Біз мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс жасаймыз, есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға қатысамыз .
Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қолжетімділік мемлекет алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Ауданның мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес 13 қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде тегін негізде 10 түрі, ақылы негізде – 0 және балама түрде-3 түрін көрсетіледі.
2024 жылы жер қатынастары бөлімімен 386 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 377 қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілді, көрсетілетін қызметті берушілер қағаз түрінде және баламалы түрде – 9 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халықпен түсіндіру жұмысы жалғастырылатын болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын бақылау бойынша тұрақты жүйелі жұмыс ұйымдастырылды, оларды көрсету сапасын ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жетілдірілуде