Іс-шара аясында Тимирязев ауданының этномәдени орталықтары, агротехникалық колледж, «Земляки» клубы және Ардагерлер кеңесі дайындаған түрлі нан-тоқаш өнімдері ұсынылды.
📚 Сонымен қатар, Орталық аудандық кітапхана нанның тарихы, оған қатысты салт-дәстүрлер мен халық өміріндегі маңызына арналған тақырыптық көрме ұйымдастырды.
🌾 Аталған іс-шара нанның қадір-қасиетін дәріптеуге, диқаншылардың еңбегіне құрмет көрсетуге және халықтық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын насихаттауға мүмкіндік берді.
Тимирязев ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атты дебаттық турнирлер өтті.
Қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мүдделер қақтығысын шешу, мемлекеттік басқаруға жасанды интеллектіні енгізу, азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мәселелерін талқылады.
Дебат барысында қатысушылар шешендік өнерлерін, өз ұстанымдарын дәлелдеу және сындарлы диалог жүргізу қабілеттерін көрсетті. Ұсынылған барлық тақырыптар жан-жақты қамтылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Тимирязев ауданында Еңбек күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараға Тимирязев ауданының әкімі Жаров Ерлан Қайырұлы қатысты.
Бұл күні өз еңбегімен, кәсіби шеберлігімен және жауапкершілігімен туған ауданның дамуы мен әл-ауқатына елеулі үлес қосып жүрген еңбек адамдарына құрмет көрсетілді.
Іс-шара аясында қатысушыларға арнап мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.
Кездесудің жалғасы Digital Creative Center орталығында өтіп, қонақтарға экскурсия ұйымдастырылып, заманауи цифрлық кеңістіктің мүмкіндіктері таныстырылды.
Қонақтардың ерекше қызығушылығын ауыл шаруашылығында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану тақырыбындағы таныстырылым тудырды. Онда деректерді талдау, егіс алқаптарын мониторингтеу және заманауи цифрлық шешімдерді пайдалану арқылы аграрлық өндірістің тиімділігін арттыру мүмкіндіктері көрсетілді.
Байқау отбасылық құндылықтарды нығайтуға, салт-дәстүрлерді сақтауға және қоғамдағы отбасының маңыздылығын арттыруға бағытталған.
Іс-шара барысында байқауға қатысқан отбасыларға белсенді қатысқаны, отбасылық дәстүрлерді дәріптеп, үлгі көрсеткені және отбасы институтын нығайтуға қосқан үлесі үшін естелік сыйлықтар табысталып, алғыс сөздер айтылды.
Мерекелік іс-шара жылы әрі салтанатты жағдайда өтіп, аудан отбасыларын бір арнаға тоғыстырды.
1 шілдеден бастап Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға арналған жыл сайынғы сыйлықақы беру байқауына өтінім қабылдау басталды.
Кейінгі тоғыз жыл ішінде бұл сыйлықақы 558 үкіметтік емес ұйымға табысталды. Жыл сайын олардың қатарында аудандар мен ауылдық елді мекендердің дамуына үлес қосып жүрген 10-ға жуық ауылдық үкіметтік емес ұйым бар.
Егер ұйымыңыз қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып, өз саласында нәтижелі жұмыс атқарып, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге үлес қосып жүрсе, сіздерді үздік үкіметтік емес ұйымдарды анықтауға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
✔️Өтінім қабылдау 2026 жылғы 1 қыркүйекте сағат 18:30-да (Астана уақытымен) аяқталады.
Байқауға қатысу талаптары туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/1035722?lang=kk
Қосымша ақпарат бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:
8 (7172) 74-07-41, 74-09-97, 74-02-17.
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру үшін жыл сайын 31 наурызға дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне ұйымның қызметі туралы мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде ұсынуы қажет (Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10, 14-кіреберіс, индекс 010000).
Интернет-порталда infonpo.gov.kz ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру Нысаны және ҮЕҰ үшін нұсқаулық орналастырылған.
НҚА бөлімінде: «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы
19 ақпандағы № 51 бұйрығы, Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорын қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар.
Ақпаратты ұсынылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 489-1 бабына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Анықтама телефондары: 490212, 461458, 500162. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58,
4 қабат, 408, 409 бөлме.
СҚО Ішкі саясат басқармасы, қоғамдық даму басқармасы.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті елдегі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, қарым-қатынастарды барынша азайту мақсатында мемлекеттік қызметтерді ұсыну тек электрондық форматта жүзеге асырылатынын хабарлайды. Қағаз тасығыштағы өтініштер мемлекеттік қызмет электрондық түрде іске асырылмаған жағдайда ғана қабылданады.
Біздің Орталықтардағы Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарына кіру де тоқтатылады.
Бұдан басқа, салық төлеушілердің және Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының барлық мәселелері бойынша, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, қойылған хабарламалар, есеп айырысу шоттарын ашу/жабу, жергілікті салықтар есептелген, пайда болған берешек, қызметті тоқтату және басқа да салық және кеден міндеттемелері бойынша консультациялар өткізу үшін облыстың барлық аудандық және Петропавл қ. мемлекеттік кірістер органдарында Байланыс орталықтарын құру туралы шешім қабылданды. Сондықтан біздің облыс тұрғындарымызды ұсынылған мүмкіндікті пайдалана отырып, мемлекеттік кірістер органдарына бармай, қызықтыратын сұрақтарға қашықтықтан жауап алуды сұраймыз.
Байланыс орталығы қызметкерлерінің тізімі ҚР ҚМ МКК (http://kgd.gov.kz), ҚР ҚМ МКД (http://sko.kgd.gov.kz) сайттарында, Департаменттің әлеуметтік желілерінде орналастырылған.
Осы шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз.
СҚО бойынша МКД
Құрметті салық төлеушілер!
«Төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары халықтың тікелей байланысын азайту және короновирус жұқтырудың ықтимал жағдайларын болдырмау үшін бірқатар шаралар қабылдады.
Солай, заңды және жеке тұлғалар үшін өтінішті ұсынбай, салық есептілігін электрондық түрде табыс еткен жағдайда, салық есептілігі нысандарын табыс ету мерзімдерін 2020 жылғы 30 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл норма салық есептілігінің мынадай нысандарына қатысы:
Камералдық бақылау жүргізу бөлігінде уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды:
Салықтық және кедендік тексерулер бөлігінде.
Құрметті салық төлеушілер Сіздерді уақытша шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Толығырақ ақпарат СҚО бойынша МКД сайтында және әлеуметтік желілерінде орналасқан:
https://www.facebook.com/sko.kgd.gov.kz/;