«Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспары

№

Іс-шаралар

Орындау мерзімі

Жауапты

1

 

 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен бәсекелестігін қамтамасыз ету, құжаттарды қарау кезінде мүдделер қақтығысына жол бермеу

Тұрақты

Бөлім басшысы

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі жауапты маман

2

Қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен және өзге де азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Тоқсан сайын

Бөлім басшысы

3

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша әзірленген іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізу және анықталған кемшіліктер бойынша түзету шараларын қабылдау

Жартыжылдық сайын

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі жауапты маман

4

Бөлімнің ресми әлеуметтік желілеріндегі парақшаларда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, қоғамдық жобалар, өткізілетін іс-шаралар және олардың нәтижелері туралы ақпараттың ашық әрі уақтылы жариялануын қамтамасыз ету

Тұрақты

Бұқаралық ақпарат құралдары  жөніндегі жауапты маман

5

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын жобалар туралы әлеуметтік желілерде ақпарат орналастырудың ашықтығын қамтамасыз ету және жарияланатын материалдардың нақты орындалған жұмыстарға сәйкестігін бақылау

Тоқсан сайын

Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі мамандар

 

6

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерінің орындалуына мониторинг жүргізу

Жартыжылдық сайын

Бөлім басшысы

Дата публикации
10 сентября 2026