СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

 

Астана, 2026

 

МАЗМҰНЫ

  1. Жалпы ережелер.......................................................................................... 3
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге дайындық..... 4
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.......................... 6

3.1 Талдау объектісі туралы ақпаратты жинау және талдау....................... 7

3.2 Талдамалық анықтама дайындау және оған қол қою......................... 31

3.3 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды олардың тізбесін қалыптастыра отырып айқындау.............................................................. 34

3.4 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде шаралар

қабылдау ................................................................................................... 36

  1. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау.......................... 37
  2. Ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу................................ 38

 

1-қосымша. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс жоспары......................................................................................................... 41

2-қосымша. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау критерийлері........................................... 42

3-қосымша. Талдау әдістері және ақпараттың ықтимал көздері................... 59

4-қосымша. Талдамалық анықтаманың үлгілік құрылымы......................... 61

5-қосымша. Сыбайлас жемқорлыққа бейім функциялардың шамамен тізбесі 63

6-қосымша. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі    67

7-қосымша. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары....................................... 68

8-қосымша. Ықтималдық пен әсерді бағалау критерийлері......................... 69

9-қосымша. Талдау объектісінің тәуекелдер картасы................................... 71

10-қосымша. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат................................ 72

11-қосымша. Ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу нәтижелері       73

 

 

1. Жалпы ережелер

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауы мен жоюы кезінде сапаны, толықтықты және бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге бағытталған көмекші құрал болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объективтілік, сенімділік, айқындық және жан-жақтылық қағидаттарында жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің құрылымдық бөлімшесінің, ведомствосының, ведомствоға бағынысты ұйымның, аумақтық және оған теңестірілген бөлімшесінің (бұдан әрі – талдау объектісі) қызметі болып табылады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде мыналарды басшылыққа алу қажет:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң);

3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар);

4) өзге де құқықтық актілер.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жылына кемінде бір рет жүргізу ұсынылады.

Сыбайлас жемқорлықтың жүйелі көріністері болған жағдайда мемлекеттік органның, ұйымның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысының шешімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен бұрын жүргізілуі мүмкін.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган талдау объектісінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізген жағдайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ол аяқталған күннен бастап бір жыл өткен соң жүргізу ұсынылады.

Осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген мерзімдер талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінің жекелеген мәселелері бойынша жүргізілген ішкі талдауларға қолданылмайды.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдар және олардың орындалуына мониторинг жүргізу нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жоспарлау және жүргізу кезінде ескеріледі.

Ішкі талдаудан бұрынғы жыл ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаумен қамтылған қызмет бағыттары қайта талданбайды, бұл ретте бұрын анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің нақты жойылғаны тексеріледі.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге дайындық

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге дайындық мыналарды айқындауды қамтуы мүмкін:

1) қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімшенің атауы;

2) Үлгілік қағидалардың 11-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бағыттары;

3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының дербес құрамы;

4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаумен қамтылатын кезең;

5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі;

6) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды адамы.

  1. Орталық мемлекеттік органның басшысы, әкім мемлекеттік органның барлық жүйесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, талдау объектілерін және олардың әрқайсысында жүргізу мерзімдерін көрсете отырып, тиісті кесте жасалуы мүмкін.
  2. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің, ведомствосының, жергілікті атқарушы органның басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, мұндай шешім қабылданғаны туралы ақпаратты, сондай-ақ талдау нәтижелерін мемлекеттік органның орталық аппаратына немесе әкім аппаратына жіберу ұсынылады.
  3. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы еншілес және тәуелді ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, ұйымдарды және олардың әрқайсысында жүргізу мерзімдерін көрсете отырып, тиісті кесте жасалуы мүмкін.
  4. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің еншілес және тәуелді ұйымының басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, мұндай шешім қабылданғаны туралы ақпарат, сондай-ақ талдау нәтижелері квазимемлекеттік сектор субъектісінің орталық аппаратына жіберілуі мүмкін.
  5. Орталық мемлекеттік орган өзінің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволарының, олардың аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша жұмысты үйлестіруді, ақпаратты жинауды және жинақтауды жүзеге асыруы мүмкін.

Астана, Алматы және Шымкент қалалары, облыстар әкімдерінің аппараттары жергілікті атқарушы органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша жұмысты үйлестіруді, ақпаратты жинауды және жинақтауды жүзеге асыруы мүмкін.

Мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар өздерінің еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша жұмысты үйлестіруді, ақпаратты жинауды және жинақтауды жүзеге асыруы мүмкін.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге уәкілеттік берілген тұлғаны (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысы айқындауы ұсынылады.

Мемлекеттік органдарда уәкілетті тұлғаны ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет функцияларын іске асырмайтын және мемлекеттік органның басшысына тікелей бағынатын жұмыскерлер немесе бөлімшелер қатарынан айқындау ұсынылады.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде уәкілетті тұлғаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлері қатарынан айқындау ұсынылады.

  1. Талдау объектісі іске асыратын функциялардың санына және оның штат санына қарай сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылуы мүмкін.

Жұмыс тобына талдау объектісінің құрылымдық бөлімшелерінің салалық заңнаманы қолданудың практикалық тәжірибесі, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет функцияларын іске асыру тәжірибесі, сондай-ақ талдау қабілеттері бар ең тәжірибелі жұмыскерлерін қосу ұсынылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісі басшысының шешімі бойынша жұмыс тобының құрамына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің жанынан болған жағдайда Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандары және (немесе) сарапшылары тартылуы мүмкін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге қатысатын жұмыскерлерге талданатын кезеңде өздері тікелей қатысқан қызмет бағыттарын талдауды тапсырмау ұсынылады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 30 жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүргізу ұсынылады.

Қажет болған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісі басшысының бұйрығы негізінде 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Мемлекеттік органның, ұйымның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы шешімінде белгіленген мерзімдерді сақтау мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс жоспарын осы Әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлеу ұсынылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс жоспарында жұмыс түрлерін, олардың орындалу мерзімдерін және жауапты тұлғаларды айқындау көзделеді.

  1. Қажет болған жағдайда уәкілетті тұлға және (немесе) жұмыс тобының мүшелері салалық заңнаманы қолдану практикасын және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет функцияларының іске асырылуын зерделеу үшін талдау объектілері бөлімшелерінің орналасқан жеріне баруы мүмкін.

3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтуы мүмкін:

1) Үлгілік қағидалардың 11-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес талдау объектісі туралы ақпаратты жинау және талдау;

2) Үлгілік қағидалардың 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес талдамалық анықтама дайындау;

3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды олардың тізбесін қалыптастыра отырып айқындау;

4) Үлгілік қағидалардың 23 және 24-тармақтарына сәйкес әзірленетін және бекітілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде шаралар қабылдау.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде осы Әдістемелік ұсынымдарға 2-қосымшада көзделген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау критерийлерін ескеру ұсынылады.

3.1 Талдау объектісі туралы ақпаратты жинау және талдау

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде мынадай ақпарат көздері пайдаланылуы мүмкін:

1) талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер, ішкі құжаттар;

2) талдау объектісінің қызметі туралы ведомстволық статистикалық есептілік;

3) талдау объектісінің қызметі туралы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының цифрлық жүйелерінің деректері;

4) талдау объектісінің қызметіне байланысты мәселелер бойынша заңды күшіне енген сот актілері;

5) талдау объектісіне қатысты мемлекеттік органдар бұрын жүргізген тексерулердің нәтижелері;

6) ішкі аудит қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері;

8) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

9) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің қызметі туралы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жөнінде ақпарат бар әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарда орналастырылған жарияланымдар, өтініштер және өзге де мәліметтер;

 

10) талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

11) талдау объектісінің жұмыскерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін анықтау және жауапқа тарту туралы мәліметтер;

12) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бұрын жүргізілген ішкі талдау нәтижелері;

13) талдау объектісінің қызметшілерін, жұмыскерлерін сұрастыру (сұхбат) нәтижелері;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасында ұсынуға тыйым салынбаған өзге де мәліметтер.

Талдау объектісінің қызметі туралы ақпаратты, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан бұрынғы жылдағы есептік деректер мен құқықтық статистиканы жинау және жинақтау ұсынылады.

Ақпарат көздері дұрыс және өзекті болуы тиіс.

Талдау объектісінің қызметі туралы есептерді оларды ұсынған талдау объектісінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қолтаңбаларымен растауды ұсынылады.

Талдау объектісінің лауазымды адамдарын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тарту туралы мәліметтерді құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының деректерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот актілері банкінен алу ұсынылады.

  1. Ашық қолжетімділікте жоқ ақпарат көздерін уәкілетті тұлғаға және жұмыс тобы мүшелеріне жинауды және ұсынуды осы ақпаратты иеленетін талдау объектісінің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыруы ұсынылады.

Қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан құрылған мемлекеттік органның, ұйымның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде оларға берілген функциялар бөлігінде бұрын әрекет еткен мемлекеттік органның, ұйымның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметі туралы ақпаратты жинауды жүзеге асыру ұсынылады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және ұсынымдар әзірлеу үшін әртүрлі талдау әдістері қолданылуы мүмкін, оның ішінде талдау объектісінде бар ақпаратты жинау және зерделеу, талдау объектісінің жұмыскерлері мен өзге де сарапшылардың тәжірибесі мен білімін пайдалану, ұқсас немесе аралас салалардағы, ұйымдардағы, бизнес-процестердегі, жобалардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәжірибесін жинау және жинақтау, цифрлық жүйелердің деректерін талдау, сценарийлерді талдау және басқалары. Талдау әдістері мен ақпараттың ықтимал көздері осы әдістемелік ұсынымдарға 3-қосымшада келтірілген.
  2. Құқықтық және өзге де актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша талдауды талдау объектісінің стратегиялық жоспарлауын және функцияларды іске асыруын бағалаудан бастау ұсынылады.

Стратегиялық жоспарлау және функцияларды іске асыру мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) стратегиялық, бағдарламалық және жоспарлы құжаттарда қызметтің нақты мақсаттары, міндеттері және күтілетін нәтижелерінің болмауы;

2) нақты орындалатын функциялардың талдау объектісінің құзыретіне, оның құрылтай құжаттарына және салалық басымдықтарға сәйкес келмеуі;

3) заңнамада немесе құрылтай құжаттарда көзделмеген, сондай-ақ қайталанатын, тән емес және артық функцияларды жүзеге асыру;

4) талдау объектісіне заңнамамен және құрылтай құжаттарымен жүктелген функцияларды орындамау немесе ішінара орындау;

5) қызметтің өлшенетін тиімділігі орнына жүргізілген іс-шаралар көлемін немесе игерілген қаражатты көрсететін көрсеткіштерді белгілеу.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаудың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында тек қана нормативтік құқықтық актілерді ғана емес, талдау объектісінің қызметін реттейтін ішкі құжаттарды да қоса алғанда, талдауды жүргізу ұсынылады.
  2. Осы бағыттағы жұмыстың толықтығы мен жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында бастапқы кезеңде талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттардың тізбесін қалыптастыру ұсынылады.

Талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалардың бар-жоғы тұрғысынан талдануы мүмкін.

  1. Құқықтық актілер мен ішкі құжаттар өзге де құқықтық актілермен және ішкі құжаттармен өзара байланыста зерделенуі мүмкін.
  2. Нормалардың сыбайлас жемқорлыққа бейімділігін бағалауды оларды қолдану кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің ықтималдығы тұрғысынан жүргізу ұсынылады.
  3. Бағалау жүргізу үшін мынадай неғұрлым тән сыбайлас жемқорлық факторлары пайдаланылуы мүмкін.

Талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер

Құқықтық олқылық – құқықтық актіде немесе ішкі құжатта белгілі бір мәселенің құқықтық реттелуінің болмауы.

Реттеудегі құқықтық олқылықтың бар екенін көрсететін индикаторларға мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) заңсыз пайда алу мақсатында өкілеттіктерді еркін айқындау мүмкіндігін тудыратын, лауазымды адамның және (немесе) талдау объектісінің құзыретін регламенттейтін ережелердің болмауы;

2) азаматтың немесе ұйымның әкімшілік рәсімнің жүруіне ықпал етуін қамтамасыз ететін іс жүргізу тәртібінің болмауы;

 

3) әкімшілік рәсімдерді жүргізу мерзімдерінің болмауы;

4) құқықтық акті немесе ішкі құжат талдау объектісінің лауазымды адамының шешім қабылдауының толық негіздері мен тәртібін белгілемеуі;

5) талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілік белгілейтін ережелердің болмауы, бұл олардың декларативті сипатқа ие болуына және практикада қолданылмауына әкеп соғады;

6) цифрлық жүйедегі қолмен түзетулерді, белгіленген алгоритмдерді айналып өтуді және техникалық ақаулар кезіндегі іс-әрекеттерді регламенттеудің болмауы;

7) қабылданған шешімнің негіздерін цифрлық жүйеде тіркеу және растайтын материалдарды сақтау талабының болмауы.

Құқықтық актілер мен ішкі құжаттар ережелерінің коллизиясы – бір немесе аралас құқықтық қатынастарды реттейтін жекелеген құқықтық актілер, ішкі құжаттар арасындағы алшақтықтар немесе қайшылықтар, сондай-ақ құқық қолдану қызметі барысында және талдау объектісінің лауазымды адамдарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде туындайтын қайшылықтар.

Коллизиялар бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілер арасында, әртүрлі деңгейдегі актілер арасында, сондай-ақ қоғамдық қатынастардың әртүрлі салаларын реттейтін актілер арасында болуы мүмкін.

Құқықтық актілер немесе ішкі құжаттар ережелерінің коллизиясының индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) басым норманы таңдау қағидаларының заңмен немесе ішкі құжатпен белгіленбеуі;

2) басым норманы таңдау жөніндегі жауапкершіліктің талдау объектісінің лауазымды адамына жүктелуі;

3) қатаң формалды түрде айқындалған заңдық жауапкершіліктен жалтару мүмкіндігінің болуы.

Заңдық-лингвистикалық айқынсыздық – заң техникасының логикалық және лингвистикалық қағидаларын сақтамаудан туындаған, жеткілікті дәл сипатталмаған терминдерді, ұғымдарды, сөз тіркестерін немесе мағыналық (мазмұндық) сипаттағы тұжырымдарды қолдану.

Заңдық-лингвистикалық айқынсыздықтың индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) ережеде қамтылған, түсініксіз немесе қосарлы мағынасы бар және осылайша заңсыз түсіндірулерге жол беретін тұжырымдама;

2) бір құбылыстардың әртүрлі терминдермен белгіленуі;

3) заңнамада қолданылмайтын, мәтінде тікелей айқындалмаған (түсіндірілмеген) және оларға бірыңғай әрі біркелкі мағына беретін кең, кеңінен таралған қолданысы жоқ терминдерді пайдалану.

Дискрециялық өкілеттіктердің ауқымдылығы – мазмұнынан оның шегін айқындау мүмкін болмайтын, лауазымды адамның және (немесе) талдау объектісінің өкілеттігі.

Кең дискрециялық өкілеттіктердің бар екенін көрсететін индикаторларға мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) лауазымды адамдардың шешім қабылдауы немесе өзге де әкімшілік рәсімдерді орындауы үшін негіздердің болмауы немесе айқын еместігі;

2) лауазымды адамның және (немесе) талдау объектісінің бірнеше түрдегі шешім қабылдау немесе шешім қабылдаудан бас тарту мүмкіндігі;

3) қабылданатын басқарушылық шешімді негіздеу міндетінің болмауы;

4) шешім қабылдаудың нақты мерзімдерінің болмауы, олардың кең диапазоны не мұндай мерзімнің мүлде болмауы;

5) лауазымды адамның және (немесе) талдау объектісінің негізделген себептерсіз белгіленген мерзімді ұзарту немесе қысқарту мүмкіндігі;

6) лауазымды адамның және (немесе) талдау объектісінің тиісті негіздемесіз жеке және заңды тұлғалармен құқықтық қатынастардың туындауын, олардың өзгеруін немесе тоқтатылуын өз қалауы бойынша бастау мүмкіндігі;

7) лауазымды адамдардың және (немесе) талдау объектілерінің өкілеттіктерінің қайталануы;

8) заңнаманы орындамағаны үшін жауапкершіліктің түрі мен мөлшерін өз қалауы бойынша айқындау мүмкіндігі;

9) лауазымды адамның және (немесе) талдау объектісінің өз құзыреті шеңберінде шешім қабылдау үшін тізбеде көзделмеген қосымша құжаттарды сұрату мүмкіндігі (мысалы, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде);

10) автоматтандырылған бөлу техникалық мүмкіндігі бар кезде орындаушыны, сарапшыны, бақылау объектісін автоматтандырылмаған түрде таңдау мүмкіндігі;

11) белгіленген негіздерсіз міндеттемелердің бағасы мен көлемін өзгерту, олардың орындалу мерзімдерін ұзарту, тұрақсыздық айыбын есептеуден немесе өндіріп алудан бас тарту мүмкіндігі.

