Қауымдық сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабы 5-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое ауылдық округінің «Жана-Жол» автомобиль өткізу пунктінің аумағында орналасқан, жалпы алаңы 0,1544 гектар жер учаскелерінің бөліктеріне, атап айтқанда: кадастрлық нөмірі 15-225-004-219 жер учаскесінің 0,0602 гектар алаңындағы бөлігіне және кадастрлық нөмірі 15-225-004-008 жер учаскесінің 0,0942 гектар алаңындағы бөлігіне, инспекциялық-тексеру кешендеріне қызмет көрсету үшін 5 жыл мерзімге қоғамдық сервитут белгіленсін.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мамлют ауданы әкімі Е. Степаненко