Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда «114 Қауырт желi» сенiм телефоны iске қосылды

Қазақстанда «114 Қауырт желi» сенiм телефоны iске қосылды

«114 қауырт желiсi» — бұл дiн туралы барлық сұрақтар бойынша кеңес беретiн, сонымен бiрге деструктивтi дiни ағымдардың әрекетiнен зардап шексеңiз психологиялық және құқықтық көмек көрсететiн тегiн колл-орталық және чат-сайт. Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiнiң қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес АҚ мемлекеттiк гранты аясында «Social Development Center» қоғамдық қорымен iске асырылған.

Мамандар сiздердiң өтiнiштерiңiздi телефон және онлайн-режимде қазақ және орыс тiлiнде қабылдайды. «Қауырт желiнiң» барлық операторлары бiлiктi дiнтанушылар болып табылады және дiн тақырыбындағы барлық сұрақтарға дұрыс жауап бере алады. Егер сұрақ арнайы маманды қажет етсе, оператор сiздiң мәселеңiздiң сипатын анықтап, сiздi теологпен, психологпен немесе заңгермен байланыстырады. Барлық кеңес берулер тегiн және конфиденциалды түрде өтедi.

«114 қауырт желiсi» аптасына 7 күн 9:00-18:00 дейiн жұмыс жасайды.

«Қауырт желiге» қалалық немесе ұялы телефоннан келесi номерлерге қоңырау шаласыз: 114 (қалалық), 8(800)-0805-114 (ұялы телефоннан). Сондай-ақ, сiз керi қоңырауға тапсырыс бере аласыз немесе сайттан онлайн-кеңес ала аласыз: www.114.kz 

Хабарландыру

Құрметтi Жамбыл ауданының тұрғындары, мемлекеттiк органдардың жедел әрекет ету үшiн ұсыныстарды, шағымдар мен хабарламаларды 87084429092 нөмiрiне WhatsApp арқылы жiберуге болатынын хабарлаймыз.

Хабарландыру

Елiмiзде короновирустық инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған шектеу шараларын енгiзуге байланысты, «Жамбыл ауданының iшкi саясат бөлiмi» КММ азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылғандығын хабарлаймыз.

Қажет болған жағдайда Сiз мемлекеттiк органның ресми сайтында «Виртуалды қабылдау» арқылы жүгiне аласыз.


«ҚАУЫРТ ЖЕЛI»
110

  • Егер Сiзге терроризм актiлерiн дайындау, қаржыландыру және ұйымдастыру туралы;
  • радикалды көзқарастағы дәстүрлi емес дiни ағымдарды жақтаушыларды жалдау, қаруландыру, оқыту фактiлерi туралы;
  • терроризм және дiни экстремизм идеологиясын насихаттау және тарату туралы мәлiм болса

ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.


Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 2018 жылғы 1 шілдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды

ҮЕҰ Дерекқоры бойынша Жадынама

Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар

ҮЕҰ Дерекқоры бойынша сұрақ-жауаптар 

Дата публикации
25 января 2024
Дата обновления
25 января 2024
Тип

Сейчас читают

20 мая 2026
Бөлім туралы
20 мая 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы
20 мая 2026
Ішкі саясат және дін саласындағы жалпы мәліметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы