Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қарашада № 14441 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 06.08.2026 № 138 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік |
|
|
қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа |
|
|
қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы |
Қ. Қожамжаров |
|
|
Қазақстан Республикасы |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 16.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) объективтілік;
2) сенімділік;
3) айқындық;
4) жан-жақтылық қағидаттарында жүргізіледі.
2-тарау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібі
Бұл ретте, осы Үлгілік қағидаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің басшылары деп мемлекеттік органның және оның ведомствосының, ұйымның басшылары, сондай-ақ олардың қызметіне ағымдағы басшылықты жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары түсініледі.
1) қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімшенің атауы;
2) осы Үлгілік қағидалардың 11-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жолдау;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды адамдар) немесе жұмыс тобының дербес құрамы туралы;
4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтитын кезең;
5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі;
6) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды адамы туралы ақпаратты қамтиды.
Қажет болған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісі басшысының бұйрығы негізінде, 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган талдау объектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізген жағдайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ол аяқталған күннен бастап бір жыл өткен соң жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген мерзімдер осы Үлгілік қағидалардың 13-тармағында белгіленген жекелеген мәселелер бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауларына қолданылмайды.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 06.08.2026 № 138 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;
2) мүдделер қақтығысын алдын алу және реттеу;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;
5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;
6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
7) мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру;
8) бюджеттік жоспарлау;
9) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;
10) цифрлық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;
11) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 06.08.2026 № 138 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы Үлгілік қағидалардың 11-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес талдау объектісі туралы ақпаратты жинау және талдау;
2) осы Үлгілік қағидалардың 18, 19, 20 және 21-тармақтарына сәйкес талдамалық анықтама дайындау;
3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды олардың тізбесін қалыптастыра отырып айқындау;
4) осы Үлгілік қағидалардың 25-тармағына сәйкес бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою шараларын қабылдау.
1) талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер, ішкі құжаттар;
2) талдау объектісінің қызметі туралы ведомстволық статистикалық есептілік;
3) мемлекеттік және құқық қорғау органдарының цифрлық жүйелерінің талдау объектісінің қызметі туралы деректері;
3-1) талдау объектісінің қызметіне байланысты мәселелер бойынша заңды күшіне енген сот актілері;
4) талдау объектісіне қатысты мемлекеттік органдар бұрын жүргізген тексерулердің нәтижелері;
5) ішкі аудит қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері;
7) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
7-1) талдау объектісінің ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты болуы мүмкін ақпаратты қамтитын әлеуметтік желілерде және интернет-ресурстарда жарияланған жарияланымдар, өтініштер және өзге де мәліметтер;
8) талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
9) талдау объектісінің қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін анықтау және жауапқа тарту туралы мәліметтер;
10) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бұрын жүргізілген ішкі талдау нәтижелері;
11) талдау объектісінің қызметшілерін, жұмыскерлерін сұрастыру (сұхбат) нәтижелері;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында ұсынуға тыйым салынбаған өзге де мәліметтер болып табылады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 31.03.2026 № 52 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.08.2026 № 138 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты;
2) оларды жою жөніндегі ұсынымдар;
3) осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі.
19-1. Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау нәтижелері бойынша ішкі талдау субъектісі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қажеттілігі туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органға сұрау салуға құқылы.
Ескерту. 2-тарау 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 06.08.2026 № 138 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар құқықтық мониторинг жүргізу кезінде қолданылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 06.08.2026 № 138 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысына жарты жылда бір рет, 15 қаңтар және 15 шілдеге дейін ұсынылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат 6 айда кемінде бір рет құпиялылық режимін қамтамасыз етуді, қызметтік, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын ескере отырып, мемлекеттік органның, ұйымның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 06.08.2026 № 138 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
|
Сыбайлас жемқорлық |
Форма
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
_________________________________________________________
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сыбайлас жемқорлық |
||||
Форма
|
|
Бекітемін |
|
|
____________________________ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
__________________________________
(талдау объектісінің атауы)
|
р/с № |
Ұсыным |
Іс-шара |
Іс-шараны аяқтау нысаны |
Орындаушылар |
Іс-шараны орындау мерзімі |
|
|
|
1. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сыбайлас жемқорлық |
||||||
Форма
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: ______
________________________________________________________________
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: ________
Талдамалық анықтамаға қол қойылған күні:_____________
|
р/с № |
Ұсыным |
Іс-шаралар жоспарына сәйкес аяқтау нысаны |
Ұсынымның орындалуы туралы ақпарат |
|
1. |
|
|
|
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК