Біз мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс істейміз, есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға қатысамыз.
Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қолжетімділік мемлекет алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Ауданның мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес 10 қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде тегін негізде 10 түрі, ақылы негізде 0 және балама түрде-1 түрі көрсетіледі
2021 жылы бөліммен
481 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы 0 қызмет, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы - 481 қызмет, көрсетілетін қызметті берушілер қағаз нысанда және балама бойынша – 0 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы "электрондық үкімет"порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халықпен түсіндіру жұмысы жалғастырылатын болады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын бақылау бойынша тұрақты жүйелі жұмыс ұйымдастырылды, оларды көрсету сапасын ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жетілдірілуде.