Жезқазған қаласы 2026 жылғы «12» маусым
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес "Жезқазған қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімі" ММ басшысының 2026 жылғы 13 мамырдағы № 17 бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 13 мамыр мен 2026 жылғы 12 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі-талдау)жүргізілді келесі бағыттар бойынша:
Талдау жүргізу үшін құрамы Бөлім басшысының бұйрығымен бекітілген жұмыс тобы құрылды.
Талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Бөлімдегі кадр жұмысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Персоналды басқару процестеріне мыналар жатады:
- Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстық рәсімдер өткізу;
- қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығару;
- мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізу;
- оқытуды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру;
- демалыс және өзге де әлеуметтік кепілдіктер беру.
Талдау нәтижелері бойынша кадрлық рәсімдерді жүргізу кезінде заңнаманы бұзушылықтар анықталған жоқ. Конкурстық рәсімдерден тыс лауазымға тағайындау, кандидаттарға негізсіз артықшылықтар беру және өзге де сыбайлас жемқорлық көріністері фактілері анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі
|
№ |
Лауазымы |
сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар өкілеттіктер |
жемқорлық тәуекелдері |
тәуекел деңгейі |
|
1 |
бөлім басшысы |
басқарушылық шешімдер қабылдау, жобаларды келісу, жер учаскелерінің берілуін бақылау қызметтік өкілеттіктерді жеке мүддесі үшін пайдалану, |
жеке тұлғалардың мүдделерін қолдау |
орташа
|
|
2 |
құрылымдық бөлімшенің басшысы (секторлар меңгеруші) |
қорытындылар мен келісімдерді дайындау |
өтініш берушілердің құжаттарын объективті қарау |
орташа |
|
3 |
Бас мамандар |
Өтініштерді қарау, жер және сәулет мәселелері бойынша материалдар дайындау |
Жеке өтініш берушілерге артықшылықтар беру |
орташа |
|
|
|
|
|
|
Қызметкерлердің жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы мүдделер қақтығысы фактілерін талдау барысында анықталған жоқ. Бөлім қызметкерлері Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарымен танысты. Мүдделер қақтығысының туындауының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.
Талдау барысында мынадай ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
архитектуралық-жоспарлау тапсырмасын беру
Заңнаманың жекелеген талаптарын екіұшты түсіндіру жағдайында өтініш берушілердің құжаттарын қарау кезінде субъективті тәсілдің ықтималдығы бар.
3.2 эскиздік жобаларды келісу
Растайтын құжаттардың толық тізбесі болмаған кезде параметрлері жер учаскесінің нысаналы мақсатына не шекараларына сәйкес келмейтін объектілерді келісу қаупі бар.
3.3 жер учаскелерін беру
Жекелеген рәсімдерді регламенттеу жеткіліксіз болған жағдайда ұсынылған материалдарды субъективті бағалау негізінде шешім қабылдау мүмкіндігі бар.
3.4 жерді пайдалану құқығын ұзарту
Жер учаскелерін игеру критерийлерінің жеткіліксіз егжей-тегжейлері жалдау мерзімдерін ұзарту туралы өтініштерді қарау кезінде екіұшты шешім қабылдауға жағдай туғызуы мүмкін.
Бөлімнің негізгі рұқсат беру функциялары:
- қала құрылысы құжаттамасын келісу;
- сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру;
- эскиздік жобаларды келісу;
- жер учаскелерін беру мәселелері бойынша материалдар дайындау.
Талдау барысында ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері өтініш берушілердің құжаттарын субъективті бағалау мүмкіндігімен және заңнаманың жекелеген нормаларын екіұшты түсіндірумен байланысты екені анықталды.
Тәуекелдерді азайту мақсатында мәселелерді алқалы түрде қарау, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалану қолданылады.
Бөлімнің бас маманы М. Сейтназарға қатысты, 2025 жылғы 9–20 маусым аралығында мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиадаға қатысу үшін Өскемен қаласына іссапарға жіберілген. Спартакиаданың хаттамасына сәйкес, 11 маусым күні салмақ өлшеу рәсімі, 12 маусым күні жарысқа қатысу, 13 маусым күні жарыстың аяқталуы көзделген.
Сонымен қатар, әрбір спорт түрі әртүрлі күндері өткізілгендіктен және әрбір мемлекеттік қызметші тек бір спорт түріне ғана қатысатын болғандықтан, М.Сейтназар жарыс бағдарламасына сәйкес, уақытынан бұрын Жезқазған қаласына оралып, жұмыс орнына шыққан. Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, аталған қызметкер тарапынан іссапарда болмаған уақыттары үшін негізсіз төленген қаражаттар мемлекет кірісіне қайтарылды. Атап айтқанда, М. Сейтназар 5 жұмыс күні үшін 157 280 теңге көлеміндегі қаражатты толық көлемде қайтарылды. Бөлімнің қызметін бақылауды уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде жүзеге асырады.
Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану, атқарушылық тәртіпті бұзу және өзге де сыбайлас жемқорлық көріністері фактілері анықталған жоқ.
Бөлім жұмысында мемлекеттік ақпараттық жүйелер, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры, Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы және электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі пайдаланылады.
