«Жезқазған қаласының Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараты
- "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 10 (он) жұмыс күні ішінде -
- "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 4 (төрт) жұмыс күні ішінде;
- "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары; елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 8 (сегіз) жұмыс күніне дейінгі мерзімде;
2) елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 16 (он алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде.
- "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 10 (он) жұмыс күні
- "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары Күнтізбелік 30 (отыз) күн.
- "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары; Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде.
Екінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде
- Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
- "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары; Күнтізбелік 15 (он бес) күн.
- "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 5 (бес ) жұмыс күні.
- "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 5 (бес) жұмыс күні.;
- "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 20 (жиырма) минут ішінде.;
- "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
- "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 2 (екі) жұмыс күні ішінде.;
- «Сәулет – жоспарлау тапсырмасы» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары- мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі – 13 жұмыс күні ішінде;
- «Эскиздік жобаны келісу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары - мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні ішінде;
- Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру - мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі – 7 жұмыс күн ішінде;
- Жылжымайтын мүлік мекен-жайын нақтылау (атау беру/тарату) туралы анықтама - мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі – 3 жұмыс күн ішінде;
- Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу - мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі – 1 жұмыс күн ішінде;
2025 жылы барлығы 1935 мемлекеттік қызмет атқарылды. Оның ішінде электронды –1449; қағаз түрінде-486 ;
2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.