Лауазымды адамдардың міндеті орнына құқығының белгіленуі – лауазымды адамдардың азаматтар мен ұйымдарға қатысты іс-әрекеттер жасау мүмкіндігінің диспозитивті түрде белгіленуі.

Міндет орнына құқық белгіленуінің индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) «құқылы», «мүмкін» деген тұжырымдамаларды қолдану;

2) лауазымды адамдардың өз қалауы бойынша шешім қабылдауы үшін заңды негіздердің болуы;

3) бір негіздер болған кезде органның (лауазымды адамның) бірнеше түрдегі шешім қабылдау мүмкіндігі.

Тұлғаға тиесілі құқығын іске асыру үшін қойылатын талаптардың негізсіз жоғарылатылуы – тұлғаға тиесілі құқығын іске асыру үшін қойылатын, негізделген (қажетті) талаптар деңгейінен асатын және (немесе) қойылуы заңнама нормаларымен негізделмеген талаптар. Әдетте, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелі тіркеу, рұқсат беру және хабарлама құқықтық қатынастарын, конкурстық рәсімдерді, азаматтар мен ұйымдарға санкциялар және өзге де ықпал ету шараларын, оның ішінде құқықтарды шектеуге, айыруға, тоқтата тұруға байланысты шараларды құқықтық реттеу кезінде байқалады.

Тұлғаға тиесілі құқығын іске асыру үшін қойылатын талаптардың негізсіз жоғарылатылуының индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) субъективті құқықтар мен бостандықтарды іске асыру кезінде жеке және заңды тұлғаларға заңмен негізделмеген қосымша міндеттердің жүктелуі;

2) сақталуы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен бекітілген құқықтар мен бостандықтарды шектейтін ауыртпалықты тыйымдар мен шектеулердің белгіленуі;

3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін және (немесе) қойылуы заңнама нормаларымен негізделмеген өзге де талаптардың белгіленуі;

4) азаматтар мен ұйымдарға айқын еместүрдейтін, орындалуы қиын талаптардың белгіленуі.

Артық әкімшілік кедергілердің болуы – жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтарын іске асыруы үшін орындалуы қажет, олардан лауазымды адамдардың құқықты іске асырудан бас тарту, қызметті тоқтата тұру немесе тоқтату не жауапкершілікке тарту өкілеттіктері туындайтын талаптарды белгілеу.

Әкімшілік кедергілердің индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

 

1) көрсетілген мәліметтер талдау объектісінде бар болуына немесе талдау объектісі осы мәліметтерді қажетті көздерден өз бетінше сұратуға уәкілетті болуына байланысты сұратылуы орынсыз құжаттарды, ақпаратты және басқа да деректерді ұсыну міндетінің жеке және заңды тұлғаларға жүктелуі;

2) алынатын құқыққа сәйкес келмейтін белгілерге (кәсіби, мүліктік, әлеуметтік) сай болу міндеті;

3) жедел ұсыну мүмкіндігі болған кезде (мысалы, талдау объектісінде автоматтандырылған цифрлық жүйелер қолданылған жағдайда) мемлекеттік қызметтерді ұсынудың ұзақ мерзімдері;

4) халықаралық актілермен не аталған құжаттар жіберілуі көзделіп отырған басқа мемлекеттің заңнамасымен мұндай тәртіп көзделмеген жағдайда, өтініш білдірген мемлекеттік органда олардың түпнұсқалары мен көшірмелерін салыстыру мүмкіндігі бола тұра, азаматтарға құжаттарды басқа мемлекеттік органдарда нотариалды куәландыру және апостильдеу міндетін жүктеу;

5) белгілі бір қызмет түрімен айналысуға үміткер азаматтың нормативтік түрде белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарамастан, емтихан тапсыру, тестілеу, әңгімелесу және тағы басқаларды өту қажеттігін белгілеу;

6) қабылданатын шешімнің мазмұнына әсер етпейтін және жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілермен көзделмеген қосымша келісулерді, визалауды және қорытындыларды белгілеу.

Функцияларды, міндеттерді, құқықтар мен жауапкершілікті тиісінше айқындамау

Функцияларды, міндеттерді, құқықтар мен жауапкершілікті тиісінше айқындамаудың индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) құқықтық актінің немесе ішкі құжаттың мазмұнынан шешім қабылдауға жауапты лауазымды адамды анықтау мүмкін болмауы;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының туындауына жол бермеуге мүмкіндік беретін шектеулер мен тыйымдардың болмауы (мысалы, шешім қабылдауды басқа лауазымды адамға беруге, белгілі болған мәліметтерді жария етуге тыйым салу және тағы басқалар);

3) лауазымдық міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауапкершіліктің болмауы;

4) лауазымды адамдардың міндеттері мен өкілеттіктерін орындауын бақылау рәсімінің болмауы.

Ерекшеліктер мен шешімді қайта қарау рәсімдерінің реттелмеуі – одан ауытқуларды реттеу болмаған жағдайда жалпы тәртіпті регламенттеу.

Ерекшеліктер мен шешімді қайта қарау рәсімдерінің реттелмегенін көрсететін индикаторларға мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) шешімді тоқтата тұрудың, қайтарудың, қайта қараудың негіздері мен тәртібінің болмауы;

2) жалпы тәртіптен ерекше жағдайлар мен алып тастаулардың айқындалмауы не олардың толық емес тізбемен белгіленуі;

3) бұрын қабылданған шешімді, оның ішінде ұсынылған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған кезде күшін жою негіздері мен тәртібінің болмауы;

4) объективті критерийлер мен оларды ұсыну тәртібі болмаған жағдайда жекелеген тұлғалар немесе топтар үшін алып тастаулардың, жеңілдіктердің, преференциялардың және жеңілдетілген тәртіптердің белгіленуі.

Шешімді негіздеуге, құжаттандыруға және оған шағымдануға қойылатын талаптардың болмауы

Шешімді негіздеуге, құжаттандыруға және оған шағымдануға қойылатын талаптардың болмауының индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) рәсімнің барысын құжаттандыру және растайтын материалдарды сақтау міндетінің болмауы;

2) шешімге шағымдану тәртібінің болмауы не оны тек қабылдаған лауазымды адамға ғана шағымдану мүмкіндігі;

3) шешімдердің жоғары тұрған органмен немесе сотпен күшін жою себептерін талдау талабының болмауы.

Процестің толық циклін бір лауазымды адамға немесе бөлімшеге бекіту

Процестің толық циклін бір лауазымды адамға немесе бөлімшеге бекітудің индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) құқықтық актімен немесе ішкі құжатпен бір лауазымды адамға не бөлімшеге бастамашылық ету, қарау, шешім қабылдау, орындау және орындалуын бақылауды жүктеу;

2) құжатты дайындау мен бекіту, операцияны жүргізу және оны кейіннен тексеру функцияларын ажыратудың болмауы;

3) шешімді қабылдаған тұлғаға оның орындалуын бақылауға қатысуға тыйым салудың болмауы.

Неғұрлым тән сыбайлас жемқорлық факторларының тізбесі толық емес.

  1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін қолданыстағы бизнес-процестерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау себептері мен жағдайларының бар-жоғына тексеру ұсынылады.
  2. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі деп мынадай мәселелер түсініледі:

1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;

2) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;

6) бюджет қаражатын игеру және бөлу;

7) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

8) бюджеттік жоспарлау;

9) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;

10) цифрлық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

11) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелерге мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) бизнес-процестерді ұйымдастыру және өкілеттіктерді бөлу;

2) ақылы қызметтер көрсету;

3) өтініштерді қарау және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау;

4) жобаларды және мемлекеттік қолдау алушыларды іріктеу, қаржыландыру және сүйемелдеу;

5) мүлік пен активтерді басқару;

6) қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

  1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар-жоғын бағалау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің неғұрлым тән индикаторларының (көріністерінің) тізбесін қолдана отырып жүргізіледі.

Индикаторлар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде қолданылатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау критерийлеріне сәйкес келетін бірізділікте келтіріледі.

Персоналды басқару бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі мәселелерінің реттелмеуі;

2) конкурстық іріктеу жүргізілмей лауазымға тағайындау;

3) конкурстық іріктеудің формалды түрде жүргізілуі, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау;

4) бос лауазымның болуы, біліктілік талаптары, қажетті құжаттардың тізбесі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген адамдар туралы ақпаратты орналастырмау, уақтылы және (немесе) толық орналастырмау;

5) іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдерінің болмауы (бос лауазым туралы хабарландыруды орналастыру, құжаттарды қабылдау, әңгімелесу, тестілеу және басқалары);

6) әңгімелесу мен тестілеу жүргізуге арналған сұрақтарды қалыптастыру және қорғау тетігінің болмауы;

7) үміткерлер үшін тең емес жағдайлар жасау;

8) үміткерлерді жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайтын адамдарда мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шаралардың қамтамасыз етілмеуі;

9) жұмыскерлерді конкурстық іріктеу жүргізілмей лауазымда жоғарылату, өзге лауазымдарға ауыстыру;

10) талдау объектісі жұмыскерлерінің жалақысы, көтермеленуі туралы ақпараттың жабықтығы;

11) алынбаған тәртіптік жазалары бар кезде жұмыскерлерді көтермелеу;

12) мерзімінен бұрын алынған тәртіптік жазалардың үлес салмағының жоғары болуы;

13) жұмыс нәтижелеріне қарамастан талдау объектісі лауазымды адамдарының қалауы бойынша жұмыскерлерді көтермелеу;

14) тәртіптік жазаларды шамадан тыс қысқа мерзімде алып тастау;

15) заңнаманы бұзған немесе бұзуға жол берген, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзған немесе шектеген адамдарға тәртіптік сипаттағы шаралардың қолданылмауы және басқалары;

16) штат құрылымы мен санының нақты іске асырылатын функциялар мен жүктемеге сәйкес келмеуі, негізсіз құрылған немесе қайталанатын лауазымдардың болуы;

17) жекелеген жұмыскерлердің лауазымдық міндеттерін нақты орындағанын растаудың болмауы, жалған жұмысқа орналасу белгілері;

18) бұрын басшымен бірлесіп жұмыс істеген адамдарды конкурстық немесе өзге де объективті негіздерсіз жаппай тағайындау;

19) аттестаттау нәтижелерінің бірыңғай критерийлері мен құжаттандырылуының болмауы, аттестаттауды лауазымнан негізсіз босату не жұмыскерге қысым көрсету үшін пайдалану;

20) бос лауазым бойынша міндеттерді негізсіз ұзақ атқару, лауазымдарды қоса атқару, бір лауазымда ұзақ болу;

21) лауазымды адамдарды ротациялау жөніндегі талаптардың сақталмауы, ротацияны негізсіз ауыстыру немесе лауазымда болу мерзімін ұзарту;

22) конкурстардың, әңгімелесулердің, бағалаулардың нәтижелерін және тағайындаудан бас тарту туралы шешімдерді құжаттандырудың болмауы;

23) жұмыскерлерді тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілерін есепке алу мен талдаудың болмауы, олардың қайталануына жол бермеу жөнінде шаралар қабылданбауы;

24) жұмыскерлердің қызметін бағалаудың, үстемеақылар, қосымша ақылар және өзге де төлемдер белгілеудің, сондай-ақ оқуға және біліктілікті арттыруға жіберудің бірыңғай және айқын критерийлерінің болмауы;

25) жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірге қызмет атқаруына (жұмыс істеуіне) жол бермеу жөніндегі шектеулердің, оның ішінде неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезден бастап бір жыл ішінде сақталмауы.

Мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бағыты бойынша талдау Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 12 маусымдағы № 311-VIII Заңымен енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, Заңның 15, 15-1, 15-2, 15-3, 15-4 және 15-5-баптарының ережелерін ескере отырып жүргізіледі (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі рәсімдерді реттейтін құжаттың (саясаттың) болмауы;

2) әдеп жөніндегі уәкілдің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің, ал олар болмаған кезде – персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе нормативтік құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру, мүдделер қақтығысының болуы немесе болмауы туралы қорытынды шығару және оны болғызбау мен реттеу жөніндегі шаралардың сақталуын қамтамасыз ету жүктелетін өзге тұлғаның айқындалмауы;

3) мүдделер қақтығысын анықтау, оны болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылданбауы;

4) бір жағынан әкімшілік регламенттер, лауазымдық нұсқаулықтар мен екінші жағынан жоспарлы көрсеткіштер арасында қайшылықтардың болуы;

5) реттеуші және бақылау функциялары арасында қайшылықтардың болуы;

6) талдау объектісінің жұмыскерлерінде лауазымдық өкілеттіктерін орындау кезінде мүдделер қақтығысы фактілерінің болуы;

7) алқалы органдардың қызметін реттейтін құжаттарда мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі талаптардың болмауы;

8) ішкі құжаттарда және жұмыс практикасында ықтимал, нақты және орын алған мүдделер қақтығысының ажыратылмауы;

9) жеке мүдделерді декларациялау тәртібінің болмауы, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмыскерлері қатарынан жеке мүдделер туралы декларацияларды жинауға жауаптылардың тағайындалмауы, мұндай декларациялардың жеке істерге тіркелмеуі;

10) жеке мүдделер туралы декларацияларға талдау жүргізілмеуі және оларда қамтылған мәліметтердің цифрлық кадр жүйесіне (ол болған кезде) енгізілмеуі;

11) жеке істерге жұбайының (зайыбының) және жақын туыстарының жеке сәйкестендіру нөмірлерінің, сондай-ақ жұмыскер бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымдардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің енгізілмеуі;

12) мүдделер қақтығысын анықтау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, тексерулер, ревизиялар мен аудит нәтижелерінің пайдаланылмауы;

13) қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) мәлімдеу, оны құжаттандыру және есепке алу тәртібінің болмауы;

14) мүдделер қақтығысының болуы немесе болмауы туралы қорытындылардың шығарылмауы не олардың белгіленген мерзімді бұза отырып шығарылуы;

15) шешім қабылдауға құқығы бар тұлғаның белгіленген мерзімде мүдделер қақтығысын реттеу жөнінде шаралар қабылдамауы;

16) мүдделі тұлғаны дайындауға, талқылауға, келісуге және орындалуын кейіннен бақылауға қатысуы сақтала отырып, тек шешім қабылдаудан ғана шеттету;

17) мүдделер қақтығысы туындаған тұлғаның тиісті мәселе бойынша лауазымдық өкілеттіктерін орындауды тоқтата тұрмауы;

18) бірінші басшының өзінде мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша өкілеттіктерді бермеуі;

19) нақты мүдделер қақтығысын реттеу мүмкін болмаған кезде шаралар қабылданбауы – тұлғаның мүдделер қақтығысын болғызбайтын тең лауазымға тағайындалмауы;

20) мүдделер қақтығысы жағдайында шарттар немесе мәмілелер жасасу, актілер немесе өзге де шешімдер қабылдау фактілері туралы растайтын материалдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органға жіберілмеуі;

21) сатып алу, кадрлық шешімдер, қаржыландыруды бөлу және шарттар жасасу кезінде аффилиирленгендікті, туыстық және өзге де байланыстарды тексерудің болмауы;

22) материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер қабылдау, үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіру, ресми таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану, сондай-ақ атқаратын (бұрын атқарған) лауазымының артықшылықтарын пайдалану жөніндегі шектеулердің сақталуын бақылаудың болмауы;

23) персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға келісімді жазбаша тіркеуінің болмауы, олардың сақталуын есепке алу мен бақылаудың болмауы;

24) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның және кірістер мен мүлік туралы декларацияның уақтылы ұсынылмауы, белгіленген тыйымдарға қарамастан кәсіпкерлік немесе өзге де ақы төленетін қызметпен айналысу фактілеріне ден қойылмауы;

25) анықталған мүдделер қақтығыстарын, шығарылған қорытындыларды және олар бойынша қабылданған шешімдерді құжаттандырудың болмауы;

26) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдамағаны немесе уақтылы қабылдамағаны үшін жауапкершілікке тартылмауы.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) мемлекеттік қызметтер көрсетудің нақты процестерінің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, оның ішінде қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу, құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды сұрату, қызметтер көрсету рәсімдерінің тәртібін бұзу фактілерінің жүйелі түрде болуы;

2) мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделген талаптардың жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілердің нормаларына қайшы келуі;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдаланылатын цифрлық жүйелердің белгіленген тәртіптің бұзылуына әкеп соғатын тиісінше жұмыс істемеуі;

4) цифрлық жүйелерді пайдалану кезінде мемлекеттік қызмет көрсету процестерін «қолмен» түзету мүмкіндігі;

5) құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін беруді тікелей қызмет көрсетуші арқылы жүзеге асыру;

6) жаңа құқықтық акті бекітілмей мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының күшін жойылды деп тану;

7) мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін құқықтық актінің шамадан тыс ұзақ қабылдануы;

8) «жасырын» мемлекеттік қызметтер көрсету, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсат беру құжаттарын немесе келісулерді беру;

9) автоматтандырылған бөлу техникалық мүмкіндігі бар кезде өтініштердің орындаушылар арасында автоматтандырылмаған түрде бөлінуі;

10) бас тарту туралы шешімдердің негізсіздігі, оларды тексеру және тиімді шағымдану мүмкіндігінің болмауы;

11) талаптарды іріктеп қолдану, қарауды негізсіз жеделдету не созу, ұқсас жағдайлар үшін әртүрлі шарттардың болуы;

12) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нақты тізбесінің талдау объектісінің белгіленген құзыретіне сәйкес келмеуі;

13) шешім қабылдау, бас тарту, өтінішті қарауды тоқтата тұру және тоқтату негіздерінің реттелмеуі немесе толық реттелмеуі.

Рұқсат беру функцияларын іске асыру Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілмеген рұқсат беру құжаттарын беруді, сараптамалар жүргізуді, құқық берүді, тіркеуді, келісуді қамтиды.

Рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) рұқсат беру функцияларын іске асыру тәртібінің реттелмеуі немесе ішінара реттелуі (қажетті құжаттар, көрсету нысаны, мерзімдері, нәтижесі, бас тарту негіздері және басқалары);

2) рұқсат беру функцияларын іске асырудың нақты рәсімдерінің құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) рұқсат беру функцияларын іске асыру кезінде пайдаланылатын цифрлық жүйелердің белгіленген тәртіптің бұзылуына әкеп соғатын тиісінше жұмыс істемеуі;

4) цифрлық жүйелерді пайдалану кезінде рұқсат беру функциялары процестерін «қолмен» түзету мүмкіндігі;

5) жеке және заңды тұлғалармен жеке байланыстың болуы;

6) рұқсат беру материалдарының орындаушылар мен сарапшылар арасында автоматтандырылмаған түрде бөлінуі;

7) бас тарту туралы шешімдердің негізсіздігі және оларға шағымданудың тиімді тәртібінің болмауы;

8) өтініш беруші құжаттарды дайындау кезінде бейресми консультациялар мен делдалдықтың болуы;

9) талаптарды іріктеп қолдану және ұқсас жағдайлар үшін әртүрлі шарттардың болуы.

Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) бақылау іс-шараларын жүргізу мерзімдерін бұзу фактілерінің жүйелі түрде болуы;

2) тізбесі құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды сұрату фактілерінің жүйелі түрде болуы;

3) бақылау іс-шараларын жүргізу рәсімдерін бұзу фактілерінің жүйелі түрде болуы;

4) бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде пайдаланылатын цифрлық жүйелердің белгіленген тәртіптің бұзылуына әкеп соғатын тиісінше жұмыс істемеуі;

5) цифрлық жүйелерді пайдалану кезінде бақылау іс-шаралары процестерін «қолмен» түзету мүмкіндігі;

6) тексеру іс-шараларын жүргізу мерзімдерінің, қамтылатын кезеңнің, бақылау іс-шараларын жүргізуге уәкілетті адамдардың өкілеттіктерінің, бақылау объектілерін іріктеу критерийлерінің, тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша шешім қабылдаудың, бақылау іс-шараларын тоқтата тұру немесе ұзарту рәсімдерінің реттелмеуі не ішінара реттелуі;

 

7) бақылау объектілерін іріктеу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесінің болмауы;

8) фото- және бейнетіркеу жөніндегі талаптардың болмауы;

9) тексеру парағы талаптарының негізсіздігі;

10) бақылау іс-шараларының жоғары тұрған органның тапсырмалары негізінде жүргізілуі;

11) бланкілер мен нұсқамалардың белгіленбеген орындарда сақталуы;

12) бланкілер мен нұсқамалардың есебін жүргізуге жауапты адамдардың болмауы;

13) бланкілерді есепке алу жөнінде ведомстволық актілермен тиісті регламенттеудің болмауы;

14) бақылау іс-шараларын өңірлер, бұзушылық түрлері, қолданылатын санкциялар бөлінісінде талдау жөніндегі жұмыстың болмауы немесе жеткіліксіздігі;

15) практикадағы проблемаларды анықтау және оларды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу жөніндегі шаралардың болмауы;

16) құқықтық статистика органдарымен салыстырып тексерулердің жүргізілмеуі;

17) мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің орталық аппараты тарапынан әдістемелік ұсынымдарды, нұсқаулықтарды, нұсқауларды жіберу, өзге де түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу арқылы әдіснамалық сүйемелдеудің болмауы;

18) аумақтық департаменттердің, еншілес және тәуелді ұйымдардың бақылау іс-шараларын жүргізуінің біркелкі практикасының болмауы;

19) бақылау іс-шараларын жүргізген адамдардың бақылау объектілерінің өкілдерімен аффилиирленгендік фактілерінің болуы;

20) бақылау объектілері мен тексерушілердің автоматтандырылмаған түрде бөлінуі;

21) бақылау объектісін таңдау негіздерін, тексеру көлемін, анықталған фактілерді, дәлелдемелерді және тексерілетін тұлғаның қарсылықтарын құжаттандырудың болмауы;

22) себептер мен жағдайлардың жойылуы нақты тексерілмей, бұрын енгізілген ұсынымдардың формалды түрде жабылуы;

23) бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша қабылданған шешімдердің жоғары тұрған органмен немесе сотпен күшін жою себептерін талдаудың болмауы.

Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) бюджетті немесе қаржы қаражатын игеруді бекітетін алқалы органның болмауы;

2) алқалы органның қызметін регламенттейтін құжаттың, оның ішінде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі, алқалы орган мүшелерінің дербес жауапкершілігі жөніндегі ережелердің болмауы;

3) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу рәсімдеріне есептілік түрлерінің, мониторинг, ішкі және сыртқы бақылау тетіктерінің болмауы немесе әлсіз пысықталуы;

4) бюджет және қаржы қаражатын игеру бойынша есептілік түрлерінің болмауы немесе әлсіз пысықталуы;

5) тәуекелдерді басқару жүйесінің болмауы;

6) талдау объектісі бюджет және қаржы қаражатының елеулі сомаларымен операциялар жасаған кезде ішкі аудит, ішкі бақылау жөніндегі функцияларды орындайтын бөлімшелердің болмауы;

7) талдау объектісі бюджет және қаржы қаражатының елеулі сомаларымен операциялар жасаған кезде алдыңғы 2 жылда аудит, тексеру іс-шараларының және өзге де қаржылық бақылау шараларының болмауы;

8) бюджет және қаржы қаражатының жұмсалуының ашық болмауы, оның ішінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 9) тармақшасының сақталмауы;

9) сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің санының және көлемінің олардың нақты қажеттігіне (заттай нормаларға) сәйкес келмеуі;

10) тауар бірлігі бағасының негізсіздігі;

11) жоспарланған құнның тауарлардың нарықтық құнына сәйкес келмеуі;

12) сатып алу жоспарының мемлекеттік сатып алу порталында уақтылы орналастырылмауы;

13) техникалық ерекшеліктерде сатып алуды нақты бір өнім берушіге жатқызатын сипаттамалардың болуы, «бейімделген» талаптар деп аталатындар;

14) мемлекеттік аудит органдары тарапынан камералдық бақылау нәтижелері бойынша сатып алулардың қайта қаралуы немесе күшін жою фактілерінің болуы;

15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының тексерулері кезінде бұзушылықтардың анықталу фактілерінің болуы;

16) өнім берушінің тауар беру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету шартынан туындайтын міндеттемелерді уақтылы емес және тиісінше сапасыз орындауы;

17) жеткізу шартының талаптарын тиісінше орындамаған өнім берушілерге қатысты ден қою шараларының уақтылы емес және толық қабылданбауы;

18) уақытша бос ақшалай қаражатты банктердің ағымдағы шоттарында орналастыру тәртібін, тиісті мониторинг, бақылау шараларын және уәкілетті адамдардың дербес жауапкершілігін регламенттейтін бекітілген құжаттың болмауы;

19) бюджет шығыстарының талдау объектісінің функцияларымен, стратегиялық мақсаттарымен және өлшенетін нәтижелерімен байланысының болмауы;

20) есептеулердің, бастапқы деректердің және шығыстардың қажеттігін, көлемін және құнын негіздеудің болмауы;

21) бюджеттің жүйелі түрде түзетілуі, үнемделген қаражатты қайта бөлу және шығыстардың есептік кезеңнің соңында шоғырлануы;

22) жүргізілген төлемдердің нақты жеткізілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге сәйкес келмеуі;

23) қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылаудың және нысаналы мақсатынан ауытқыған кезде ден қою шараларының болмауы;

24) трансферттерді, субсидияларды, гранттарды және өзге де қаражатты бөлудің айқын критерийлерінің, сондай-ақ оларды алушылардың өлшенетін міндеттемелерінің болмауы;

25) есептілікте қол жеткізілген нәтиже, қалдықтар, қайтарымдар және орындалмаған міндеттемелер туралы мәліметтерсіз тек қаражаттың игерілуін ғана көрсету.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) сатып алудың жылдық жоспарының бекітілмеуі және оның бюджеттік өтінімге және нақты қажеттікке сәйкес келмеуі;

2) сатып алудың нысанасына және сомасына сәйкес келмейтін мемлекеттік сатып алу тәсілінің негізсіз таңдалуы;

3) әлеуетті өнім берушілердің ауқымын шектейтін біліктілік талаптарын таңдау негіздемесінің болмауы;

4) конкурстық комиссиялардың құрамына және сарапшылар қатарына әлеуетті өнім берушілермен аффилиирленгендігі тексерілмей адамдардың тартылуы;

5) өнім берушінің жергілікті қамту және қосалқы мердігерлерді тарту жөніндегі міндеттемелерді сақтауын бақылаудың болмауы;

6) мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағымдану нәтижелеріне және олардың нәтижелерінің күшін жою себептеріне талдау жүргізілмеуі.

Бюджеттік жоспарлау бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) бюджеттік өтінімнің есептеулерсіз, заттай нормаларсыз және қажеттікті негіздеусіз қалыптастырылуы;

2) бюджеттік өтінімге талдау объектісінің функцияларымен және стратегиялық мақсаттарымен байланысты емес шығыстардың енгізілуі;

3) шығыстардың жоспарланатын көлемдерінің алдыңғы кезеңдердегі нақты орындалуына қатысты асыра немесе кем көрсетілуі;

4) мәлімделген нәтижелерге қол жеткізу үшін жоспарланатын қаражаттың жеткіліктілігіне бағалау жүргізілмеуі;

5) бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізу және олардың арасында қаражатты қайта бөлу тәртібінің реттелмеуі;

6) бюджеттік инвестициялардың негіздемесінің және оларды бағалаудың болмауы.

Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) шарттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпелердің болмауы;

2) ұқсас немесе неғұрлым тиімді шарттары бар өзге ұйымдардан ұсыныстар бола тұра, бір ұйымдармен шарттардың бірнеше рет жасалуы;

3) аффилиирленген компаниялардың болуы, контрагенттің әртүрлі бейіндегі және өзіне тән емес жұмыстарды орындауы;

4) контрагентке айыппұл санкцияларының болмауы не олардың азайтылуы;

5) шарттық міндеттемелер бұзылған жағдайда санкциялардың қолданылмауы;

6) шартты орындау кезеңінде талаптардың елеулі түрде түзетілуі;

7) шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін контрагентке талап қоюдың уақтылы берілмеуі;

8) контрагенттер шарттық міндеттемелерді бұзған кезде талаптардан немесе сот талқылауларынан негізсіз бас тарту;

9) талап-арыз жұмысын жүргізу тәртібін реттейтін актілердің болмауы;

10) мүдделер қақтығысы мен аффилиирленгендікті болғызбау мақсатында контрагенттерді зерделеу жөніндегі жұмыс тетіктерінің болмауы;

11) бәсекелестік емес тәсілді қолдану не белгіленген шекті мәндерден жалтару мақсатында сатып алуларды бөлшектеу;

12) тиісті негіздемесіз, оның ішінде өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден сатып алу тәсілін жүйелі түрде қолдану;

13) негіздер болмаған кезде ақпаратқа қол жеткізуді шектей отырып, оның ішінде «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгімен немесе құпиялылық грифімен сатып алуларды жүргізу;

14) талдау объектісінің лауазымды адамдарының техникалық ерекшеліктерді дайындауға және бір мезгілде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалауға қатысуы;

15) нақты көлемін, сапасын, жиынтықтылығын және орындау мерзімдерін тексермей актілерге қол қою және төлем жүргізу;

16) аванстау лимиттері мен шарттарының сақталмауы, аударылған аванстық қаражаттың нысаналы пайдаланылуын және уақтылы өтелуін растаудың болмауы;

17) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда эскроу-шоттардың ашылмауы, онда тұрған қаражаттың қозғалысы мен ашылуын бақылаудың болмауы;

18) бағаның және көлемнің негізсіз өзгертілуі, мерзімдердің ұзартылуы, қосымша келісімдер жасалуы, тұрақсыздық айыбын есептеуден немесе өндіріп алудан бас тарту;

19) сатып алынатын тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге кепілдік мерзімінің белгіленбеуі және кепілдік міндеттемелерінің орындалуын бақылаудың болмауы;

20) жосықсыз өнім берушілерді тиісті тізілімге енгізу үшін талап арыздар мен материалдардың уақтылы жіберілмеуі;

21) өтінімдердің формалды негіздер бойынша негізсіз қабылданбауы, бағалау критерийлерін және балдарды есептеуді дұрыс қолданбау, өнім берушіні жіберу, қабылдамау және таңдау негіздерін құжаттандырудың және растайтын материалдарды сақтаудың болмауы.

Цифрлық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) жобаның қосарланып қаржыландырылуы;

2) ақпараттық-технологиялық саланың дамуына әсер етпейтін жобаларды қаржыландыру;

3) қаржыландыруға қажетті іс-шаралардың нақты тізбесінің болмауы;

4) қызметтер құнының негізділігін, нарықта осындай әзірлемелердің бар-жоғын тексеру тетігінің болмауы, бұл өнімнің түпкілікті құнының жасанды түрде асырылуына ықпал етеді;

5) зияткерлік меншік объектісі ретінде тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу арқылы сатып алу;

6) конкурсқа әлеуетті өнім берушілер ретінде аффилиирленген ұйымдар қатысатын жасанды бәсекелестік;

7) цифрлық жүйелердің қайталануы;

8) цифрлық жүйелердің ашық болмауы;

9) сұранысқа ие емес цифрлық жүйелерді әзірлеу және пайдалануға енгізілмеген жүйелерді қолдану;

10) цифрлық жүйелер аудитінің болмауы;

11) өтінішті (арызды, істі, материалды) қабылдау мен тіркеуден бастап шешім қабылдауға және оның орындалуын бақылауға дейінгі негізгі процестердің автоматтандырылмауы;

12) операциялардың бірыңғай тіркелуінің және іс-әрекеттің күні, уақыты мен авторы тіркеле отырып, толық цифрлық ізінің болмауы;

13) автоматтандырылған бөлудің техникалық мүмкіндігі бар кезде өтінімдерді, істерді, тексерулерді, сараптамаларды және тапсырмаларды қолмен бөлу;

14) қол жеткізу құқықтарының ажыратылмауы, белгіленген негіздерсіз және тіркеусіз деректерді өзгерту немесе жою мүмкіндігі;

15) мерзімдерді, хабарламаларды автоматты бақылаудың, мемлекеттік деректер базаларымен интеграцияның және ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тексерудің болмауы;

16) қолмен түзетулерді, алгоритмдерді айналып өтуді және техникалық ақаулар кезіндегі іс-әрекеттерді, сондай-ақ мұндай жағдайларды кейіннен бақылауды регламенттеудің болмауы;

17) нақты жұмыстың цифрлық жүйенің функционалына сәйкес келмеуі, қатар қағаз есепті жүргізу және шешімдерді жүйеден тыс қабылдау.

Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелерге мынадай бағыттар жатқызылуы мүмкін:

Бизнес-процестерді ұйымдастыру және өкілеттіктерді бөлу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) негізгі бизнес-процестер бойынша операциялардың бекітілген бірізділігінің, мерзімдерінің, жауапты бөлімшелерінің және бақылау нүктелерінің болмауы;

2) бастамашылық ету, қарау, келісу, шешім қабылдау, орындау және кейіннен бақылау функцияларының ажыратылмауы;

3) процестің толық циклінің бір лауазымды адамда немесе құрылымдық бөлімшеде шоғырлануы;

4) алқалы шешімдерді, стандартты тәртіптен ауытқу негіздерін, қайтарулар мен қайта қарауларды құжаттандырудың болмауы;

5) қайталанатын, сұранысқа ие емес, тән емес және артық функциялар мен рәсімдердің сақталуы.

Ақылы қызметтер көрсету (олар болған кезде) бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) заңды негіздер, бекітілген тізбе, тарифтер және олардың құнын есептеу әдістемесі болмаған кезде ақылы қызметтер көрсету;

2) тегін міндетті функцияларды ақылы қызметтермен ауыстыру, қосымша жұмыстар мен қызметтерді таңу;

3) төлемдерді қабылдау, кірістерді есепке алу, жеңілдіктер беру, қайтару және алынған қаражатты бөлу тәртібінің реттелмеуі;

4) ақылы қызметтердің тізбесі мен құны туралы ақпараттың ашық қолжетімділікте болмауы.

Өтініштерді қарау және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) өтініштердің бірыңғай тіркелуінің болмауы, орындаушының іріктеп тағайындалуы;

2) мерзімдердің сақталмауы, қараудың толық және бейтарап болмауы, жауаптардың негізсіздігі және тексерілмейтіндігі;

3) қайталама шағымдарға, шешімдердің күшін жою себептеріне және өтініштер бойынша анықталған жүйелі проблемаларға талдаудың болмауы;

4) өтініш берушілермен, мердігерлермен, банктермен, бағалаушылармен, аудиторлармен және өзге де мүдделі тараптармен кездесулер мен өзара іс-қимылды регламенттеу мен құжаттандырудың болмауы.

Жобаларды және мемлекеттік қолдау алушыларды іріктеу, қаржыландыру және сүйемелдеу (олар болған кезде) бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) өтінімдер бойынша жіберудің, бағалаудың, саралаудың және шешім қабылдаудың бірыңғай критерийлерінің болмауы;

2) тең емес қол жеткізу, шарттардың жария болмауы, өтінімдердің бірыңғай тіркелуінің және оларды қараудың кезеңдерін бақылап отырудың болмауы;

3) сарапшылардың қолмен тағайындалуы, сарапшының өтініш берушімен тікелей байланысы, бағалауларды және олардың арасындағы алшақтықтарды құжаттандырудың болмауы;

4) жобаның бағдарлама мақсаттарына сәйкестігін, күтілетін тиімділікті және алушының қаржыландырудың нысаналы бағытымен байланысын тексерудің болмауы;

5) алушының өлшенетін міндеттемелерінің, қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылаудың және міндеттемелер орындалмаған жағдайдағы салдардың болмауы;

6) алушы қабылдаған міндеттемелерді орындамаған кезде шаралар қабылданбауы;

7) өтініш берушілер мен алушылардың талдау объектісінің лауазымды адамдарымен, комиссия мүшелерімен және тартылған сарапшылармен аффилиирленгендігін, сондай-ақ өтініш берушілердің өзара байланысын тексерудің болмауы;

8) алқалы орган мүшесінің жеке мүдделері не мәселені қараудың объективтілігіне, тәуелсіздігіне немесе бейтараптығына әсер ететін өзге де мән-жайлар болған кезде өздігінен бас тартуды мәлімдемеуі;

9) қаржы-экономикалық негіздемелер сараптамасының формалды сипаты, бұл заңсыз бюджеттік инвестициялау тәуекеліне әкеп соғады.

Мүлік пен активтерді басқару (олар болған кезде) бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) мүлік пен активтердің толық есепке алынуының, сәйкестендірілуінің және қозғалысын, сақталуын және нақты бар-жоғын бақылаудың болмауы;

2) мүлікті сатып алуға, беруге, жалға беруге, өткізуге немесе есептен шығаруға дейін тәуелсіз және өзекті бағалаудың болмауы;

3) мүлікті бәсекелестік және айқын рәсімдерден тыс өткізу, беру және жалға беру, оның құнының негізсіз төмендетілуі;

4) мәміле тараптарының аффилиирленгендігін, ауыртпалықтарды, берешектерді және мәмілеге әсер ететін өзге де мән-жайларды тексерудің болмауы.

Қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) талдау объектісінің қоғамдық мүддені білдіретін қызметі туралы ақпаратты: сатып алу жоспарларын, бюджет және қаржы қаражатының игерілуі туралы мәліметтерді, бақылау іс-шараларын жүргізу жоспарларын, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі функцияларды реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды толық емес және уақтылы емес жариялау;

2) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарының сақталмауы;

3) қоғамдық мүддені білдіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау рәсімдеріне жұртшылық өкілдерінің тартылмауы: бюджет қаражатын, жылжымайтын мүлікті, жер учаскелерін бөлу, объектілерді пайдалануға қабылдау және басқалары;

4) шешімдер қабылдау критерийлерінің, қаржы ресурстарын бөлу, қаражат алушылар, жасалған шарттар және мүлік туралы мәліметтердің ашылмауы;

5) мәліметтерді салыстыруға және тексеруге мүмкіндік бермейтін нысанда орналастыру, машинада оқылатын форматтардың болмауы, көздердің шашыраңқылығы және салыстыруға келмеуі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторларына мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) құзыретіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі функциялар кіретін тұлғаның немесе бөлімшенің болмауы;

2) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының болмауы;

3) талдау объектісінің жұмыскерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту іс-шараларының өткізілмеуі немесе жеткіліксіз өткізілуі;

4) жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қолданыстағы талаптары, талдау объектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты туралы білімін тексеру жөніндегі іс-шаралардың өткізілмеуі;

5) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар және лауазымды адамдар болып табылатын талдау объектісінің жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы, толық емес немесе уақтылы емес қабылдауы;

6) талдау объектісінің жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау фактілерінің болуы;

7) талдау объектісінің жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылу фактілерінің болуы;

8) жұмыскерлердің өздеріне белгілі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпаратты хабарлау тәсілдері мен арналарының (оның ішінде анонимді) болмауы;

9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды заңсыз жазалаудан, жұмыстан шығарудан немесе өзге де қысым көрсету шараларынан қорғаудың құқықтық тетіктерінің болмауы;

10) талдау объектісінің жұмыскерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңсыз әрекеттер туралы жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы шағымдарының көп болуы;

11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың әзірленбеуі, олардың жұртшылықтың қатысуынсыз әзірленуі не талдау объектісі қызметінің ерекшелігіне сәйкес келмеуі;

12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың нәтижелілігін бағалаудың болмауы;

13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органынан және лауазымды адамдарынан тәуелсіздігінің болмауы, оның директорлар кеңесіне, байқау кеңесіне немесе өзге де тәуелсіз басқару органына есеп бермеуі, сондай-ақ ішкі аудит және тәуекелдерді басқару функцияларының тәуелсіздігінің болмауы не олардың қажетті ақпаратқа қол жеткізуінің шектелуі;

14) анықталған бұзушылықтардың, өтініштердің, аудиттердің және бұрын жүргізілген талдаулардың нәтижелері бойынша процестерді өзгерту жөнінде шаралар қабылданбауы, бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің қайталануы;

15) ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілмеуі не оның формалды сипаты.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі жоғарыда аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі және олардың индикаторлары түпкілікті болып табылмайды.

  1. Талдау объектісі іске асырмайтын ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет бағыттары бағаланбайды. Жекелеген бағыттың қолданылмауының негіздемесі талдамалық анықтамада көрсетіледі.

3.2 Талдамалық анықтаманы дайындау және оған қол қою

  1. Уәкілетті тұлға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі жұмыс мерзімі аяқталғаннан кейін анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды (бұдан әрі – ұсынымдар) қамтитын талдамалық анықтаманы осы Әдістемелік ұсынымдарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды.

Үлгілік қағидалардың 17-тармағының 3) тармақшасына сәйкес талдамалық анықтама сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін де қамтиды.

  1. Талдамалық анықтаманың мәтіні нақты, ықшам әрі сонымен бірге түсінікті, ал баяндалған материал дұрыс және өзекті болуы тиіс.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ескертулер мен тұжырымдар тәуекелдің атауын және саралаушы белгісінің (белгілерінің) қысқаша сипаттамасын көрсете отырып, нақты әрі затты сипатта болуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің бар екені туралы әрбір тұжырым құқықтық актінің немесе ішкі құжаттың нақты нормасына, құжатқа, цифрлық жүйенің деректеріне не өзге де ақпарат көзіне сілтеме жасау арқылы расталады.

  1. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар заңды, тиімді, орындалатын және талдау объектісінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелін жоюға бағытталған болуы тиіс.

Ұсынымдарда қалаған нәтижеге қол жеткізу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың ең үздік және неғұрлым ұтымды тәсілдері (құралдары) көрсетілуі тиіс.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі неғұрлым тән шаралар мыналар болуы мүмкін:

1) сыбайлас жемқорлық факторларын жоюға бағытталған құқықтық актілерді немесе ішкі құжаттарды әзірлеу және қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

2) лауазымды адамдардың өкілеттіктерін нақтылау;

3) бастамашылық ету, келісу, шешім қабылдау, орындау және кейіннен бақылау функцияларын ажырату;

4) қабылданатын шешімдердің негіздерін міндетті түрде құжаттандыруды және растайтын материалдарды сақтауды енгізу;

5) талдау объектісінің қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;

6) әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру және автоматтандыру;

7) өтініштерді, істерді, сараптамаларды және бақылау объектілерін орындаушылар арасында бөлуді автоматтандыру;

8) рұқсат беру функцияларын іске асыру кезінде талдау объектісі лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалармен жеке байланысын болғызбау;

9) өкілеттіктерді қайта бөлу, құрылымды өзгерту, құрылымдық бөлімшелерді біріктіру не тарату, штат санын оңтайландыру, артық басқару буындарын жою;

10) әкімшілік шығыстарды қысқарту;

11) цифрлық жүйені әзірлеу не қолданыстағысын дамыту, сондай-ақ оны басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың деректер базаларымен интеграциялау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі жоғарыда аталған шаралардың тізбесі толық емес.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және барынша азайту өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан шаралар қабылдауды көздейтін жағдайда, оларға тиісті хаттар жіберу, бірлескен іс-шаралар өткізу және басқалары ұсынылады.

Сондай-ақ аталған жағдайларда проблемалық мәселелерді жоғары тұрған деңгейде қарауды бастамашылық ету мақсатында орталық мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне хаттар жіберу ұсынылады.

  1. Талдамалық анықтамаға мыналарды қоса беру ұсынылады:

1) талдау кезінде пайдаланылған құжаттардың көшірмелері (сот шешімдері, хаттамалар, тексеру актілері және басқалары);

2) тәуекелдер картасы;

3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаудың толтырылған критерийлері (бақылау сұрақтары);

4) интернет-беттердің және цифрлық жүйелердің экрандық нысандарының скриншоттары;

5) слайдтар, инфографика және өзге де көрнекі материалдар.

  1. Талдамалық анықтама талдау объектісінің құрылымдық бөлімшелерімен келісілуі мүмкін.

Талдау объектісі құрылымдық бөлімшелерінің ескертулері мен ұсыныстары, сондай-ақ талдамалық анықтаманың тұжырымдарымен келіспеу негіздемелері жазбаша нысанда ұсынылуы және уәкілетті тұлғамен қаралуы мүмкін. Қарау нәтижелері талдамалық анықтамада көрсетілуі мүмкін.

  1. Уәкілетті тұлға талдамалық анықтаманы жұмыс тобының мүшелеріне қарауға жіберуі мүмкін.

Жұмыс тобының мүшелері талдамалық анықтаманы мынадай мақсатта қарауы мүмкін:

1) оны толықтыру жөнінде ұсыныстар енгізу;

2) анықтамада келтірілген тұжырымдар мен ұсынымдар бойынша нақтылаулар енгізу, қате деректер мен мәліметтерді тиісті негіздемелерді қоса бере отырып түзету.

Жұмыс тобының мүшелері талдамалық анықтаманы пысықтау жөнінде ұсыныстар мен негіздемелер енгізген жағдайда уәкілетті тұлға оларды негізділігі, практикаға бағдарлануы және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін жеткіліктілігі тұрғысынан қарауы мүмкін.

Қажет болған жағдайда талдамалық анықтаманы, оны пысықтау жөніндегі ұсыныстар мен негіздемелерді талқылау үшін уәкілетті тұлға жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен кеңес ұйымдастыруы мүмкін.

Уәкілетті тұлға жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстарын қарау қорытындылары бойынша қалыптастырылған талдамалық анықтаманы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелетін лауазымды адамға қол қоюға жіберуі мүмкін.

  1. Талдамалық анықтамаға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды.
  2. Талдамалық анықтама мен іс-шаралар жоспары ол бекітілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде құпиялылық режимін қамтамасыз етуді, қызметтік, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын ескере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылады.

3.3 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды олардың тізбесін қалыптастыра отырып айқындау

  1. Уәкілетті тұлғаға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлу керек.

Шешім қабылдау және ұйымдастыру-шаруашылық функцияларын жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың бүкіл санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдамай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарға жатқызу керек.

Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдығу деңгейі функционалдық ерекшеліктерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа бейім функциялардың тізімі негізінде айқындалады.

  1. Іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың туындауына алғышарттар болатын функцияларды бөліп көрсету жолымен мемлекеттік органның, ұйымның және квазимемлекеттік сектор субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа бейім функцияларының тізімі қалыптастырылады.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа бейім функцияларға бақылау және қадағалау, мемлекеттік мүлікті басқару, мемлекеттік қызметтер көрсету және рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ персоналды іріктеу және басқару жатқызылуы мүмкін:

1) бақылау және қадағалау жөніндегі функциялар деп бақылау мен қадағалау субъектілерінің заңнама талаптарын сақтауын тексеру, профилактикалау және байқау жөніндегі іс-әрекеттерді жүзеге асыру (инспекциялар, тексерулер, ревизиялар) түсініледі;

2) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функциялар деп мемлекеттік мүлікке (республикалық және коммуналдық мүлікке) қатысты меншік иесінің өкілеттіктерін, оның ішінде бюджет қаражатын басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру түсініледі;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету және рұқсат беру функциялары деп мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде, өтініш берушілердің сұрау салулары бойынша тегін немесе мемлекеттік органдар реттейтін бағалар бойынша көрсететін қызметтері түсініледі;

4) персоналды іріктеу және басқару жөніндегі функциялар деп мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының кадрларды іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызметте жоғарылату және жұмыстан босату жөніндегі, ұйым жұмыскерлеріне тәртіптік шаралар мен көтермелеу шараларын қолдану жөніндегі функцияларды жүзеге асыруы түсініледі.

Бұл тізбе толық емес, сыбайлас жемқорлыққа бейім функциялар мемлекеттік органның, ұйымның және квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметінің ерекшелігіне қарай айқындалуы мүмкін.

  1. Әрбір нақты лауазым бойынша қызметтік міндеттерді негізге ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа бейім функцияларды нақтылау қажет (сыбайлас жемқорлыққа бейім функциялардың шамамен тізбесі осы Әдістемелік ұсынымдарға 5-қосымшада көрсетілген).
  2. Сыбайлас жемқорлыққа бейім функциялардың тізімі негізінде қызмет ерекшелігінен туындайтын шешім қабылдау еркіндігінің жоғары дәрежесін, азаматтармен және өзге де ұйымдармен байланыстардың қарқындылығын ескере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар айқындалады.
  3. Нәтижелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін осы Әдістемелік ұсынымдарға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастыру ұсынылады.

Тізбеге енгізілген әрбір лауазым бойынша осы Әдістемелік ұсынымдардың 4-бөліміне сәйкес айқындалатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі көрсетіледі.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін әдеп жөніндегі уәкілдер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын өзге де құрылымдық бөлімшелері немесе тұлғалары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды атқаратын адамдармен жүйелі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру кезінде пайдаланады.

3.4 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде шаралар қабылдау

  1. Уәкілетті тұлғаға талдау объектісінің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) осы Әдістемелік ұсынымдарға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлеу қажет.
  2. Іс-шаралар нақты сипатта болуы және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін жеткілікті болуы тиіс.

Іс-шаралардың орындалу мерзімдері негізді болуы және 1 жылдан аспауы тиіс.

Заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге не жаңа акті әзірлеуге байланысты іс-шараларды іске асыру мерзімдері заң шығару қызметінің қағидаларын негізге ала отырып айқындалады.

Цифрлық жүйені әзірлеуге байланысты іс-шараларды іске асыру мерзімдері бюджеттік жоспарлау рәсімдерін негізге ала отырып айқындалады.

Тәуекелдер картасының қызыл және қызғылт сары аймақтарына жатқызылған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар іс-шаралар жоспарына бірінші кезектегі тәртіппен, ең қысқа орындалу мерзімдерімен енгізіледі.

  1. Іс-шаралар жоспарын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің басшысы талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою кезінде жобалық басқару тәсілдері қолданылуы мүмкін.

Жобалық басқару тәсілдерін қолдану іске асыру мерзімі 6 айдан асатын іс-шараларға, сондай-ақ цифрлық жүйелерді әзірлеуге немесе жаңғыртуға, заң жобаларын әзірлеуге, ұйымдық құрылымды өзгертуге байланысты іс-шараларға қатысты ұсынылады.

Аталған жағдайларда іс-шара бойынша иесі (жауапты лауазымды адам), нақты мерзімдері мен өлшенетін нәтижелері бар аралық бақылау нүктелері, сондай-ақ іске асыру барысы туралы есептілік тәртібі айқындалады.

  1. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау
  2. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау процесін талдау объектісіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейіне теріс әсер етуі мүмкін неғұрлым маңызды тәуекелдерді бөліп көрсету мақсатында жүргізу ұсынылады.

Тәуекелдер олардың басталу ықтималдығы немесе жиілігі және әсері тұрғысынан бағалануы мүмкін.

Тәуекел деңгейін есептеуді мынадай тәсілмен жүргізу ұсынылады:

Тәуекел деңгейі = ықтималдық × әсер

Тәуекелдер деңгейін есептеуді уәкілетті тұлға және жұмыс тобының мүшелері жүргізуі ұсынылады.