Сандық платформаларды пайдалану мыналарды қамтамасыз етеді:
- құжаттарды қарау рәсімдерінің ашықтығы;
- орындау мерзімдерін бақылау;
- лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерін автоматты түрде тіркеу;
- адам факторының әсерін азайту.
- Аталған саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша азайтылды.
Қорытынды
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша «Жезқазған қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатыны анықталды.
Бөлімнің қызметіне елеулі ықпал ете алатын жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Сонымен бірге жұмыс тобы мыналарды ұсынады:
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тұрақты негізде ішкі талдау жүргізу;
- Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерінің тұрақты мониторингін қамтамасыз ету;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін бақылау тетіктерін жетілдіру;
- мемлекеттік қызметтер мен әкімшілік рәсімдерді цифрландыруды жалғастыру.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту үшін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру әңгімелесулері, оқыту іс-шаралары және профилактикалық жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі.
Бөлім басшысы м. а.
«Жезқазған қаласының
Жер қатынастары,
сәулет және қала құрылысы
бөлімі» ММ М. Байршаева
Сектор меңгерушісі
«Жезқазған қаласының
Жер қатынастары,
сәулет және қала құрылысы
бөлімі» ММ Т. Аянбаева
Бас маман
«Жезқазған қаласының
Жер қатынастары,
сәулет және қала құрылысы
бөлімі» ММ М. Сейтназар
Бас маман
«Жезқазған қаласының
Жер қатынастары,
сәулет және қала құрылысы
бөлімі» ММ А. Абишева
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен: «Жезқазған қаласының Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қарашада №14441 болып тіркелді), сәйкес 2026 жылғы 12 мамыр мен 12 маусым аралығында "Жезқазған қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Жезқазған қаласының әкімдігі «Жезқазған қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ атынан жалпы жұртшылыққа, соның ішінде мүдделі қауымды қала құрылысы жобаларының материалдарын қарау бойынша қоғамдық талқылау өтетіні туралы хабарлайды:
«Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, шартты атауы "Жаңа құрылыс" ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы» бойынша;
«Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, шартты атауы "Кенесары" ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы» бойынша;
«Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, шартты атауы "Қостанкелді" ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы» бойынша;
«Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, шартты атауы "Орталық (қала)" ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы» бойынша.
Осыған орай, аталған шараға қатысқысы келетіндер «Жезқазған қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне алдын ала 8(7102)76-04-48; 8(7102)76-00-70, 87770840011 телефон бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.
Қоғамдық талқылаулар 2026 жылғы 5 наурызда сағ. 15:00-де Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Есенберлин көшесі, 9А мекенжайында орналасқан "Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында» өтеді.
Жобаны әзірлеуші – «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС
Тел.: 8(727)278-05-12; е-mail: kazgiprograd_1@mail.ru
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен: 2025 жылғы 4 сәуірінен бастап 30 жұмыс күн ішінде «Жезқазған қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен: «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары аяқталды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен: 2024 жылғы 7 мамырдан 7 маусымға дейін «Жезқазған қаласы жер қатынастар бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Объявление
о начале приема заявок на участие в региональном этапе конкурсе
«Еңбек жолы»
Конкурс «Еңбек жолы» посвящён чествованию людей труда, трудовым династиям, достижениям соотечественников, внёсшим значительный трудовой вклад в развитие области.
В Конкурсе «Еңбек жолы» могут участвовать все работники предприятий (вне зависимости от отрасли, за исключением государственных служащих).
Участие в региональном и республиканском этапах конкурса является бесплатным.
Конкурс проводится по 3 номинациям:
1) «Лучшая трудовая династия»
В данной номинации выбирается самая многочисленная династия с самым продолжительным трудовым стажем, имеющая наибольшее количество наград и работающая в организациях всех форм собственности.
Примечание:
Трудовая династия – группа работников одной организации, представляющая два и более поколения близких родственников одной семьи (один или оба супруга совместно с детьми или внуками), осуществляющая трудовую деятельность в настоящее время и имеющая суммарный стаж работы на данном предприятии не менее 20 лет. Главой династии является представитель трудовой династии, ранее всех начавший трудовую деятельность.
Трудовая династия должна принимать активное участие в общественной жизни аула, района (города, области), содействовать профессиональной ориентации молодежи, пропагандировать свою профессию.
2) «Лучший молодой работник производства»
В данной номинации выбирается самый активный и трудолюбивый работник производства со стажем работы не более 5 лет.
3) «Лучший наставник работающей молодежи»
В данной номинации выбирается самый высокоэффективный наставник со стажем работы не менее 20 лет.
Прием заявок от претендентов на участие в конкурсе «Еңбек жолы» на региональном этапе с 01 мая по 10 июня т.г. (акиматы городов и районов).
Областная комиссия определяет победителей областного этапа конкурса «Еңбек Жолы», из числа победителей регионального этапа конкурса до 15 июля т.г.
Для получения более подробной информации о правилах и порядке участия в конкурсе «Еңбек жолы», Вы можете получить на ЕПИРГО ГУ «Управление по инспекции труда Карагандинской области» контактный телефон 8(7212)432062, сайты аппаратов акимов городов и районов Карагандинской области.