GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Бөлім туралы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
13 октября 2026
Әкім сағаты
09 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.

Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:

- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;

- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;

- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;

- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;

- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;

- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;

- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.

Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.

Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.

Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.

Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.

«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.

Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.

Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz

Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

 

Білім беру
05 октября 2026
Құрметті ұстаздар, білім беру саласының ардагерлері мен қызметкерлері!

Сіздерді Ұстаздар күнімен құттықтаймын!

Еңбектеріңіз, даналықтарыңыз және өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздерге амандық, құрмет, шабыт және жұмыстарыңызға табыс тілеймін!

Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.

21 сентября 2026
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалындағы жоспардан тыс мемлекеттік аудит қорытындысы

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Қарағанды облысы бойынша филиалында кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемі (КТМКК) шеңберінде және 2023–2025 жылдар кезеңіндегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МАМС) жүйесінде өңір халқы үшін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы мәселесі бойынша жоспардан тыс ішкі мемлекеттік аудит аяқталды.Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша жалпы сомасы 536 702,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар тіркелді, оның ішінде 113 443,3 мың теңгесі республикалық бюджет кірісіне өтелуге жатады және 423 259,4 мың теңгесі медициналық ұйымдардың қаражатты «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ шотына аударуы арқылы қалпына келтірілуге тиіс.Аудиторлық іс-шараларды жүргізу барысында медициналық ұйымдар ерікті түрде 13 811,0 мың теңге сомасында қаражатты өтеп, енгізді.

Бақылау барысында жекелеген денсаулық сақтау субъектілері тарапынан міндеттемелерді жоғары жауапкершіліксіз (жоғары деңгейде орындамау) атқару фактілері анықталды. Негізгі бұзушылықтардың қатарында мыналар бар: көрсетілген медициналық көмектің нақты көлемін асыра жазып көрсету; есептілікте іс жүзінде көрсетілмеген қызметтерді белгілеу; азаматтарды медициналық ұйымдарға жалған (жасанды) тіркеу; бірдей процедуралар үшін екі рет ақы төлеу фактілері және МАМС қаражатын заңсыз алудың өзге де схемалары.

Бақылау қорытындысы қаржылық тәртіптің қатаң сақталуына және бақылау процестерін жүйелі түрде жаңғыртуға бағытталған шаралар кешенін әзірлеуге негіз болды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және қаражаттың мақсатсыз жұмсалуын болдырмау мақсатында мыналарды қамтитын қаржылық бақылаудың бірыңғай цифрлық экожүйесі енгізілетін болады: «Қалқан» (Qalqan) мамандандырылған цифрлық платформасы; автоматтандырылған антифрод-жүйе; деректерді терең талдаудың тәуекелге бағытталған алгоритмдері.

Жаңа ИТ-құралдарды интеграциялау уәкілетті органдарға нақты уақыт режимінде (онлайн) медициналық көмектің қалыптан тыс (аномальды) көлемдерін анықтауға, жаппай асыра жазып көрсетулердің жолын кесуге, сондай-ақ өнім берушілердің жалған қызмет белгілері мен көрсетілген қызметтер көлемін қолдан ұлғайтуды бұғаттауға мүмкіндік береді.

 

Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы Күленова Жаңагүл Әбілғазықызы

  

15 сентября 2026
Назар аударыңыздар!!!

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары! Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.

Қарағанды облысы аймағында хабарландыру жүйесінің техникалық тексерісі жүргізіліп жатыр. Тыныштық сақтауларыңызды және ешқандай іс-әрекет қолданбауларыңызды сұраймыз.

Хабарламаға бейқам болмаңыз. Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз. 

15 сентября 2026
Назар аударыңыздар!

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары! Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.

«Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында, 2026 жылғы 16 қыркүйекте сағат 10.55-те барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Сабыр сақтауыңызды және дүрбелең мен қауесеттерге бой алдырмауыңызды сұраймыз.

Хабарламаға бейқам болмаңыз. Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз. 

15 сентября 2026
Әкім сағаты
30 августа 2026
Құрметті ардагер кеншілер мен кеншілер!

Сіздерді шын жүректен Кеншілер күнімен және туған қаламыз Шахтинск қаласының 65 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

Осынау мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік, отбасылық амандық, бақыт пен бақ-береке тілеймін!

Кеншілер еңбегінің ардагерлеріне — ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, жақындарыңыздың құрметі мен қамқорлығын, ал жас ұрпаққа — өз күшіне деген сенім, толағай табыс және кәсіби жетістіктер тілеймін.

Әр шаңырата құт-береке, ырыс, махаббат, өзара түсіністік пен татулық орнасын!

Туған қаламыз дамып, көркейіп, гүлдене берсін, тұрғындар үшін одан әрі жайлы қалаға айналсын! Қаламыздың әр тұрғыны өзінің туған жері мен оның тарихын әрдайым мақтан тұтсын!

 

Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.

27 августа 2026
Әдеп жөніндегі кеңес: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғам сенімі

Қазіргі таңда қоғам мемлекеттік қызметшілерден тек кәсіби біліктілік пен өз міндеттерін сапалы орындауды ғана емес, сонымен қатар жоғары моральдық жауапкершілікті, адалдықты және мінсіз мінез-құлықты талап етеді. Себебі мемлекеттік қызметші - мемлекеттің атынан азаматтармен тікелей қарым-қатынас жасайтын тұлға. Оның әрбір сөзі мен әрекеті мемлекеттік қызметтің беделіне, ең бастысы, халықтың мемлекеттік органдарға деген сеніміне әсер етеді.

Мен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі ретінде осы кеңес қызметі туралы айтқым келеді.

Әдеп жөніндегі кеңес – мемлекеттік қызметшілердің тәртібін ғана бақылайтын құрылым емес.  Бұл – мемлекеттік қызметтегі әдеп қағидаттарын нығайтуға, қызметтік тәртіпті сақтауға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған алқалы орган. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшіні жазалау емес, ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың себептері мен жағдайларын анықтау және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу.

Кеңес отырыстарында мемлекеттік органдарда анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері қаралады, Әдеп жөніндегі уәкілдердің және тәртіптік комиссиялардың жұмысына талдау жасалады. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарының сақталуына байланысты мәселелер зерделенеді. Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзуына қатысты тәртіптік істер де қаралады.

Кеңес мүшелері мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдап, қажетті құжаттар мен материалдарды сұрата алады, тиісті түсініктемелерді қарастырады.

Мұндай кезде әрбір жағдайға жеке көзқарас қажет. Өйткені кез келген тәртіптік теріс қылықтың артында нақты адам, нақты жағдай және нақты себептер тұрады. Сондықтан мәселені тек «кім кінәлі?» деген тұрғыдан қарау жеткіліксіз. «Бұл жағдай не себепті орын алды және оны болашақта қалай болдырмауға болады?» деген сұрақтар назарға алынуы тиіс.

Әдеп жөніндегі кеңес – жазалаушы орган емес, кеңестің басты күші - жан-жақты талдауда, объективті бағалауда және алдын алу сипатындағы ұсынымдарда.

Кеңес құрамының да ерекшелігі бар. Оның жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатар мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер және басқа да азаматтық қоғам өкілдері қатысады. Бұл – кеңес жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ететін маңызды фактор. Әртүрлі сала өкілдерінің болуы мәселеге жан-жақты қарауға, мемлекеттік қызметтегі проблемаларға қоғамның көзқарасын ескеруге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы кеңестің 7  отырысы өткізіліп,  профилактикалық  мәселелер  мен тәртіптік істер қаралды.

Күнделікті тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік қызметтегі әдеп мәселесі тек жұмыс орнындағы қарым-қатынаспен шектелмейді. Мемлекеттік қызметші қызметтен тыс уақытта да өзінің мәртебесіне сай мінез-құлық танытуы қажет. Себебі азамат мемлекеттік қызметшінің жеке басын оның қызмет атқаратын мемлекеттік органынан бөлек қарамауы мүмкін.

Кейде бір ғана дөрекі сөз, азаматқа немқұрайлы қарау, әлеуметтік желідегі орынсыз пікір немесе қызметтік жағдайды жеке мақсатта пайдалануға ұмтылу мемлекеттік қызметшінің ғана емес, тұтас мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіруі ықтимал.

Сондықтан мемлекеттік қызметшінің әрбір әрекеті жауапкершілікті талап етеді.

Осы тұрғыдан алғанда, Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі де айрықша маңызға ие. Олар мемлекеттік қызметшілерге әдеп талаптарын түсіндірумен қатар, қызметтік қарым-қатынаста туындайтын мәселелердің алдын алуға, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға және мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері жөнінде кеңес беруге ықпал етеді.

Біздің қоғамда мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптың жоғары болуы заңды. Өйткені халықтың мемлекетке деген сенімі көбіне мемлекеттік органда жұмыс істейтін адамның  қарым-қатынасынан қалыптасады.

Мен үшін Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі болу – үлкен жауапкершілік. Әрбір қаралған мәселе, әрбір айтылған ұсыныс пен қабылданған шешімнің артында мемлекеттік қызметтің беделі мен азаматтардың сенімі тұр. Сондықтан Кеңес мүшелері ретінде біз кез келген мәселені формалды түрде қарауға жол бермейміз.

Мемлекеттік қызметші үшін қызметтік әдеп – міндетті талап қана емес, халық алдындағы жауапкершіліктің көрінісі. Ал Әдеп жөніндегі кеңестің міндеті – осы мәдениетті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және мемлекеттік қызметте адалдық пен әділдік қағидаттарының орнығуына ықпал ету.

 

Р.Танишпеков ,

Қарағанды облысындағы

Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі, Қарағанды облысы

Қоғамдық кеңесінің  тұрақты

комиссиясының төрағасы

Мәдениет
26 августа 2026
Құрметті Шахтинск қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 30 тамыз күні Кеншілер күні мен Қала күніне арналған мерекелік іс-шараларға шақырамыз!

Сіздерді спорттық жарыстар, ат спорты сайыстары, балаларға арналған және ойын-сауық бағдарламалары, шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі, футбол турнирінің финалы және Қазақстан эстрадасының жұлдыздары қатысатын жарқын кешкі гала-концерт күтеді!

10:00–22:00 — мерекелік сауда;

11:00–16:00 — спорттық жарыстар

(Тәуелсіздік саябағы):

- «Қазақ күресі»

-  Қол күресі

- Кір көтеру

-  Арқан тарту

 11:00–11:30 — «Атлетик» фитнес-клубы жаттықтырушыларының өнер көрсетуі;

12:00–13:00 — балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы;

12:00–14:00 — ат спорты жарыстары

 (Шахан кентінің ипподромы):

- «Аламан бәйге» — 20 км;

- «Құнан жарыс» — 10 км;

- «Тай жарыс» — 5 км;

 14:00–18:30 — Шахтинск өңірінің көркемөнерпаздар ұжымдары мен Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің кәсіби ұжымдарының өнер көрсетуі;

16:00–17:30 — Кеншілер күні мен Қала күніне арналған қала әкімінің кубогы үшін футбол турнирінің финалдық кездесуі;

17:30–18:00 — футбол жарысын  қорытындылау және марапаттау рәсімі;

19:00–19:15 — кешкі гала-концерттің ашылуы.

Қала әкімі М.Е. Қыдырғанбековтің құттықтауы;

19:15–21:55 — Қазақстан эстрадасының жұлдыздары: Н. Керменбаев,  Luina, Bayansulu, сондай-ақ Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің кәсіби ұжымдарының өнер көрсетуі;

 21:55–22:05 — гала-концерттің жабылу сәті, финалдық ән және мерекелік отшашу!

Сіздерді қаламыздың басты мерекесінде күтеміз! Бірге атап өтейік!

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы