Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жер қатынастары бөлімі" КММ

Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жер қатынастары бөлімі» КММ

Тиімді жұмыстың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 01.10.2020 жылғы № 301 бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережесіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Жер учаскесін бір мезгілде не бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Жер учаскесін алуға кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес «Жер учаскелері туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегінде жер учаскесіне құқық алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес «Жер-кадастрлық істен құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес «Жер учаскесін жалдау шартының телнұсқасын беру туралы» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

21) Осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес «Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алу кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің ысырабын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары.

Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтің бірі «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» болып табылады, аталған қызметті облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

3) «Электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі бекітілген жерге орналастыру жобасы бұйрық болып табылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күні.

Жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Жеке және заңды тұлғалардан жер қатынастары атына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар, ескертулер түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат қолжетімді жерде стендте және жер қатынастары бөлімінің сайтында орналастырылған, толтырылған өтініш бланкілерінің үлгілері бар үстел бар.

Документы
Есеп
29 января 2026
2025 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есеп
Анықтама
12 января 2026
Мемлекеттік қызметтер бойынша 2025 жылғы жылдық есеп
Ақпарат
05 сентября 2024
"СҚО Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" КММ
СҚО Мамлют ауданы бойынша 2024 жылдың тамыз айында жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелері бойынша ақпарат.
Новости
Полезные материалы
мемлекеттік қызметтер
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы