Меню

Страницы

Статья

Бөлімнің негізгі міндеттері

«Тимирязев ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекеме, бұдан әрі «Мекеме» жедел басқару құқығында онашаланған мүлкі бар және осы мүліктермен өз міндеттері жөнінде жауап беруге, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттер алуға және жүзеге асыруға, сотта талапкер және жауапкер болуға, дербес балансы мен мемлекеттік тілінде өз атауы жазылған мөрі бар заңды тұлға болып табылады.

«Тимирязев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекеме 2005 жылғы 5 қаңтардағы №1 Тимирязев ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде құрылды, 2006 жылғы 16 қаңтардағы №3 Тимирязев ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемеге атауына өзгертілді.

Мекеме мына мекен-жайда орналасқан: 151100, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев селосы, Ш.Уәлиханов көшесі, 1 үй.

Тимирязев ауданының әкімдігі, бұдан әрі «Құрылтайшы» атауы, мекемеге жедел басқаруға берілген мүліктің меншік иесінің өкілі болып табылады.

Мекеменің негізгі міндеттері:

1) қоғамдық процестерді демократизациялау, мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік саясатын қалыптастыруды жүзеге асыруға қатысу;

2) бөлім тарапына жататын сұрақтар жөнінде Қазақстан Республикасының Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және аудан әкімдіктерінің, әкімдерінің тапсырыстары, сондай-ақ актілері, мемлекеттік ішкі саясатын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік және лауазымдық тұлғалардың жұмысын қадағалау;

3) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, 2030 жылға дейін Қазақстанның даму Стратегиясының негізін насихаттау, түсіндіру;

4) мемлекеттік ішкі саясатын түсіндіру, насихаттау жөнінде аумақтық бағдарламалары, Қазақстан Республикасының ішкі саясат, қоғамдық саяси сала сұрақтары жөнінде Заң жиынтығын жүзеге асыру жұмыстарын қадағалау;

5) аумақта болып жатқан қоғамдық саяси процестерді жан-жақты және объективті қарастыру, жалпылау және талдау жасап, олардың дамуына назар аудару;

6) аудан деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау жөнінде ақпарат құралдары қызметіне бақылау жасау, аудан деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру;

7) аумақтағы қоғамдық саяси жағдайға болжау жасауға бағыталған саяси әлеуметтік саясаттандырулық зерттеулер өткізу;

8) қоғамдық бірлестіктермен, ақпарат құралдары, қоғам өкілдері, кәсіптік одақтармен, дін ұйымдарымен өзара-қатынас жасау;

9) ұлттық-мәдениеттік орталықтарының қызметтеріне жәрдем жасау;

10) мемлекеттік сатып алу жөнінде конкурстер өткізу;

11) мемлекеттік қаржылық тәртіпті сақтау;

Мекеме өзіне жүктелген міндеттерді аудандық мәслихат және қоғамдық ұйымдардың тұрақты комисияларының ұсыныстарын есепке ала отырып шешеді.

Мекеменің негізгі функциялары мен мақсаттары:

4.1.Меншік иесінің және меншік иесінің мүлкінен алынатын және өз қызметінің мақсатына және тағайындалған мүліктерге, осы мүліктерді пайдалану, иелену және жедел басқару құқығына сәйкес заңдық актілерімен белгенген шеңберінде жүзеге асырылатын қаражат есебінен қаржыландырылатын мекеменің заттық құқығы жедел басқару құқығы болып табылады.

4.2.Мекеменің мүлкін негізгі қорлап және айналымдағы қаражаттар, сондай-ақ құны дербес баланста көрсетілетін құндылықтыр құрайды.

4.3.Мекеменің мүлкі мыналар арқылы құрайды:

1) меншік иесімен берілген мүліктер;

2) өз қызмет нәтижесінде алынған ақша қаражаттарын қоса мүліктер;

3) заңдармен тайым салынбаған басқа да көздер есебінен құралады.

4.4.Мекеменің сату – сатып алу, айырбастау шарты негізінде немесе негізгі қорларға жататын мүліктермен басқа да мәліметтер жасауды Құрылтайшының келісімінсіз алуға және қарастыруға құқы жоқ.

4.5.Мекеме Құрылтайшынның келісімінсіз банктік несиелерді пайдалануға құқы жоқ.

4.6.Мекеменің жедел басқаруына жатаатын мүліктің меншік иесі заң актілеріне сәйкес затты анықтау, оның қызметінің мақсаттары мен сақталу мәселелерін шешеді, Мекеменің заңды тағдырын анықтау құқығына ие болады.

4.7.Құрылтайшы мекемеге берілген мүліктердің тиімді пайдалануына және сақталуына бақылау жасайды.

4.8.Мекеменің сметасы жөнінде өзіне бөлінген қаражат есебінен алуға, өзіне бекітілген мүліктерді иесіздендіруге немесе өзгеше өкім етуге құқы жоқ.

4.9. Мекеме Құрылтайшымен келісе отыра, бөлімшелер ашуға құқылы.

4.10.Еңбек ақы төлеу қоры, еңбек ақы төлеу нысаны, лауазымды тұлғалардың жалақысы Құрылтайшымен белгіленеді.

4.11.Кәсіпкерлік қызметтен түскен пайда мен мүліктер мекеменің дербес өкіміне енеді және жеке баланста есепке алынады, осы Ережемен қарастырылған мақсаттарға жұмсалады.

Бөлімнің құқығы:

1) өз құзіреті шегінде құқылы:

- Мекеме қызметі аясына кірушімен мәдениет және тілдерді дамыту мәселері бойынша шешімдер қабылдауға, бұйрықтар шығаруға;

- Өз функцияларын орындау үшін заңмен белгіленген тәртіпте барлық мемлекеттік мекемелерден ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан ақпараттар сұрауға және алуға;

- Мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болуға және жүзеге асыруға, сотта қуынушы және жауап беруші болуға;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес заңды және жеке тұлғаларымен басқа да заңды әрекеттер жасауға;

- Аудан аумағында әдістемелік басшылықты іске асыруға, жеке меншік нысандарына қарамастан кәсіпорындарға, ұйымдарға мәдениет және тілдерді дамыту саласында әдістемелік көмек көрсетуге.

Мекемені лауазымға Тимирязев ауданы әкімімен тағайындалып, лауазымнан босатылатын бастық басқарады. Мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және мемлекеттік мекемеге жүктелген тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етеді. Аудан әкіміне Қазақстан Республикасының құрмет грамоталары және марапаттарымен марапаттау туралы қолдаухатымен бөлімнің ерекше көзге түскен мамандарының тізімін береді.

Дата публикации
15 января 2024
Дата обновления
15 января 2024
Тип

Сейчас читают

01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
15 января 2024
Бөлім туралы
15 января 2024
Ақпараттық материал

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы