2026 жылғы 1 маусым мен 30 маусым аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жер қатынастар бөлімі» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жыл сайын жүргізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі болып табылады. Талдау ұйымдардың өздері тарапынан тікелей, Қоғамдық кеңес мүшелерін тарта отырып жүргізіледі. Талдау барысында салалық заңнамада және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте әртүрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айқындалады, оның ішінде персоналды басқару, мемлекеттік қызметтер көрсету, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және басқа да мәселелер қамтылады.