Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жер комиссиясы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы туралы ереже

Жалпы ережелер

 1.Осы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі-Ереже) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 17-бабының 1-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 359 бұйрығымен бекітілген Үлгілік Ережеге сәйкес әзірленді.

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы (бұдан әрі-жер комиссиясы) өз құзыреті шегінде Мамлют ауданының аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және бейтараптық қағидаттарында ұйымдастырады.
  2. Осы Ереженің, жер қатынастарын реттейтін, Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде өз қызметін жүзеге асырады.

         

  1. Комиссияның функциялары және құқықтары

 

  1. Комиссияның функциялары өтініштерді (өтінімдерді) және (шаруа немесе фермерлік қожалықтарды  жүргізу үшін, жер телімдеріне құқық беру туралы (уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру) бойынша конкурстың жеңімпазын анықтау бойынша қорытындыларды әзірлеу, жер телімдерінің мақсатты тағайындалуын өзгерту және басқа санаттардағы жерлерді су қоры жерлерінен ауыстыру болып саналады.
  2. Өз құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Жер комиссия мемлекеттік органдардан жер телімдерінің бары немесе жоғы туралы, жер телімдеріне ауыртпашылықтар туралы, жарғы капиталында заңды тұлғалардағы шетелдіктердің үлесінің бары немесе жоғы туралы, су қорғау аймақтарын және жолақтарын пайдалану режімі туралы мәліметтерді алуға және сұрауға

   

  1. Комиссия қызметін ұйымдастыру

 

  1. Жер комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырып отырады.
  2. Кодекстің 43-бабына сәйкес Жер комиссиясының құрамы анықталады.
  3. Жер мәселеріне жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Жер комиссиясының төрағасы болып саналады.
  4. Төраға Жер комиссия жұмысын және осы ережемен Комиссияға жүктелген тапсырмаларды және функцияларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етеді. Төраға болмаған кезде немесе төрағаның тапсырмасы бойынша оның міндетін орынбасары орындайды.
  5. Жер Комиссиясының төрағасы:

          1)  отырысты  шақырады;

          2)  Жер комиссия қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады;

          3)  Жер комиссиясының жұмысын жоспарлайды;

          4)  Жер комиссияс отырысында төрағалық етеді;

  1. Жер комиссиясының мүшелері:

          1)  ұсынылған материалдармен танысады;

          2) Жер комиссиясы отырысында қарастыруға тиісті мәселелерді қарастырады және тиісті шешім шығаруға қатысады;

         3) отырысқа қатысу бойынша басқа тұлғаларға   өз өкілеттіктерін ұсынбайды;

  1. Жер комиссиясының хатшысы:

          1)  Жер комиссиясы отырысының күн тәртібін қалыптастырады.

          2) Жер комиссия отырысының күнін және өтетін орны туралы Комиссия мүшелерін құлақтандырады;

         3) отырысты өткізу үшін материалдардың дайындығын жүзеге асырады, Жер комиссиясы отырысының хаттамасын  және Жер комиссиясы отырысының қорытындысын ресімдейді;

         4)    Жер комиссиясының мүшесі болып саналмайды.

  1. Жер комиссиясының жұмыс органы «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Комиссия хатшысының міндеттері Жұмыс органының маманына жүктеледі. Ол болмаған кезде оның функцияларын оны алмастыратын маман орындайды.

  1. Отырыстың күн тәртібі, сонымен қатар күні, уақыты және өтетін орны Жер комиссиясының төрағасымен анықталады.
  2. Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастыру, Жер комиссия мүшелерін шақырту, Жер комиссия қорытындыларының жобаларын дайындау және басқа қажетті іс шараларды Жұмыс органы қамтамасыз етеді.
  3. Жер Комиссиясының отырысы, егер оның құрамының жалпы санының екіден үш мүшесі қатысқан болса құқықты болып саналады. Қоғамдық кеңестердің өкілдері, агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік ұйымдар және басқа салалардың мемлекеттік емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының осы қатысушылар санында жер комиссиясының қатысқан мүшелерінің жалпы санынан елу пайыздан кем болмау керек. Комиссия мүшелері оның отырысында ауысу құқығысыз қатысады.

Жер комиссия мүшесі, егер шешім қабылданған адам оның жұбайы (зайыбы), жақын туысы (ата-анасы, баласы, бала асырап алушы, асырап алынған баласы, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інісі мен апа-сіңлісі (қарындасы), атасы, әжесі, немересі) немесе жекжаты (жұбайының (зайыбының) асырап алған баласы, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інісі мен апа-сіңлісі (қарындасы), ата-анасы және баласы) болса, Комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселені қарау кезінде өздігінен бас тартатынын мәлімдейді.

      Өздігінен бас тарту Жер комиссиясы отырысы басталғанға дейін жазбаша түрде мәлімденуі тиіс.

  1. Жер Комиссиясының шешімі ашық дауыспен қабылданады.

Отырыста қатысушылардың жалпы санынан жер комиссиясының мүшелерінің басым дауысымен  дауыс берудің нәтижелері анықталады және жер комиссиясының басым мүшелері дауыс берсе шешім қабылданды деп саналады.

  1. Жер комиссиясының отырысы міндетті түрде аудио- бейнежазбаларының көмегімен тіркеледі. Ауданның жергілікті орындаушы органы аудио-бейнежазбамен жер комиссиясының отырысын тіркеуді жүзеге асырады.
  2. Жер комиссиясының қорытындысы Жұмыс органы Комиссияға сұралған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуді немесе жер учаскесін алдын ала таңдауды қамтамасыз етуге сәйкес (елді мекен шекарасында объектілер құрылысын қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде) мәлімделген нысаналы мақсатқа сәйкес пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс енгізген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде үш данада хаттамалық шешім түрінде ресімделеді.

Жұмыс органы ай сайын Жер комиссиясының хаттамалық шешімдерін өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

  1. Жер Комиссиясы қорытындысының бір данасы қол қойылған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге (оның өкіліне) мына тәсілдердің бірі арқылы беріледі (жіберіледі):

      қолма-қол;

      табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтілімі нысанында;

      электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжатпен;

      өтініш берушінің электрондық почта мекенжайы бойынша табыс етіледі (жіберіледі).

  1. Қорытынды ережелер

 

  1. Өтінім беруші Жер комиссияның хаттамалық шешімін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануы мүмкін.
  2. Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімнің аппаратына жүктеледі.

 

 

 

Документы
Ақпарат
20 мая 2026
СҚО Мамлют ауданы бойынша жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелері бойынша 2026 жылғы сәуірдегі ақпарат.
Ақпарат
10 марта 2026
СҚО Мамлют ауданы бойынша 2025 жылдың ақпан айында жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелері бойынша ақпарат.
Хаттама
03 марта 2026
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттама 2026 жылғы 02 наурыз № 1
Новости
Полезные материалы
Жер комиссиясы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы