«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданы
мәслихатының төрайымы Л. Топорова
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының
2025 жылғы «__» __________ № ____ шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
- «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Пресновка ауылы мен ауылдық елді мекендерінің жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 15/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4345 болып тіркелген).
- «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Пресновка ауылы мен ауылдық елді мекендеріндегі жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Жамбыл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 15/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 10/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26387 болып тіркелген).