GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Бөлім туралы
Бөлім туралы
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Қызметі
Байланыс ақпараты
Все материалы
03 сентября 2021
Осакаров ауданында 13 жас кәсіпкер өз ісін ашуға және дамытуға гранттар алды

Осакаров ауданы әкімінің гранттары өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге табыс етілді. Оларды байқаудың 13 жеңімпазы иеленді.

Биыл ауданда жастар кәсіпкерлігін қолдауға 8 млн теңге бөлінді. Байқауға 19 өтінім келіп түсті. Комиссия 13 жобаны таңдады. Оларды жүзеге асыруға 300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі гранттар берілді.

Жастардың бизнес-бастамаларын іске асырудың арқасында Осакаров ауданында аккумуляторларды жөндеу цехы, кондитерлік, донерлік, компьютерлік клуб, барбершоп, шаштараз, жылыжай, тротуар төсемдерін өндіретін кәсіпорын, құс фермасы және заманауи автожуу пайда болады. Жұмыс істеп тұрған бизнесті дамытуға да ақша бөлінді.

- Мен байқауға екінші жыл қатысып келемін. Өткен жылы шлакоблок шығару цехының бизнес-жоспарын ұсынып, 1 миллион теңге ұтып алдым. Қазір бұл цех табысты жұмыс істеуде. Биыл ол бизнесті дамытуға өтінім беріп, тротуар төсемдерін өндіру жобасын ұсындым. Грант алдым, жаңа цехқа екі адамды жұмысқа орналастыра аламын, - деді жас кәсіпкер Михаил Макаров.

Аудан әкімі Нүркен Көбжановтың айтуынша, келесі жылы жастар кәсіпкерлігін қолдауға арналған қаражатты ұлғайту жоспарлануда

- Біз әрбір жобаны табысты іске асыруға мүдделіміз. Өйткені, бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауданның кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға ықпал етеді, - деп атап өтті ол.

03 сентября 2021
Азаматтық белсенділігіңді арттыр! Жемқорлыққа жол берме!
10 августа 2021
"Дипломмен – ауылға!": Осакаров ауданында жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға көмек көрсетілуде

Осакаров ауданында жыл басынан бастап "Дипломмен – ауылға!" бағдарлама бойынша 20 маман бір реттік көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға 33 бюджеттік несие алды.

Бүгінде ауданда кадр тапшылығы мәселесі өткір тұр. Жұмысшы мамандықтарынан басқа білікті дәрігерлер мен мұғалімдер жетіспейді. Бұл проблеманы шешуге мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мүмкіндік береді. Олардың бірі – "Дипломмен – ауылға!" бағдарламасы педагогтарға, дәрігерлерге, мәдениет және спорт қызметкерлеріне жақсы демеу болып табылады. Жастарды жұмыспен қамтамасыз ете отырып, мемлекет те әлеуметтік қолдау көрсетеді.

Людмила Белоусова оқуды бітіргеннен кейін бірден Осакаровкаға келді. Аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне медбике болып жұмысқа орналасты.

 

– Биыл "Дипломмен – ауылға!" бағдарламасының арқасында тұрғын үй сатып алуға көтерме және несие алдым, – дейді Людмила. – Қолайлы үй тауып, сатып алдым. Жақында менің отбасым қоныс тойын тойлады. Жас мамандар үшін мұндай бағдарламалар көбірек болса жақсы болар еді, өйткені бұл мемлекеттен айтарлықтай қолдау. Шынымды айтсам, мен өз үйіме ақша таба алмас едім.

Осакаровка кентінің №1 тірек мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Мұратбек Айғанат Нұр-Сұлтанда білім алды. Ол да "Дипломмен – ауылға!" бағдарламасын пайдаланды. Жәрдемақы алғаннан кейін жеңілдетілген несиеге өтініш беруге шешім қабылдаған. Мұратбек Айғанат қазір бақытты үй иесі.

– Мен жас мамандарды қолдаудың осындай бағдарламасы бар екеніне қуаныштымын, – дейді Мұратбек Айғанат. – Менің жақсы жұмысым, тамаша ұжымым, ал қазір өз үйім бар. Мен ол жерге ата-анаммен бірге көшіп келдім.

2009–2021 жылдар аралығында Осакаров ауданында "Дипломмен – ауылға!" бағдарламасы бойынша 590 адам жұмыспен қамтылды. Көтерме жәрдемақыдан басқа, 341 жас маман тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы