«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес 2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жария талқылау 2026 жылғы 23 қазан мен 2026 жылғы 06 қараша аралығында 10 жұмыс күні ішінде онлайн форматта өткізіледі. Сұрақтар, түсініктемелер, ұсыныстар, ескертулер жазбаша түрде (электрондық мекенжайға ovp.zhambyl@mail.ru) ауызша түрде де (тел. 871544-21841) қабылданады, сондай-ақ түсініктемелерді сайтта қалдыруға болады.
Жобалар тізіміне сілтеме:
https://www.gov.kz/org/ovp-zhambyl/documents/details/1088868?lang=ru
https://www.gov.kz/org/ovp-zhambyl/documents/details/1088868?lang=kk
Анықтама телефоны:871544-21841
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ электр энергиясын бөлшек саудада өткізу бағасының алдағы өзгеруі туралы ақпаратты талқылау бойынша жария тыңдауларға қатысуға шақырады.
Жария тыңдаулар 2026 жылғы 15 қыркүйекте сағат 15:00-де мына мекенжайда өтеді: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57 «В», 335-кабинет.
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес тариф жобасын талқылау бойынша жария тыңдауларға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.
Сонымен қатар жария тыңдауларға ZOOM қосымшасы арқылы қатысуға болады:
идентификатор: 540 130 1900
пароль: 12345
Жария тыңдаулардың трансляциясы Facebook платформасында да жүргізіледі: https://www.facebook.com/profile.php?id=100043427352343
ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті
📌Қазақстанда 7-13 қыркүйек аралығында өтетін Отбасы күніне арналған апталық басталды. Елімізде Отбасы күні дәстүрлі түрде қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтеді.
Апта бойы еліміздің өңірлерінде отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және саналы ата-ана болудың маңызын түсіндіруге бағытталған ақпараттық, танымдық және қоғамдық іс-шаралар өтеді.
Апталықтың әр күні жеке тақырыпқа арналады. Бағдарлама ұрпақтар сабақтастығы, саналы түрде отбасын құру, бала денсаулығы мен қауіпсіздігі, отбасы берекесі және ата-ана мен баланың бірге уақыт өткізуі секілді маңызды тақырыптарды қамтиды.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде «Отбасымыздың бір күні» ұранымен жалпыұлттық #Otbasym2026 челленджі өтеді.
Экспедиция «Теріскей өлкесінің тарихи іздері» тарихи-танымдық ғылыми экспедициясы аясында ұйымдастырылды.
Экспедиция құрамында жоба жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Бекенова Гүлнар Шияповна, ғылыми-зерттеу тобының мүшелері Тоғыс Мәулен Мырзағұлұлы және Касимова Дильназ болды.
Кездесуді Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Шүмеков Эльдар Сапарұлы ашып, экспедиция мүшелеріне сәттілік тілеп, өңірдің тарихи-мәдени мұрасы мен жер-су атауларын ғылыми тұрғыдан зерделеудің маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара барысында аудан аумағындағы тарихи жер-су атауларының шығу төркініне қатысты құнды деректер жинақталып, өлкетанушылармен, тарихшылармен және жергілікті тұрғындармен пікір алмасылды.
Кездесуге ауылдық округ әкімдері, ардагерлер, педагогтер, мәдениет саласының өкілдері және Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Мұндай ғылыми-зерттеу жұмыстары тарихи-мәдени мұраны сақтау, тарихи атауларды жүйелеу және ұлттық құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізуде маңызды рөл атқарады.
Жамбыл ауданында «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараның мақсаты – отбасы институтын нығайту, жанұялық құндылықтарды дәріптеу, өнегелі отбасыларды қоғамға үлгі ету және ұрпақтар сабақтастығын насихаттау.
Жеңімпаздарды Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бекпаева Құралай Жәкенқызы салтанатты түрде марапаттап, дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыстады. Сонымен қатар, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Саттарова Жұлдыз Сәлімжанқызы қатысушыларды құттықтап, отбасы құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығына тоқталып, ізгі тілегін білдірді.
Конкурс қорытындысы бойынша:
🥉 ІІІ орын – Пресновка ауылынан Ақбасовтар отбасы;
🥈 ІІ орын – Благовещенка ауылынан Тастановтар отбасы;
🥇 І орын – Жамбыл ауылынан Джембаевтар отбасы.
Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша Джембаевтар және Тастановтар отбасылары Жамбыл ауданының намысын облыстық кезеңде қорғайтын болады.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы – отбасы құндылықтарын дәріптеуге, өнегелі жанұялардың мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды жоба. Осындай үлгілі отбасылар қоғамдағы бірлік пен татулықтың, ұрпақ тәрбиесінің және ұлттық құндылықтардың жарқын үлгісі болып табылады.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Джембаевтар мен Тастановтар отбасыларына облыстық кезеңде сәттілік тілейміз! Отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және толайым табыс тілейміз!
Кейінгі тоғыз жыл ішінде бұл сыйлықақы 558 үкіметтік емес ұйымға табысталды. Жыл сайын олардың қатарында аудандар мен ауылдық елді мекендердің дамуына үлес қосып жүрген 10-ға жуық ауылдық үкіметтік емес ұйым бар.
Егер ұйымыңыз қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып, өз саласында нәтижелі жұмыс атқарып, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге үлес қосып жүрсе, сіздерді үздік үкіметтік емес ұйымдарды анықтауға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
✔️Өтінім қабылдау 2026 жылғы 1 қыркүйекте сағат 18:30-да (Астана уақытымен) аяқталады.
Байқауға қатысу талаптары туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/1035722?lang=kk
Қосымша ақпарат бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:
8 (7172) 74-07-41, 74-09-97, 74-02-17.
Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі баршаңызды «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауына қатысуға шақырады.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттыру, жарнама мәтіндерін сауатты ресімдеуді насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ тіл мәдениетін дамытуға үлес қосып жүрген азаматтарды қолдау.
Байқауға қатысуға шақырылады:
- квазимемлекеттік сектор өкілдері;
- кәсіпкерлік субъектілері;
- тауар өндірушілер;
- жарнама мәтіндеріндегі тілдік қателерді анықтау және түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар.
Өтінімдер 2026 жылғы 15 шілдеге дейін ovp.zhambyl@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу туралы ереже қоса беріледі.
Қосымша ақпарат алу үшін Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Дружбы көшесі, 8, немесе 2-18-41 телефоны арқылы.