Тәуекелдерді есептеуге талдау объектісінің құрылымдық бөлімшелері де тартылуы мүмкін.

Тәуекелдердің ықтималдығы мен әсерін бағалау критерийлері осы әдістемелік ұсынымдарға 8-қосымшада келтірілген.

  1. Тәуекелдерді бағалау қорытындылары бойынша берілген балдар талдау объектісінің тәуекелдер картасын құру үшін негіз бола алады.

Тәуекелдер картасы талдау объектісінің анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдығуының графикалық бейнесі болып табылады.

Тәуекелдер картасы әртүрлі түспен бөлінген бірнеше бөлікке бөлінеді:

қызыл аймақ (16-дан 25 балға дейін) – басталу ықтималдығының жоғары болуына байланысты не талдау объектісіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейіне әсер етуі мүмкін салдарлардың елеулі әлеуетіне байланысты, не осы екі фактордың себебінен талдау объектісі үшін сын-қатерлі және (немесе) апатты болуы мүмкін тәуекелдер;

қызғылт сары аймақ (10-нан 15 балға дейін) – басталу ықтималдығы жоғары немесе талдау объектісіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейіне ықтимал әсері ірі болуы мүмкін тәуекелдер;

сары аймақ (5-тен 9 балға дейін) – басталу ықтималдығы орташа немесе талдау объектісіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейіне ықтимал әсері орташа болуы мүмкін тәуекелдер;

жасыл аймақ (1-ден 4 балға дейін) – басталу ықтималдығы төмен және (немесе) талдау объектісіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейіне елеулі әсер етпейтін тәуекелдер.

Талдау объектісінің тәуекелдер картасы осы әдістемелік ұсынымдарға 9-қосымшада келтірілген.

Талдау объектісінің тәуекелдер картасы әрбір тәуекелдің салыстырмалы маңыздылығын (басқа тәуекелдермен салыстырғанда) бағалауға, сондай-ақ негізгі болып табылатын және басым тәртіппен шаралар қабылдауды талап ететін тәуекелдерді бөліп көрсетуге және қажет болған жағдайда адами және қаржы ресурстарын бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  1. Осы бөлімге сәйкес айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелінің деңгейі талдамалық анықтамада әрбір анықталған тәуекел бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесінде көрсетілуі мүмкін.
  2. Ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу
  3. Ұсынымдардың орындалуына мониторингті уәкілетті тұлғаның талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 1 жыл ішінде жүргізуі ұсынылады.
  4. Талдау объектісінің құрылымдық бөлімшелеріне талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей уәкілетті тұлғаға ұсынымдардың орындалуы туралы ақпаратты және растайтын құжаттарды осы Әдістемелік ұсынымдарға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберу ұсынылады.
  5. Уәкілетті тұлғаға ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат пен растайтын құжаттар түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды қарау және ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу нәтижелерін осы Әдістемелік ұсынымдарға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастыру ұсынылады.

Талдау объектісінің ақпаратын қарау қорытындылары бойынша ұсынымның орындалу мәртебесі айқындалады.

Іс-шаралар жоспарында көрсетілген аяқтау нысанына сәйкес іс-шараны орындау арқылы анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі жойылған жағдайда ұсыным толық көлемде орындалды деп танылады.

Іс-шаралар жоспарында көрсетілген аяқтау нысанына сәйкес іс-шараның толық көлемде орындалмауы салдарынан анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі жойылмаған немесе шамалы дәрежеде барынша азайтылған жағдайда ұсыным ішінара орындалды деп танылады.

Іс-шаралар жоспары тармағының орындалуы бойынша шаралар қабылданбауы салдарынан анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі жойылмаған немесе барынша азайтылмаған жағдайда ұсыным орындалмады деп танылады.

Объективті себептер бойынша (заңнамадағы өзгерістер, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру немесе тарату, функцияларды беру және басқалары) іс-шараны орындау мүмкін болмаған немесе орынсыз болған жағдайда ұсыным өзектілігін жоғалтты деп танылады.

Ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу нәтижелері мемлекеттік органның, ұйымның және квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына енгізіледі, сондай-ақ талдау объектісінің құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.

  1. Талдау объектісі ұсынымдарды орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда уәкілетті тұлға ден қою шараларын қабылдау үшін тиісті ақпаратты талдау объектісінің қызметіне жетекшілік ететін мемлекеттік органның, ұйымның және квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына енгізуі мүмкін.

Талдау объектісі объективті себептер бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген күннен бастап бір жыл өткен соң ұсынымдарды орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда уәкілетті тұлға ұсынымдардың орындалуына мониторингті олар түпкілікті орындалғанға дейін жүзеге асырады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат 6 айда кемінде бір рет құпиялылық режимін қамтамасыз етуді, қызметтік, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын ескере отырып, мемлекеттік органның, ұйымның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылады.
  2. Талдау нәтижелерін талқылауға және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдардың іске асырылуына мониторинг жүргізуге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің жанынан болған жағдайда Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандары және (немесе) сарапшылары тартылуы мүмкін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі алқалы, консультативтік-кеңесші органдарының отырыстарында жария талқылау ұсынылады.

  1. Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған кезде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі олардың бар екендігі туралы мәліметтерді тиісті уәкілетті органға (әзірлеушіге) жіберуі мүмкін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар талдау объектісі құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес құқықтық мониторинг жүргізу кезінде қолданылуы мүмкін.

  1. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысына жарты жылда бір рет, 15 қаңтарға және 15 шілдеге дейін ұсынылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қажеттігі туралы сұрау салу жіберуі мүмкін.

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарға

1-қосымша

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша

жұмыс жоспары

 

№

Жұмыс түрлері

Мерзімі

Жауапты тұлғалар

1

Ақпарат жинау: талдау объектісінің қызметі туралы есеп;

тәртіптік практика туралы ақпарат;

мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат; өтініштердің (істердің, материалдардың) бөлінуі және олардың өту мерзімдері туралы ақпараттық жүйелерден жүктемелер

 

Барлық бейінді бөлімшелер

2

Талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды, сондай-ақ оның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар-жоғына талдау, оның ішінде мынадай бағыттар бойынша:

1) персоналды басқару;

2) мемлекеттік қызметтер көрсету және басқалары

 

 

3

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау критерийлерін (бақылау сұрақтарын) толтыру

 

 

4

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және тәуекелдер картасын құру

 

 

5

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды олардың тізбесін қалыптастыра отырып айқындау

 

 

6

Талдамалық анықтаманы дайындау

 

 

7

Талдамалық анықтамаға қол қою

 

 

8

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарға

2-қосымша

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу кезінде оларды анықтау критерийлері

Тізбе толық емес және толықтырылуы мүмкін

Ⅰ

Құқықтық және өзге де актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

1. Стратегиялық жоспарлау және функцияларды іске асыру

1.1

Стратегиялық, бағдарламалық және жоспарлы құжаттарда қызметтің нақты мақсаттары, міндеттері және күтілетін нәтижелері айқындалған ба?

1.2

Нақты орындалатын функциялар талдау объектісінің құзыретіне, оның құрылтай құжаттарына және салалық басымдықтарға сәйкес келе ме?

1.3

Заңнамада немесе құрылтай құжаттарда көзделмеген, сондай-ақ қайталанатын, тән емес және артық функциялар жоқ па?

1.4

Талдау объектісіне заңнамамен және құрылтай құжаттарымен жүктелген функциялар толық көлемде орындала ма?

1.5

Тек жүргізілген іс-шаралар көлемін немесе игерілген қаражатты ғана емес, қызметтің нақты тиімділігін көрсететін өлшенетін көрсеткіштер белгіленген бе?

2. Құқықтық олқылық

2.1

Заңсыз пайда алу мақсатында өкілеттіктерді еркін айқындауды болғызбайтын, лауазымды адамның және (немесе) талдау объектісінің құзыреті регламенттелген бе?

2.2

Азаматтың немесе ұйымның әкімшілік рәсімнің жүруіне ықпал етуін қамтамасыз ететін іс жүргізу тәртібі белгіленген бе?

2.3

Әкімшілік рәсімдерді жүргізу мерзімдері белгіленген бе?

2.4

Талдау объектісінің лауазымды адамының шешім қабылдауының толық негіздері мен тәртібі құқықтық актімен немесе ішкі құжатпен белгіленген бе?

2.5

Белгіленген талаптардың декларативті сипатқа ие болуын және практикада қолданылмауын болғызбайтын, талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілік белгіленген бе?

2.6

Цифрлық жүйедегі қолмен түзетулер, белгіленген алгоритмдерді айналып өту және техникалық ақаулар кезіндегі іс-әрекеттер регламенттелген бе?

2.7

Қабылданған шешімнің негіздерін цифрлық жүйеде тіркеу және растайтын материалдарды сақтау талабы көзделген бе?

3. Құқықтық актілер мен ішкі құжаттар ережелерінің коллизиясы

3.1

Басым норманы таңдау қағидалары заңмен немесе ішкі құжатпен белгіленген бе?

3.2

Басым норманы таңдау жөніндегі жауапкершіліктің талдау объектісінің лауазымды адамына жүктелуі болғызбалған ба?

3.3

Қатаң формалды түрде айқындалған заңдық жауапкершіліктен жалтару мүмкіндігі болғызбалған ба?

4. Заңдық-лингвистикалық айқынсыздық

4.1

Түсініксіз немесе қосарлы мағынасы бар және заңсыз түсіндірулерге жол беретін тұжырымдамалар жоқ па?

4.2

Бір құбылыстар бірыңғай терминдермен белгілене ме?

4.3

Заңнамада қолданылмайтын, мәтінде тікелей айқындалмаған (түсіндірілмеген) және оларға бірыңғай әрі біркелкі мағына беретін кең, кеңінен таралған қолданысы жоқ терминдер жоқ па?

5. Дискрециялық өкілеттіктердің ауқымдылығы

5.1

Лауазымды адамдардың шешім қабылдауы немесе өзге де әкімшілік рәсімдерді орындауы үшін негіздер айқындалған ба?

5.2

Лауазымды адамның және (немесе) талдау объектісінің бірнеше түрдегі шешім қабылдау немесе шешім қабылдаудан бас тарту мүмкіндігі болғызбалған ба?

5.3

Қабылданатын басқарушылық шешімді негіздеу міндеті белгіленген бе?

5.4

Шешім қабылдаудың кең диапазонын не мұндай мерзімнің мүлде болмауын болғызбайтын нақты мерзімдері белгіленген бе?

5.5

Негізделген себептерсіз белгіленген мерзімді ұзарту немесе қысқарту мүмкіндігі болғызбалған ба?

5.6

Жеке және заңды тұлғалармен құқықтық қатынастардың туындауын, олардың өзгеруін немесе тоқтатылуын тиісті негіздемесіз өз қалауы бойынша бастау мүмкіндігі болғызбалған ба?

5.7

Лауазымды адамдардың және (немесе) талдау объектілерінің өкілеттіктерінің қайталануы жоқ па?

5.8

Заңнаманы орындамағаны үшін жауапкершіліктің түрі мен мөлшерін өз қалауы бойынша айқындау мүмкіндігі болғызбалған ба?

5.9

Құзырет шеңберінде шешім қабылдау үшін тізбеде көзделмеген қосымша құжаттарды сұрату мүмкіндігі болғызбалған ба (мысалы, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде)?

5.10

Автоматтандырылған бөлу техникалық мүмкіндігі бар кезде орындаушыны, сарапшыны, бақылау объектісін автоматтандырылмаған түрде таңдау болғызбалған ба?

5.11

Белгіленген негіздерсіз міндеттемелердің бағасы мен көлемін өзгерту, олардың орындалу мерзімдерін ұзарту, тұрақсыздық айыбын есептеуден немесе өндіріп алудан бас тарту мүмкіндігі болғызбалған ба?

6. Лауазымды адамдардың міндеті орнына құқығының белгіленуі

6.1

Міндетті белгілеуді талап ететін ережелерде «құқылы», «мүмкін» деген тұжырымдамалар жоқ па?

6.2

Лауазымды адамдардың өз қалауы бойынша шешім қабылдауы үшін негіздердің болуы болғызбалған ба?

6.3

Бір негіздер болған кезде органның (лауазымды адамның) бірнеше түрдегі шешім қабылдау мүмкіндігі болғызбалған ба?

7. Тұлғаға тиесілі құқығын іске асыру үшін қойылатын талаптардың негізсіз жоғарылатылуы

7.1

Субъективті құқықтар мен бостандықтарды іске асыру кезінде жеке және заңды тұлғаларға заңмен негізделмеген қосымша міндеттердің жүктелуі болғызбалған ба?

7.2

Сақталуы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен бекітілген құқықтар мен бостандықтарды шектейтін ауыртпалықты тыйымдар мен шектеулер жоқ па?

7.3

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін және (немесе) қойылуы заңнама нормаларымен негізделмеген өзге де талаптар жоқ па?

7.4

Азаматтар мен ұйымдарға айқын емес, орындалуы қиын талаптар жоқ па?

8. Артық әкімшілік кедергілердің болуы

8.1

Көрсетілген мәліметтердің талдау объектісінде бар болуына немесе оларды өз бетінше алу мүмкіндігіне байланысты сұратылуы орынсыз құжаттарды, ақпаратты және басқа да деректерді ұсыну міндетінің жеке және заңды тұлғаларға жүктелуі болғызбалған ба?

8.2

Алынатын құқыққа сәйкес келмейтін белгілерге (кәсіби, мүліктік, әлеуметтік) сай болу міндеті болғызбалған ба?

8.3

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну мерзімдері, оның ішінде автоматтандырылған цифрлық жүйелерді пайдалану кезінде, оларды жедел ұсыну мүмкіндігіне сәйкес келе ме?

8.4

Халықаралық актілермен не басқа мемлекеттің заңнамасымен мұндай тәртіп көзделмеген жағдайда, мемлекеттік органда құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін салыстыру мүмкіндігі бола тұра, азаматтарға құжаттарды нотариалды куәландыру және апостильдеу міндетін жүктеу болғызбалған ба?

8.5

Тұлғаның нормативтік түрде белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарамастан, емтихан тапсыру, тестілеу, әңгімелесу және тағы басқаларды өту қажеттігін белгілеу болғызбалған ба?

8.6

Қабылданатын шешімнің мазмұнына әсер етпейтін және жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілермен көзделмеген қосымша келісулер, визалау және қорытындылар жоқ па?

9. Функцияларды, міндеттерді, құқықтар мен жауапкершілікті тиісінше айқындамау

9.1

Құқықтық актінің немесе ішкі құжаттың мазмұнынан шешім қабылдауға жауапты лауазымды адамды анықтауға бола ма?

9.2

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының туындауына жол бермеуге мүмкіндік беретін шектеулер мен тыйымдар белгіленген бе (шешім қабылдауды басқа лауазымды адамға беруге, белгілі болған мәліметтерді жария етуге тыйым салу және тағы басқалар)?

9.3

Лауазымдық міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауапкершілік белгіленген бе?

9.4

Лауазымды адамдардың міндеттері мен өкілеттіктерін орындауын бақылау рәсімі көзделген бе?

10. Ерекшеліктер мен шешімді қайта қарау рәсімдерінің реттелмеуі

10.1

Шешімді тоқтата тұрудың, қайтарудың, қайта қараудың негіздері мен тәртібі белгіленген бе?

10.2

Жалпы тәртіптен ерекше жағдайлар мен алып тастаулар толық тізбемен айқындалған ба?

10.3

Бұрын қабылданған шешімді, оның ішінде ұсынылған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған кезде күшін жою негіздері мен тәртібі белгіленген бе?

10.4

Жекелеген тұлғалар немесе топтар үшін алып тастауларды, жеңілдіктерді, преференцияларды және жеңілдетілген тәртіптерді ұсынудың объективті критерийлері мен тәртібі белгіленген бе?

11. Шешімді негіздеуге, құжаттандыруға және оған шағымдануға қойылатын талаптардың болмауы

11.1

Рәсімнің барысын құжаттандыру және растайтын материалдарды сақтау міндеті белгіленген бе?

11.2

Тек қабылдаған лауазымды адамға ғана шағымдануды болғызбайтын, шешімге шағымдану тәртібі белгіленген бе?

11.3

Шешімдердің жоғары тұрған органмен немесе сотпен күшін жою себептерін талдау талабы көзделген бе?

12. Процестің толық циклін бір лауазымды адамға немесе бөлімшеге бекіту

12.1

Құқықтық актімен немесе ішкі құжатпен бір лауазымды адамға не бөлімшеге бастамашылық ету, қарау, шешім қабылдау, орындау және орындалуын бақылауды жүктеу болғызбалған ба?

12.2

Құжатты дайындау мен бекіту, операцияны жүргізу және оны кейіннен тексеру функциялары ажыратылған ба?

12.3

Шешімді қабылдаған тұлғаға оның орындалуын бақылауға қатысуға тыйым белгіленген бе?

 

Ⅱ

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет

13. Персоналды басқару

13.1

Лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі реттелген бе?

