын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚРЗ 8-бабының 6-тармағына сәйкес егер әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның осы баптың 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімімен келіспеген жағдайда, онда мұндай әлеуетті өнім беруші жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы өзіне белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісу комиссиясына жүгінуге құқылы.

Келісім комиссиясы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушінің өтінішін қарайды және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен алып тастау не алып тастаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен шығару туралы шешім қабылданған жағдайда Тапсырыс беруші уәкілетті органға жүгінеді.

Уәкілетті орган келісу комиссиясының шешімін ескере отырып, әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен шығару туралы шешім шығарады.

Осылайша, әлеуетті өнім беруші жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісу комиссиясына жүгіну құқығына нұқсан келтіріледі.

Ұсыныстар:

2) келісім комиссиясы туралы бұйрық әзірлеу және қабылдау.

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

Жұмыс тобының басшысы:

1) қорытынды Талдамалық анықтамаға қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;

2) ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күнінен бастап 6 ай ішінде ұсыныстардың орындалуына мониторинг және бағалауды жүзеге асырсын.

 

 

Бөлім басшысы.                                                                   Р.Сайпенова

 

КЕЛІСІЛДІ:

Белоус

Тамара Васильевна

 

-

бас маман бухгалтер

Алексеюк

Эльмира Рашидовна

 

-

жер мәселелері жөніндегі бас маман

Камалетдинова

Таскира Вильевна

 

-

қоғамдық кеңестің өкілі (келісім бойынша)

 

Дата публикации
04 марта 2025