"Salyq кэшбэк" жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақы сомаларын төлеу жөніндегі "Salyq кэшбэк" пилоттық жобасын іске асыруда.

Қазіргі уақытта жоба Қазақстанның бірнеше өңірінде іске асырылды, қосылу кезең-кезеңімен жүргізілуде. 2025 жылғы 15 сәуірден бастап бұл пилоттық жоба Солтүстік Қазақстан облысының бес ауданында, оның ішінде Жамбыл ауданында да басталады.

Осы жоба шеңберінде сатып алушы жеке тұлға қолма-қол ақшасыз және/немесе қолма-қол ақшамен төлеген кезде және микро және шағын бизнестен фискалдық чек алған кезде "Amian" арнайы мобильді қосымшасында штрих-кодты сканерлейді және сатып алу сомасының 2% мөлшерінде "Salyq кэшбэк" сыйақыларын алады.

"Salyq кэшбэк" – "Amian" қосымшасында қосылған фискалдық чек үшін нақты ақша түріндегі сыйақы.

Пилоттық жобаның негізгі мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту болып табылады.  Чектер санының өсуі жергілікті бюджетке салық түсімдерінің өсуіне әкеледі.

Дата публикации
28 апреля 2025