13.2

Лауазымға тағайындау конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жүзеге асырыла ма?

13.3

Конкурстық іріктеу формалды түрде жүргізілмей ме; біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау болғызбалған ба?

13.4

Бос лауазым туралы, біліктілік талаптары туралы, қажетті құжаттардың тізбесі туралы, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген адамдар туралы ақпарат уақтылы және толық көлемде орналастырыла ма?

13.5

Іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдері (бос лауазым туралы хабарландыруды орналастыру, құжаттарды қабылдау, әңгімелесу, тестілеу және басқалары) белгіленген бе?

13.6

Әңгімелесу мен тестілеу жүргізуге арналған сұрақтарды қалыптастыру және қорғау тетігі бар ма?

13.7

Үміткерлер үшін тең жағдайлар қамтамасыз етілген бе?

13.8

Үміткерлерді жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайтын адамдарда мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шаралар қамтамасыз етілген бе?

13.9

Жұмыскерлерді лауазымда жоғарылату және өзге лауазымдарға ауыстыру конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жүзеге асырыла ма?

13.10

Талдау объектісі жұмыскерлерінің жалақысы мен көтермеленуі туралы ақпарат ашық па?

13.11

Алынбаған тәртіптік жазалары бар кезде жұмыскерлерді көтермелеу болғызбалған ба?

13.12

Мерзімінен бұрын алынған тәртіптік жазалардың үлес салмағы жоғары емес пе?

13.13

Жұмыскерлерді көтермелеу талдау объектісі лауазымды адамдарының қалауы бойынша емес, жұмыс нәтижелеріне қарай жүзеге асырыла ма?

13.14

Тәртіптік жазаларды шамадан тыс қысқа мерзімде алып тастау болғызбалған ба?

13.15

Заңнаманы бұзған немесе бұзуға жол берген, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзған немесе шектеген адамдарға тәртіптік сипаттағы шаралар қолданыла ма?

13.16

Штат құрылымы мен саны нақты іске асырылатын функциялар мен жүктемеге сәйкес келе ме; негізсіз құрылған немесе қайталанатын лауазымдар жоқ па?

13.17

Барлық жұмыскерлердің лауазымдық міндеттерін нақты орындағаны расталады ма; жалған жұмысқа орналасу белгілері жоқ па?

13.18

Бұрын басшымен бірлесіп жұмыс істеген адамдарды конкурстық немесе өзге де объективті негіздерсіз жаппай тағайындау болғызбалған ба?

13.19

Аттестаттау нәтижелерінің бірыңғай критерийлері белгіленген бе және олар құжаттандырыла ма; оны лауазымнан негізсіз босату не жұмыскерге қысым көрсету үшін пайдалану болғызбалған ба?

13.20

Бос лауазым бойынша міндеттерді ұзақ атқару, лауазымдарды қоса атқару және бір лауазымда ұзақ болу негізделген бе?

13.21

Лауазымды адамдарды ротациялау жөніндегі талаптар сақтала ма; ротацияны ауыстыру немесе лауазымда болу мерзімін ұзарту негізделген бе?

13.22

Конкурстардың, әңгімелесулердің, бағалаулардың нәтижелері және тағайындаудан бас тарту туралы шешімдер құжаттандырыла ма?

13.23

Жұмыскерлерді тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілерінің есебі мен талдауы жүргізіле ме; олардың қайталануына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдана ма?

13.24

Жұмыскерлердің қызметін бағалаудың, үстемеақылар, қосымша ақылар және өзге де төлемдер белгілеудің, сондай-ақ оқуға және біліктілікті арттыруға жіберудің бірыңғай және айқын критерийлері белгіленген бе?

13.25

Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірге қызмет атқаруына (жұмыс істеуіне), оның ішінде неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезден бастап бір жыл ішінде жол бермеу жөніндегі шектеулер сақтала ма?

14. Мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу

14.1

Мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі рәсімдерді реттейтін құжат (саясат) қабылданған ба?

14.2

Нормативтік құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру, мүдделер қақтығысының болуы немесе болмауы туралы қорытынды шығару және оны болғызбау мен реттеу жөніндегі шаралардың сақталуын қамтамасыз ету жүктелетін әдеп жөніндегі уәкіл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет, ал олар болмаған кезде – персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе өзге тұлға айқындалған ба?

14.3

Мүдделер қақтығысын анықтау, оны болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдана ма?

14.4

Бір жағынан әкімшілік регламенттер мен лауазымдық нұсқаулықтар және екінші жағынан жоспарлы көрсеткіштер арасында қайшылықтар жоқ па?

14.5

Реттеуші және бақылау функциялары арасында қайшылықтар жоқ па?

14.6

Талдау объектісінің жұмыскерлерінде лауазымдық өкілеттіктерін орындау кезінде мүдделер қақтығысы фактілері жоқ па?

14.7

Алқалы органдардың қызметін реттейтін құжаттарда мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі талаптар көзделген бе?

14.8

Ішкі құжаттарда және жұмыс практикасында ықтимал, нақты және орын алған мүдделер қақтығысы ажыратылған ба?

14.9

Жеке мүдделерді декларациялау тәртібі белгіленген бе; персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмыскерлері қатарынан жеке мүдделер туралы декларацияларды жинауға жауаптылар тағайындалған ба; мұндай декларациялар жеке істерге тіркеле ме?

14.10

Жеке мүдделер туралы декларацияларға талдау жүргізіле ме; олардағы мәліметтер цифрлық кадр жүйесіне (ол болған кезде) енгізіле ме?

14.11

Жеке істерге жұбайының (зайыбының) және жақын туыстарының жеке сәйкестендіру нөмірлері, сондай-ақ жұмыскер бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымдардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлері енгізіле ме?

14.12

Мүдделер қақтығысын анықтау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, тексерулер, ревизиялар мен аудит нәтижелері пайдаланыла ма?

14.13

Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) мәлімдеу, оны құжаттандыру және есепке алу тәртібі белгіленген бе?

14.14

Мүдделер қақтығысының болуы немесе болмауы туралы қорытындылар белгіленген мерзімде шығарыла ма?

14.15

Шешім қабылдауға құқығы бар тұлға мүдделер қақтығысын реттеу жөнінде белгіленген мерзімде шаралар қабылдай ма?

14.16

Мүдделі тұлға тек шешім қабылдаудан ғана емес, дайындауға, талқылауға, келісуге және орындалуын кейіннен бақылауға қатысудан да шеттетіле ме?

14.17

Мүдделер қақтығысы туындаған тұлға тиісті мәселе бойынша лауазымдық өкілеттіктерін орындауды тоқтата тұра ма?

14.18

Бірінші басшы өзінде мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша өкілеттіктерді бере ме?

14.19

Нақты мүдделер қақтығысын реттеу мүмкін болмаған кезде шаралар қабылданады ма, оның ішінде тұлғаны мүдделер қақтығысын болғызбайтын тең лауазымға тағайындау?

14.20

Мүдделер қақтығысы жағдайында шарттар немесе мәмілелер жасасу, актілер немесе өзге де шешімдер қабылдау фактілері туралы растайтын материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органға жіберіле ме?

14.21

Сатып алу, кадрлық шешімдер, қаржыландыруды бөлу және шарттар жасасу кезінде аффилиирленгендікті, туыстық және өзге де байланыстарды тексеру жүргізіле ме?

14.22

Материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер қабылдау, үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіру, ресми таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану, сондай-ақ атқаратын (бұрын атқарған) лауазымының артықшылықтарын пайдалану жөніндегі шектеулердің сақталуын бақылау қамтамасыз етілген бе?

14.23

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға келісімді жазбаша тіркей ме; олардың сақталуы есепке алынып, бақыланады ма?

14.24

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация және кірістер мен мүлік туралы декларация уақтылы ұсынылады ма; белгіленген тыйымдарға қарамастан кәсіпкерлік немесе өзге де ақы төленетін қызметпен айналысу фактілеріне ден қою шаралары қабылданады ма?

14.25

Анықталған мүдделер қақтығыстары, шығарылған қорытындылар және олар бойынша қабылданған шешімдер құжаттандырыла ма?

14.26

Мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдамағаны немесе уақтылы қабылдамағаны үшін адамдар жауапкершілікке тартылады ма?

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету

15.1

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нақты процестері белгіленген талаптарға сәйкес келе ме; қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу, құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды сұрату және қызметтер көрсету рәсімдерінің тәртібін бұзу фактілерінің жүйелі түрде болуы жоқ па?

15.2

Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделген талаптар жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілердің нормаларына сәйкес келе ме?

15.3

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдаланылатын цифрлық жүйелердің белгіленген тәртіптің бұзылуын болғызбайтын тиісінше жұмыс істеуі қамтамасыз етілген бе?

15.4

Цифрлық жүйелерді пайдалану кезінде мемлекеттік қызмет көрсету процестерін «қолмен» түзету мүмкіндігі болғызбалған ба?

15.5

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін беруді тікелей қызмет көрсетуші арқылы жүзеге асыру болғызбалған ба?

15.6

Жаңа құқықтық акті бекітілмей мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының күшін жойылды деп тану болғызбалған ба?

15.7

Мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін құқықтық актіні қабылдаудың негізді мерзімдері сақтала ма?

15.8

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен «жасырын» мемлекеттік қызметтер көрсету, рұқсат беру құжаттарын немесе келісулерді беру болғызбалған ба?

15.9

Автоматтандырылған бөлу техникалық мүмкіндігі бар кезде өтініштердің орындаушылар арасында бөлінуі автоматтандырылған ба?

15.10

Бас тарту туралы шешімдер негізделген, тексерілетін және тиімді шағымдануға жататын бола ма?

15.11

Талаптарды іріктеп қолдану, қарауды негізсіз жеделдету не созу және ұқсас жағдайлар үшін әртүрлі шарттар болғызбалған ба?

15.12

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нақты тізбесі талдау объектісінің белгіленген құзыретіне сәйкес келе ме?

15.13

Шешім қабылдау, бас тарту, өтінішті қарауды тоқтата тұру және тоқтату негіздері толық көлемде реттелген бе?

16. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

16.1

Рұқсат беру функцияларын іске асыру тәртібі (қажетті құжаттар, көрсету нысаны, мерзімдері, нәтижесі, бас тарту негіздері және басқалары) толық көлемде реттелген бе?

16.2

Рұқсат беру функцияларын іске асырудың нақты рәсімдері құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келе ме?

16.3

Рұқсат беру функцияларын іске асыру кезінде пайдаланылатын цифрлық жүйелердің белгіленген тәртіптің бұзылуын болғызбайтын тиісінше жұмыс істеуі қамтамасыз етілген бе?

16.4

Цифрлық жүйелерді пайдалану кезінде рұқсат беру функциялары процестерін «қолмен» түзету мүмкіндігі болғызбалған ба?

16.5

Жеке және заңды тұлғалармен жеке байланыс болғызбалған ба?

16.6

Рұқсат беру материалдарының орындаушылар мен сарапшылар арасында бөлінуі автоматтандырылған ба?

16.7

Бас тарту туралы шешімдер негізделген бе; оларға шағымданудың тиімді тәртібі белгіленген бе?

16.8

Өтініш беруші құжаттарды дайындау кезінде бейресми консультациялар мен делдалдық болғызбалған ба?

16.9

Талаптарды іріктеп қолдану және ұқсас жағдайлар үшін әртүрлі шарттар болғызбалған ба?

17. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

17.1

Бақылау іс-шараларын жүргізу мерзімдерін бұзу фактілерінің жүйелі түрде болуы жоқ па?

17.2

Тізбесі құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды сұрату фактілерінің жүйелі түрде болуы жоқ па?

17.3

Бақылау іс-шараларын жүргізу рәсімдерін бұзу фактілерінің жүйелі түрде болуы жоқ па?

17.4

Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде пайдаланылатын цифрлық жүйелердің белгіленген тәртіптің бұзылуын болғызбайтын тиісінше жұмыс істеуі қамтамасыз етілген бе?

17.5

Цифрлық жүйелерді пайдалану кезінде бақылау іс-шаралары процестерін «қолмен» түзету мүмкіндігі болғызбалған ба?

17.6

Тексеру іс-шараларын жүргізу мерзімдері, қамтылатын кезең, бақылау іс-шараларын жүргізуге уәкілетті адамдардың өкілеттіктері, бақылау объектілерін іріктеу критерийлері, тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша шешім қабылдау, бақылау іс-шараларын тоқтата тұру немесе ұзарту рәсімдері толық көлемде реттелген бе?

17.7

Бақылау объектілерін іріктеу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесі қолданылады ма?

17.8

Фото- және бейнетіркеу жөніндегі талаптар белгіленген бе?

17.9

Тексеру парағының талаптары негізделген бе?

17.10

Бақылау іс-шараларының жоғары тұрған органның тапсырмалары негізінде жүргізілуі болғызбалған ба?

17.11

Бланкілер мен нұсқамалардың белгіленген орындарда сақталуы қамтамасыз етілген бе?

17.12

Бланкілер мен нұсқамалардың есебін жүргізуге жауапты адамдар айқындалған ба?

17.13

Бланкілерді есепке алу ведомстволық актілермен регламенттелген бе?

17.14

Бақылау іс-шаралары өңірлер, бұзушылық түрлері және қолданылатын санкциялар бөлінісінде талдана ма?

17.15

Практикадағы проблемаларды анықтау және оларды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу жөнінде шаралар қабылданады ма?

17.16

Құқықтық статистика органдарымен салыстырып тексерулер жүргізіледі ме?

17.17

Мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің орталық аппараты тарапынан әдістемелік ұсынымдарды, нұсқаулықтарды, нұсқауларды жіберу, өзге де түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу арқылы әдіснамалық сүйемелдеу қамтамасыз етіле ме?

17.18

Аумақтық департаменттердің, еншілес және тәуелді ұйымдардың бақылау іс-шараларын жүргізуінің біркелкі практикасы қамтамасыз етілген бе?

17.19

Бақылау іс-шараларын жүргізген адамдардың бақылау объектілерінің өкілдерімен аффилиирленгендік фактілері жоқ па?

17.20

Бақылау объектілері мен тексерушілердің бөлінуі автоматтандырылған ба?

17.21

Бақылау объектісін таңдау негіздері, тексеру көлемі, анықталған фактілер, дәлелдемелер және тексерілетін тұлғаның қарсылықтары құжаттандырыла ма?

17.22

Бұрын енгізілген ұсынымдарды жабу кезінде себептер мен жағдайлардың жойылғаны нақты тексеріле ме?

17.23

Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша қабылданған шешімдердің жоғары тұрған органмен немесе сотпен күшін жою себептері талданады ма?

18. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

18.1

Бюджетті немесе қаржы қаражатын игеруді бекітетін алқалы орган құрылған ба?

18.2

Алқалы органның қызметін регламенттейтін құжат, оның ішінде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі, алқалы орган мүшелерінің дербес жауапкершілігі жөніндегі ережелер қабылданған ба?

18.3

Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу рәсімдеріне есептілік түрлері, мониторинг, ішкі және сыртқы бақылау тетіктері айқындалған ба?

18.4

Бюджет және қаржы қаражатын игеру бойынша есептілік түрлері айқындалған ба?

18.5

Тәуекелдерді басқару жүйесі жұмыс істей ме?

18.6

Талдау объектісі бюджет және қаржы қаражатының елеулі сомаларымен операциялар жасаған кезде ішкі аудит және ішкі бақылау функцияларын орындайтын бөлімшелер құрылған ба?

18.7

Талдау объектісі бюджет және қаржы қаражатының елеулі сомаларымен операциялар жасаған кезде алдыңғы 2 жылда аудит, тексеру іс-шаралары және өзге де қаржылық бақылау шаралары жүргізілді ме?

18.8

Бюджет және қаржы қаражатын жұмсаудың ашықтығы, оның ішінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 9) тармақшасының сақталуы қамтамасыз етілген бе?

18.9

Сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің саны және көлемі олардың нақты қажеттігіне (заттай нормаларға) сәйкес келе ме?

18.10

Тауар бірлігінің бағасы негізделген бе?

18.11

Жоспарланған құн тауарлардың нарықтық құнына сәйкес келе ме?

18.12

Сатып алу жоспары мемлекеттік сатып алу порталында уақтылы орналастырыла ма?

18.13

Техникалық ерекшеліктерде сатып алуды нақты бір өнім берушіге жатқызатын сипаттамалар («бейімделген» талаптар деп аталатындар) жоқ па?

18.14

Мемлекеттік аудит органдары тарапынан камералдық бақылау нәтижелері бойынша сатып алулардың қайта қаралу немесе күшін жою фактілері жоқ па?

18.15

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының тексерулері кезінде бұзушылықтардың анықталу фактілері жоқ па?

18.16

Өнім берушінің тауар беру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету шартынан туындайтын міндеттемелерді уақтылы және тиісінше сапалы орындауы қамтамасыз етіле ме?

18.17

Жеткізу шартының талаптарын тиісінше орындамаған өнім берушілерге қатысты ден қою шаралары уақтылы және толық қабылданады ма?

18.18

Уақытша бос ақшалай қаражатты банктердің ағымдағы шоттарында орналастыру тәртібін, тиісті мониторинг, бақылау шараларын және уәкілетті адамдардың дербес жауапкершілігін регламенттейтін құжат бекітілген бе?

18.19

Бюджет шығыстары талдау объектісінің функцияларымен, стратегиялық мақсаттарымен және өлшенетін нәтижелерімен байланысты ма?

18.20

Шығыстардың қажеттігі, көлемі және құны есептеулермен, бастапқы деректермен және негіздемемен расталады ма?

18.21

Бюджеттің жүйелі түзетілуі, үнемделген қаражатты қайта бөлу және шығыстардың есептік кезеңнің соңында шоғырлануы жоқ па?

18.22

Жүргізілген төлемдер нақты жеткізілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге сәйкес келе ме?

18.23

Қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау қамтамасыз етілген бе; нысаналы мақсатынан ауытқыған кезде ден қою шаралары қабылданады ма?

18.24

Трансферттерді, субсидияларды, гранттарды және өзге де қаражатты бөлудің айқын критерийлері, сондай-ақ оларды алушылардың өлшенетін міндеттемелері белгіленген бе?

18.25

Есептілікте тек қаражаттың игерілуі ғана емес, қол жеткізілген нәтиже, қалдықтар, қайтарымдар және орындалмаған міндеттемелер туралы мәліметтер де көрсетіле ме?

19. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

19.1

Сатып алудың жылдық жоспары бекітілген бе; ол бюджеттік өтінімге және нақты қажеттікке сәйкес келе ме?

19.2

Сатып алудың нысанасы мен сомасына сәйкес келетін мемлекеттік сатып алу тәсілінің таңдалуы негізделген бе?

19.3

Әлеуетті өнім берушілердің ауқымын шектейтін біліктілік талаптарын таңдау негізделген бе?

19.4

Конкурстық комиссиялардың құрамына және сарапшылар қатарына тартылатын адамдардың әлеуетті өнім берушілермен аффилиирленгендігі тексеріле ме?

19.5

Өнім берушінің жергілікті қамту және қосалқы мердігерлерді тарту жөніндегі міндеттемелерін сақтауы бақыланады ма?

19.6

Мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағымдану нәтижелеріне және олардың нәтижелерінің күшін жою себептеріне талдау жүргізіле ме?

20. Бюджеттік жоспарлау

20.1

Бюджеттік өтінім есептеулер, заттай нормалар және қажеттікті негіздеу негізінде қалыптастырыла ма?

20.2

Бюджеттік өтінімге талдау объектісінің функцияларымен және стратегиялық мақсаттарымен байланысты емес шығыстарды енгізу болғызбалған ба?

20.3

Шығыстардың жоспарланатын көлемдері алдыңғы кезеңдердегі нақты орындалуына сәйкес келе ме; олардың асыра немесе кем көрсетілуі жоқ па?

20.4

Мәлімделген нәтижелерге қол жеткізу үшін жоспарланатын қаражаттың жеткіліктілігіне бағалау жүргізіле ме?

20.5

Бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізу және олардың арасында қаражатты қайта бөлу тәртібі реттелген бе?

20.6

Бюджеттік инвестициялар негізделген бе; оларды бағалау жүргізіле ме?

21. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу

21.1

Шарттарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпелер енгізілген бе?

21.2

Ұқсас немесе неғұрлым тиімді шарттары бар өзге ұйымдардан ұсыныстар бола тұра, бір ұйымдармен шарттардың бірнеше рет жасалуы болғызбалған ба?

21.3

Аффилиирленген компаниялар жоқ па; контрагенттің әртүрлі бейіндегі және өзіне тән емес жұмыстарды орындауы болғызбалған ба?

21.4

Контрагентке тиісті мөлшерде айыппұл санкциялары белгіленген бе?

21.5

Шарттық міндеттемелер бұзылған жағдайда санкциялар қолданылады ма?

21.6

Шартты орындау кезеңінде талаптардың елеулі түзетілуі жоқ па?

21.7

Шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін контрагентке талап уақтылы қойылады ма?

21.8

Контрагенттер шарттық міндеттемелерді бұзған кезде талаптардан немесе сот талқылауларынан бас тарту негізделген бе?

21.9

Талап-арыз жұмысын жүргізу тәртібін реттейтін актілер қабылданған ба?

21.10

Мүдделер қақтығысы мен аффилиирленгендікті болғызбау мақсатында контрагенттерді зерделеу жөніндегі жұмыс тетіктері әрекет ете ме?

21.11

Бәсекелестік емес тәсілді қолдану не белгіленген шекті мәндерден жалтару мақсатында сатып алуларды бөлшектеу болғызбалған ба?

21.12

Бір көзден сатып алу тәсілін, оның ішінде өтпеген сатып алулар бойынша қолдану негізделген бе; ол жүйелі сипатта болмай ма?

21.13

Ақпаратқа қол жеткізуді шектей отырып, оның ішінде «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгімен немесе құпиялылық грифімен жүргізілетін сатып алулар негізделген бе?

21.14

Талдау объектісінің лауазымды адамдарының техникалық ерекшеліктерді дайындауға және бір мезгілде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалауға қатысуы болғызбалған ба?

21.15

Актілерге қол қою және төлем жүргізу алдында нақты көлемі, сапасы, жиынтықтылығы және орындау мерзімдері тексеріледі ме?

21.16

Аванстау лимиттері мен шарттары сақтала ма; аударылған аванстық қаражаттың нысаналы пайдаланылуы мен уақтылы өтелуі расталады ма?

21.17

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда эскроу-шоттар ашылады ма; онда тұрған қаражаттың қозғалысы мен ашылуы бақыланады ма?

21.18

Бағаның және көлемнің өзгертілуі, мерзімдердің ұзартылуы, қосымша келісімдер жасалуы, тұрақсыздық айыбын есептеуден немесе өндіріп алудан бас тарту негізделген бе?

21.19

Сатып алынатын тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге кепілдік мерзімі белгіленеді ме; кепілдік міндеттемелерінің орындалуы бақыланады ма?

21.20

Жосықсыз өнім берушілерді тиісті тізілімге енгізу үшін талап арыздар мен материалдар уақтылы жіберіле ме?

21.21

Өтінімдерді қабылдамау, бағалау критерийлерін және балдарды есептеуді қолдану негізделген бе; өнім берушіні жіберу, қабылдамау және таңдау негіздері құжаттандырылады ма; растайтын материалдар сақталады ма?

22. Цифрлық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

22.1

Жобаның қосарланып қаржыландырылуы болғызбалған ба?

22.2

Жобаларды қаржыландыру ақпараттық-технологиялық саланың дамуына бағытталған ба?

22.3

Қаржыландыруға қажетті іс-шаралардың нақты тізбесі айқындалған ба?

22.4

Өнімнің түпкілікті құнының жасанды түрде асыра көрсетілуін болғызбайтын, қызметтер құнының негізділігін және нарықта осындай әзірлемелердің бар-жоғын тексеру тетігі әрекет ете ме?

22.5

Зияткерлік меншік объектісі ретінде тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу арқылы сатып алу негізделген бе?

22.6

Конкурсқа әлеуетті өнім берушілер ретінде аффилиирленген ұйымдардың қатысатын жасанды бәсекелестігі болғызбалған ба?

22.7

Цифрлық жүйелердің қайталануы жоқ па?

22.8

Цифрлық жүйелердің ашықтығы қамтамасыз етілген бе?

22.9

Сұранысқа ие емес цифрлық жүйелерді әзірлеу және пайдалануға енгізілмеген цифрлық жүйелерді қолдану болғызбалған ба?

22.10

Цифрлық жүйелер аудиті жүргізіле ме?

22.11

Өтінішті (арызды, істі, материалды) қабылдау мен тіркеуден бастап шешім қабылдауға және оның орындалуын бақылауға дейінгі негізгі процестер автоматтандырылған ба?

22.12

Операциялардың бірыңғай тіркелуі және іс-әрекеттің күні, уақыты мен авторы тіркеле отырып, толық цифрлық ізі қамтамасыз етілген бе?

22.13

Автоматтандырылған бөлу техникалық мүмкіндігі бар кезде өтінімдердің, істердің, тексерулердің, сараптамалардың және тапсырмалардың бөлінуі автоматтандырылған ба?

22.14

Қол жеткізу құқықтары ажыратылған ба; белгіленген негіздерсіз және тіркелместен деректерді өзгерту немесе жою болғызбалған ба?

22.15

Мерзімдерді, хабарламаларды автоматты бақылау, мемлекеттік деректер базаларымен интеграция және ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тексеру іске асырылған ба?

22.16

Қолмен түзетулер, алгоритмдерді айналып өту және техникалық ақаулар кезіндегі іс-әрекеттер регламенттелген бе; мұндай жағдайлар кейіннен бақыланады ма?

22.17

Нақты жұмыс цифрлық жүйенің функционалына сәйкес келе ме; қатар қағаз есепті жүргізу және шешімдерді жүйеден тыс қабылдау жоқ па?

23. Бизнес-процестерді ұйымдастыру және өкілеттіктерді бөлу

23.1

Негізгі бизнес-процестер бойынша операциялардың бірізділігі, мерзімдері, жауапты бөлімшелері және бақылау нүктелері бекітілген бе?

 

23.2

Бастамашылық ету, қарау, келісу, шешім қабылдау, орындау және кейіннен бақылау функциялары бөлінген бе?

23.3

Процестің толық циклінің бір лауазымды адамда немесе құрылымдық бөлімшеде шоғырлануы болғызбалған ба?

23.4

Алқалы шешімдер, стандартты тәртіптен ауытқу негіздері, қайтарулар және қайта қарау құжаттандырыла ма?

23.5

Қайталанатын, сұранысқа ие емес, тән емес және артық функциялар мен рәсімдердің сақталуы болғызбалған ба?

24. Ақылы қызметтер көрсету (олар болған кезде)

24.1

Ақылы қызметтердің заңды негіздері, бекітілген тізбесі, тарифтері және олардың құнын есептеу әдістемесі белгіленген бе?

24.2

Тегін міндетті функцияларды ақылы қызметтермен алмастыру және қосымша жұмыстар мен қызметтерді таңу болғызбалған ба?

24.3

Төлемдерді қабылдау, кірістерді есепке алу, жеңілдіктер беру, қайтарымдар және алынған қаражатты бөлу тәртібі реттелген бе?

24.4

Ақылы қызметтердің тізбесі мен құны туралы ақпарат ашық қолжетімділікте орналастырылған ба?

25. Өтініштерді қарау және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау

25.1

Өтініштердің бірыңғай тіркелуі қамтамасыз етілген бе; орындаушыны іріктеп тағайындау болғызбалған ба?

25.2

Мерзімдер, қараудың толықтығы мен бейтараптығы сақтала ма; жауаптар негізделген және тексерілетін бола ма?

25.3

Қайталанатын шағымдарға, шешімдердің күшін жою себептеріне және өтініштер бойынша анықталған жүйелі проблемаларға талдау жүргізіле ме?

25.4

Өтініш берушілермен, мердігерлермен, банктермен, бағалаушылармен, аудиторлармен және өзге де мүдделі тараптармен кездесулер мен өзара іс-қимыл регламенттеледі және құжаттандырылады ма?

26. Жобаларды және мемлекеттік қолдау алушыларды іріктеу, қаржыландыру және сүйемелдеу (олар болған кезде)

26.1

Өтінімдер бойынша жіберудің, бағалаудың, саралаудың және шешім қабылдаудың бірыңғай критерийлері белгіленген бе?

26.2

Тең қол жеткізу, шарттардың жариялылығы, өтінімдердің бірыңғай тіркелуі және оларды қарау кезеңдерінің қадағаланатындығы қамтамасыз етілген бе?

26.3

Сарапшылардың қолмен тағайындалуы және сарапшының өтініш берушімен тікелей байланысы болғызбалған ба; бағалаулар және олардың арасындағы алшақтықтар құжаттандырыла ма?

26.4

Жобаның бағдарлама мақсаттарына, күтілетін тиімділікке және алушының қаржыландырудың нысаналы бағытымен байланысына сәйкестігі тексеріледі ме?

26.5

Алушының өлшенетін міндеттемелері, қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау және міндеттемелерді орындамау салдары белгіленген бе?

26.6

Алушы қабылданған міндеттемелерді орындамаған кезде шаралар қабылданады ма?

26.7

Өтініш берушілер мен алушылардың талдау объектісінің лауазымды адамдарымен, комиссия мүшелерімен және тартылған сарапшылармен аффилиирленгендігі, сондай-ақ өтініш берушілердің өзара байланысы тексеріледі ме?

26.8

Алқалы орган мүшесі жеке мүдделері не мәселені қараудың объективтілігіне, тәуелсіздігіне немесе бейтараптығына әсер ететін өзге де мән-жайлар болған кезде өздігінен бас тартуды мәлімдейді ме?

26.9

Қаржы-экономикалық негіздемелер сараптамасы заңсыз бюджеттік инвестициялау тәуекелін болғызбайтын мазмұнды сипатта болады ма?

27. Мүлік пен активтерді басқару (олар болған кезде)

27.1

Мүлік пен активтердің толық есепке алынуы, сәйкестендірілуі және қозғалысын, сақталуын және нақты бар-жоғын бақылау қамтамасыз етілген бе?

27.2

Мүлікті сатып алуға, беруге, жалға беруге, өткізуге немесе есептен шығаруға дейін тәуелсіз және өзекті бағалау жүргізіле ме?

27.3

Мүлікті өткізу, беру және жалға беру оның құнын негізсіз төмендетусіз бәсекелестік және айқын шарттарда жүзеге асырыла ма?

27.4

Мәміле тараптарының аффилиирленгендігі, ауыртпалықтар, берешектер және мәмілеге әсер ететін өзге де мән-жайлар тексеріледі ме?

28. Қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету

28.1

Талдау объектісінің қоғамдық мүддені білдіретін қызметі туралы мәліметтер: сатып алу жоспарлары, бюджет және қаржы қаражатын игеру туралы мәліметтер, бақылау іс-шараларын жүргізу жоспарлары, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі функцияларды реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар толық көлемде және уақтылы жарияланады ма?

28.2

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары сақталады ма?

28.3

Қоғамдық мүддені білдіретін мәселелер бойынша: бюджет қаражатын, жылжымайтын мүлікті, жер учаскелерін бөлу, объектілерді пайдалануға қабылдау және басқалары бойынша шешім қабылдау рәсімдеріне жұртшылық өкілдері тартылады ма?

28.4

Шешім қабылдау критерийлері, қаржы ресурстарын бөлу, қаражат алушылар, жасалған шарттар және мүлік туралы мәліметтер ашылады ма?

28.5

Мәліметтер салыстыруға және тексеруге мүмкіндік беретін нысанда, машинамен оқылатын форматтарда, бірыңғай және салыстыруға келетін көздерден орналастырылады ма?

29. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

29.1

Құзыретіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі функциялар кіретін тұлға немесе бөлімше айқындалған ба?

29.2

Сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы жөніндегі іс-шаралар жоспары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты қабылданған ба?

29.3

Талдау объектісінің жұмыскерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту іс-шаралары жеткілікті көлемде өткізіле ме?

29.4

Жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қолданыстағы талаптары мен талдау объектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты туралы білімін тексеру жөніндегі іс-шаралар өткізіледі ме?

29.5

Талдау объектісінің жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар және лауазымды адамдар болып табылатын жұмыскерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді уақтылы және толық көлемде қабылдайды ма?

29.6

Талдау объектісінің жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау фактілері жоқ па?

29.7

Талдау объектісінің жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылу фактілері жоқ па?

29.8

Жұмыскерлердің өздеріне белгілі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпаратты хабарлау тәсілдері мен арналары (оның ішінде анонимдік) бар ма?

29.9

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды заңсыз жазалаудан, жұмыстан босатудан немесе өзге де қысым көрсету шараларынан қорғаудың құқықтық тетіктері әрекет ете ме?

29.10

Талдау объектісінің жұмыскерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңсыз әрекеттер туралы жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы шағымдарының көп болуы жоқ па?

29.11

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар жұртшылықтың қатысуымен әзірленген бе; олар талдау объектісі қызметінің ерекшелігіне сәйкес келе ме?

29.12

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың нәтижелілігін бағалау жүргізіле ме?

29.13

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органынан және лауазымды адамдарынан тәуелсіздігі, оның директорлар кеңесіне, байқау кеңесіне немесе өзге де тәуелсіз басқару органына есеп беруі, сондай-ақ ішкі аудит және тәуекелдерді басқару функцияларының тәуелсіздігі және олардың қажетті ақпаратқа қол жеткізуі қамтамасыз етілген бе?

29.14

Анықталған бұзушылықтардың, өтініштердің, аудиттердің және бұрын жүргізілген талдаулардың нәтижелері бойынша процестерді өзгерту жөнінде шаралар қабылданады ма; бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің қайталануы болғызбалған ба?

29.15

Ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіле ме; ол мазмұнды сипатта бола ма?

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарға

3-қосымша

 

Талдау әдістері және ақпараттың ықтимал көздері

 

Әдіс

Ақпараттың ықтимал көздері

Талдау объектісінде бар ақпаратты жинау және зерделеу

Мынадай факторларды ескере отырып:

– бүгінгі таңда талдау объектісіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейі қандай?

– қандай бақылау, превентивті тетіктер немесе оқыту бағдарламалары бар?

– олар қаншалықты тиімді?

– белгіленген талаптар тиісінше орындала ма?

Ішкі және сыртқы тексерулердің, тергеулердің және аудиттердің нәтижелері

Талдау объектісі жұмыскерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты сот органдарының шешімдері, қылмыстық істердің фабулалары

Талдау объектісінің жұмыскерлеріне қатысты тәртіптік және өзге де шаралар

Талдау объектісі жұмыскерлерінің іс-әрекеттеріне шағымдар және өзге де кері байланыс

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бақылаудың қолданыстағы тетіктерін реттейтін құқықтық актілер және өзге де құжаттар

Өзге де ақпарат

Талдау объектісі жұмыскерлерінің және өзге де сарапшылардың тәжірибесі мен білімін пайдалану

Әңгімелесулер, сұхбаттар

Сұрастырулар, сауалнамалар

Фокус-топтардағы талқылаулар

Ұқсас немесе аралас салалардағы, ұйымдардағы, бизнес-процестердегі, жобалардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәжірибесі туралы ақпаратты жинау және жинақтау

Ашық қолжетімділіктегі есептер

Интернет-ресурсты зерделеу, тікелей консультациялар

Зерттеулер, есептер

«Егер де» талдауы немесе белгілі бір тәуекелдер туындаған кездегі ықтимал сценарийлерді талқылаудың өзге де әдісі

Ми шабуылы

Фокус-топтардағы талқылаулар

Талдау объектісі қызметінің жекелеген бағыттары бойынша мамандандырылған жұмыс топтарын құру

Жағдайды модельдеу

Бизнес-процестердегі «тар жерлерді» және цифрлық жүйелердің техникалық кемшіліктерін анықтау үшін мемлекеттік қызметтер көрсету немесе халықпен байланысқа байланысты функцияларды орындау рәсімдерін практикалық сынақтан өткізу

Цифрлық жүйелердің деректерін талдау

Өтініштердің, істердің, тексерулердің және тапсырмалардың орындаушылар арасында бөлінуі туралы жүктемелер

Қолмен түзетулер, үлгілік бағыттардан ауытқулар және ақаулар кезіндегі іс-әрекеттер туралы мәліметтер

Рәсімдердің өту мерзімдері және белгіленген мерзімдерден ауытқулар туралы мәліметтер

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарға

4-қосымша

 

 

Талдамалық анықтаманың үлгілік құрылымы

 

Кіріспе бөлігі: сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешімнің (бұйрықтың) деректемелері және оны жүргізу мерзімі, талдаумен қамтылатын кезең, талдау объектісінің атауы, уәкілетті тұлғаның және жұмыс тобы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), пайдаланылған ақпарат көздерінің тізбесі.

 

Сипаттау бөлігі.

1-бөлім. Құқықтық актілер мен ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Әрбір анықталған тәуекел бойынша мыналар көрсетіледі:

1) құқықтық актінің (ішкі құжаттың) және нақты норманың атауы;

2) сыбайлас жемқорлық факторы және оның индикаторы;

3) сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы;

4) сыбайлас жемқорлық тәуекелінің деңгейі;

5) оны жою жөніндегі ұсыным.

 

2-бөлім. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Әрбір бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы, растайтын көздерді көрсете отырып оның сипаттамасы, сыбайлас жемқорлық тәуекелінің деңгейі және оны жою жөніндегі ұсыным көрсетіледі:

1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;

2) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;

6) бюджет қаражатын игеру және бөлу;

7) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

8) бюджеттік жоспарлау;

9) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;

10) цифрлық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

11) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелерге мыналар жатқызылуы мүмкін:

1) бизнес-процестерді ұйымдастыру және өкілеттіктерді бөлу;

2) ақылы қызметтер көрсету;

3) өтініштерді қарау және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау;

4) жобаларды және мемлекеттік қолдау алушыларды іріктеу, қаржыландыру және сүйемелдеу;

5) мүлік пен активтерді басқару;

6) қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

 

Қорытынды бөлігі: бағыттар және тәуекелдер картасының аймақтары бөлінісінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің саны, енгізілген ұсынымдардың саны туралы жиынтық мәліметтер, сондай-ақ ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтің жекелеген бағыттарының талдау объектісіне қолданылмауының негіздемесі.

 

Қосымшалар: тәуекелдер картасы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі, толтырылған критерийлер (бақылау сұрақтары), растайтын құжаттардың көшірмелері және өзге де материалдар.

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарға

5-қосымша

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа бейім функциялардың шамамен тізбесі

 

№

Сыбайлас жемқорлыққа бейім функциялардың шамамен тізбесі

Функция

Сыбайлас жемқорлық факторлары (үлгілік жағдайлар)

1

Мемлекеттік бақылау, қадағалау және аудит

Бақылау және қадағалау объектілерінің тізбесін қалыптастыру, келісу және бекіту

Тексерулерден «алып қашу» не олардың санын арттыру мүмкіндігі

2

 

Тексеру жүргізу

Бұзушылықтарды жасыру мүмкіндігі

3

 

Заңнаманың сақталуын қадағалауды жүзеге асыру

Заңнаманың сақталуын қадағалауды жүзеге асыру

4

 

Бақылау-қадағалау белгілерін қамтитын өзге де функцияларды іске асыру (тергеулер, рейдтер және тағы басқалар)

Бұзушылықтарды жасыру мүмкіндігі

5

 

Нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірмелер, ұстанымдар, қорытындылар (сараптамаларды қоса алғанда) беру

Фактілерді бағалауды бұрмалайтын дұрыс емес мәліметтер ұсыну мүмкіндігі

6

 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау және қарау

Хаттамада қателіктерге жол беру немесе іс жүргізуді тоқтату жолымен жауапкершіліктен «алып қашу» мүмкіндігі

7

 

Әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысу

Бастапқы ұстанымнан бас тарту мүмкіндігі

8

 

 

 

 

Әкімшілік жазаны орындау жөнінде шаралар қабылдау

Әрекетсіздік және жазаны орындау жөнінде шаралар қабылдамау мүмкіндігі

9

Мемлекеттік мүлікті басқару

Бюджеттік жоспарлау

Бюджеттік өтінімге бөлінетін қаражаттың артуына әсер ететін мәліметтерді енгізу мүмкіндігі

10

 

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

Еркін жоспарлау, бәсекелестікті шектеу (техникалық ерекшеліктер мен біліктілік талаптарын «бейімдеу», сатып алудың бәсекелестік емес тәсілі, өтінімдерді формалды негіздер бойынша қабылдамау, балдарды дұрыс есептемеу, сатып алуларды тоқтату, тапсырыс беруші мен өнім беруші тіл байласқан кезде бағаның демпингі), шартты орындау кезінде сәйкестікті бақыламау, сәйкес келмейтін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жалған актілер бойынша қабылдау және оларға ақы төлеу мүмкіндігі

11

 

Мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөнінде шешімдер қабылдау (бюджет қаражаты және қаржылық емес активтер, жекешелендіру, мемлекеттік қолдау)

Сеніп тапсырылған мүлікке құқықтарды өзге тұлғаларға, оның ішінде аффилиирленген тұлғаларға заңсыз беру мүмкіндігі (жалдау және меншік құқықтары, мүлікті иеліктен шығаруды қоса алғанда)

12

Мемлекеттік қызметтер және олардың белгілерін қамтитын қызметтер көрсету (өтініштерді қарау жолымен және өзге де тәсілдермен көрсетілетін «жасырын» қызметтер)

Рұқсаттар беру (лицензиялауды қоса алғанда), материалдық қолдау көрсету (қаржылық төлемдерді қоса алғанда), құжаттандыру, анықтамалар беру, тіркеу мемлекеттік қызметтері, сертификаттау, өзге де қызметтер

Өтінішті формалды негіздер бойынша қабылдамау, көзделмеген құжаттарды сұрату, қарау мерзімдерін «созу», нәтижені беруден заңсыз бас тарту мүмкіндігі

13

Кадр саясаты

Жұмысқа қабылдау рәсімдерін ұйымдастыру, ізденушілерге қойылатын талаптарды және конкурстық сұрақтарды жасау

Конкурстық талаптарды «бейімдеу» және конкурстық сұрақтарды белгілі бір ізденушілерге беру мүмкіндігі

14

 

Ізденушілерді бағалау және жұмысқа қабылдау

Белгілі бір ізденушілерге артықшылық беру мүмкіндігі

15

 

Еңбек жағдайларын жасау, қызметте жоғарылату

«Қолайлы» немесе «қолайсыз» жағдайлар жасау, қызмет бойынша тиесілі игіліктерді (материалдық көтермелеулерді, демалыстарды, қызметтік пәтерлер мен автокөлікті және басқаларын) іріктеп беру, тәртіптік жазаларды негізсіз қолдану, меритократия қағидатын сақтамау мүмкіндігі

16

Құқықтық актілерді қабылдау

Нормашығармашылық (нормативтік құқықтық актілерді қабылдау)

Нормативтік құқықтық актілерге белгілі бір функцияларды іске асырудың негізгі процестерін реттейтін, жекелеген тұлғалар мен салалық топтардың мүдделерін лоббилейтін дискрециялық нормаларды енгізу мүмкіндігі

17

Қызметтік және құпия мазмұндағы ақпаратпен жұмыс

«Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар және құпиялылық дәрежелері бар ақпаратты жасау, есепке алу және зерделеу

Мәліметтерді өзге тұлғаларға жария ету мүмкіндігі

18

Қызметті ұйымдастыру жөніндегі көмекші функциялар

Ұйымдастыру-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық шешімдер қабылдауға әсер ететін ақпаратты қалыптастыру және дайындау (кадрлар бойынша шешімдер, оның ішінде қабылдау, жұмыстан босату, жазалар мен көтермелеулер; қаржы бойынша шешімдер, оның ішінде мемлекеттік сатып алу, мүлікті кез келген тұлғаларға иеліктен шығару, сатып алу және уақытша беру; өзге де шешімдер)

Басқарушылық шешімдерге әсер ететін ақпаратты жасыру немесе бұрмалау мүмкіндігі

19

 

Комиссиялық органдардың (кадрлар, тұрғын үй, жер, гранттар, субсидиялар және тағы басқалар) қызметін дайындау және ұйымдастыру

Комиссиялардың шешімдеріне әсер ететін ақпаратты жасыру немесе бұрмалау мүмкіндігі

20

 

Талдау, мониторинг (ұсынымдар мен ұсыныстарды, оның ішінде шешім қабылдау үшін басшылыққа қалыптастыру)

Талдау немесе мониторинг объектілеріне қатысты шешім қабылдауға әсер ететін дұрыс емес тұжырымдар қалыптастыру мүмкіндігі

21

 

Шешім қабылдауға әсер ететін есепке алу және есептілікті қалыптастыру (қаржы: мүлікті есепке алу, түгендеу және тағы басқалар; бақылау және қадағалау: тексеру туралы шешімге әсер ететін есептілік және басқалары)

Талдау немесе мониторинг объектілеріне қатысты шешім қабылдауға әсер ететін дұрыс емес көрсеткіштерді қалыптастыру мүмкіндігі

22

Ақпараттық жүйелер

Ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру, қол жеткізу құқықтарын бөлу, қолмен түзетулер енгізу

Деректерді заңсыз өзгерту немесе жою, белгіленген алгоритмдер мен бағыттарды айналып өту, өтініштер мен бақылау объектілерінің бөлінуіне ықпал ету мүмкіндігі

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарға

6-қосымша

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің атауы: _______________________________________________________________

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарға

7-қосымша

 

 

Бекітемін

____________________________

(талдау объектісі басшысының

лауазымы, тегі, аты-жөні)

____________________________

(қолы) ______________ (күні)

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі

іс-шаралар жоспары

 

______________________________________________________

(талдау объектісінің атауы)

 

№

Ұсыным

Іс-шара

Іс-шараны аяқтау нысаны

Орындаушылар

Іс-шараны орындау мерзімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарға

8-қосымша

 

 

Тәуекелдердің ықтималдығын бағалау критерийлері

Балл

Мәні

Іске асырылу жиілігі

Іске асырылу ықтималдығы

1

Өте сирек

Талдау объектісінің қызметінде соңғы 5 жылда тіркелген жекелеген оқиғалар.

Оқиға өте сирек жағдайларда не 1 %-ға дейінгі іске асырылу ықтималдығымен іске асырылуы мүмкін.

2

Сирек

Талдау объектісінің қызметінде соңғы 2 жылда аз белгілі болған немесе тіркелген оқиғалар

Оқиға сирек жағдайларда не 1 %-дан 10 %-ға дейінгі іске асырылу ықтималдығымен іске асырылуы мүмкін

3

Кейде

Оқиға талдау объектісінің қызметінде соңғы жыл ішінде тіркелген.

Тәуекелдің іске асырылу ықтималдығы 11 %-дан 25 %-ға дейін

4

Жиі

Оқиға талдау объектісінің қызметінде соңғы жарты жыл ішінде тіркелген.

Тәуекелдің іске асырылу ықтималдығы 26 %-дан 50 %-ға дейін.

5

Өте жиі

Оқиға соңғы жарты жыл ішінде бірнеше рет тіркелген.

Оқиғаның іске асырылу ықтималдығы өте жоғары – 50 %-дан 100 %-ға дейін.

 

Тәуекелдердің әсерін бағалау критерийлері

Балл

Әсер ету дәрежесі

Салдардың жалпы сипаттамасы

Комплаенс (талаптардың сақталуы)

1

Елеусіз

Тәуекел іске асырылған жағдайда қандай да бір теріс салдардың болмауы.

Реттеуші талаптардың елеусіз бұзылуы. Талдау объектісінің жұмыскерлерін әкімшілік және (немесе) өзге де жауапкершілікке тарту үшін негіздердің болмауы. Талдау объектісіне қатысты айыппұлдардың, өсімпұлдардың, тұрақсыздық айыбының және өзге де қаржылық бұзушылықтардың болмауы. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуының болмауы.

2

Байқалатын

Тәуекелдің іске асырылуынан туындайтын салдардың елеусіз болуы.

Реттеуші талаптардың шағын бұзылуы. Айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы алынуы мүмкін екені туралы ескерту алу және талдау объектісіне қатысты өзге де қаржылық бұзушылықтарды анықтау.

3

Ірі

тәуекелдің іске асырылуынан туындайтын салдардың елеулі болуы, бірақ толық түзетілуі мүмкін.

Айыппұлдардың, өсімпұлдардың, тұрақсыздық айыбының және өзге де қаржылық бұзушылықтардың туындауына әкеп соғуы мүмкін реттеуші талаптардың қайталанып бұзылуы. Талдау объектісінің жұмыскерлерінен айыппұл өндіріп алу. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы.

4

Сын-қатерлі

Тәуекелдің іске асырылуынан туындайтын салдардың өте елеулі болуы, бірақ белгілі бір дәрежеге дейін түзетілуі мүмкін.

Талдау объектісі айыппұл, өсімпұл, тұрақсыздық айыбын және басқаларын төлеуге міндетті болатын реттеуші талаптардың елеулі бұзылуы. Талдау объектісінің жұмыскерлерін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы.

5

Апатты

Тәуекелдің іске асырылуынан туындайтын салдардың өте елеулі болуы және түзетілмеуі, тәуекелдің өтелмейтін салдары болуы.

Реттеуші талаптардың аса ауыр бұзылуы не ірі айыппұлдарға, өсімпұлдарға, тұрақсыздық айыбына және өзге де төлемдерге, сондай-ақ берілген лицензияларды (олар болған кезде) кері қайтарып алуға әкеп соққан бірнеше қаржылық бұзушылық. Жұмыскерлерді әкімшілік, қылмыстық және (немесе) өзге де жауапкершілікке қайталап тарту. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы.

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарға

9-қосымша

 

 

Талдау объектісінің тәуекелдер картасы

Әсер

5

5

10

15

20

25

4

4

8

12

16

20

3

3

6

9

12

15

2

2

4

6

8

10

1

1

2

3

4

5

 

1

2

3

4

5

 

Ықтималдық

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарға

10-қосымша

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген

ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің атауы: __________________________________________________________________

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі ______________

Талдамалық анықтамаға қол қойылған күні: ____________

 

№

Ұсыным

Іс-шаралар жоспарына сәйкес аяқтау нысаны

Растайтын құжаттарды көрсете отырып, ұсынымның орындалуы туралы ақпарат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарға

11-қосымша

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің

ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу нәтижелері

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің атауы:

_____________________________________________________________

Талдаумен қамтылған кезең: ________________________

Талдамалық анықтамаға қол қойылған күні: ____________

 

Барлығы ____ ұсыным енгізілді.

Оның ішінде:

толық көлемде орындалды – _____;

ішінара орындалды – _____;

орындалмады – _____;

өзектілігін жоғалтты – _____.

 

№

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсыным

Іс-шаралар жоспарына сәйкес аяқтау нысаны

Орындалуы туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге уәкілетті тұлғаның бағасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
18 сентября 2026