«2024-2029 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеу негізінде ұсынылатын жайылым айналымының сызбаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2025 жылдың 08 желтоқсанындағы № 322 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «2024-2029 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеу негізінде ұсынылатын жайылым айналымының сызбаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2025 жылдың 08 желтоқсанындағы № 322 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы және мәтіні бойынша «2024-2029» деген сандар «2026-2030» деген сандарға өзгертілсін.
- Осы қауылының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.Бектасовқа