Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың есебі

«Мемлекеттік  қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2020 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің  м.а  № 39/НҚ бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар  туралы, 2023 жылы мемлекеттік қызметтердің 4 түрін көрсетті.

 2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 252 қызметті құрайды, оның ішінде:

- «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы – 252 қызмет.

          Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халыққа қол жетімділік және ақпараттандыру мақсатында бөлім ғимаратында көрнекі ақпараттары бар стендтер орналастырылған (стандарттар, ұсынылатын қызметтердің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініш үлгілері). Осыған ұқсас ақпарат бөлімнің сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

 «Электрондық үкімет» порталына мүдделілікті арттыру мақсатында «электрондық үкімет» порталында электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды түсіндіру бойынша полиграфиялық материалдар (буклеттер, постерлер, брошюралар, бөлімнің орналасу схемасы), роликтер пайдаланылады. Бұл материалдар стендте және бөлімнің сайтында орналастырылған, ал полиграфиялық материалдар халыққа қосымша таратылды.

 Мемлекеттік қызметтерді тиімді және сапалы көрсету мақсатында жер қатынастары бөлімінде «Ашық есік күні», «дөңгелек үстел» іс-шаралары, семинарлар өткізілді, Жоғары тұрған органдарға колизиялар бойынша хаттар жолданды.

 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мемлекеттік органның жауапты маманы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндіру семинарларына қатысты.

          Мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V ҚР Заңына сәйкес бекітілген стандарттар мен қағидалар негізінде көрсетіледі. Қызметтер баламалы негізде де, баламасыз негізде де көрсетіледі.

          Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартудың тиімділігі мақсатында бөлім түсіндіру іс-шараларын («Ашық есік күні», семинарлар, дөңгелек үстелдер, БАҚ-та және ақпараттық Сайтта мақалалар жариялау) жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде стандарттар сақтау бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

         2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ

 

Бөлім басшысы                                               Р. Аюпов

 

Дата публикации
07 октября 2024