Меню

Страницы

Статья

Жеке мәселелерді қоғамды бұзу арқылы шешу немесе күнделікті өмірдегі сыбайлас жемқорлық

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық – бұл біз күнделікті өмірде үнемі кездестіретін жемқорлықтың бір түрі. Қолданыстағы заңдар, ережелерді айналма жолдар түрінде қолдану арқылы бәрі заңды болып көрінеді. Осылайша, аз мөлшердегі ақша қарапайым мәселелерді шешуге әсер етеді. Оларға ауруханаларда, мектептерде, жергілікті лицензиялау, полиция және салық органдарындағы парақорлық жатады. Сыйлық немесе конверттегі ақшамен көрсетілген алғысты біздің көпшілігімізге пара емес, оған қарағанда міндетті салт және қарым-қатынас төлсипаты ретінде қабылданады. Бізде не үшін алғыс білдіру қалыптасқан? Бір қызығы, барлығы үшін. Онымен қоса, қабылдаушы алғыстың жоқтығынан ренжіп қана қоймайды, сонымен қатар «өтініш беруші» алдын-ала дайындалмаса өзін ыңғайсыз сезінеді.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын дәлелдеу өте қиын, себебі басқа құқық бұзушылықтардан айырмашылығы, қылмыстың құпиясын жазасыз ашатын нақты жәбірленуші жоқ.  Осылайша, сыбайлас жемқорлық бүкіл қоғамға зиян тигізеді.

Ең алдымен, бұл экономикалық залал, өйткені үлкен сомалар мемлекеттік бюджеттен тыс өтеді және оны қоғамдық қажеттіліктерге пайдаланыла алмайды. Сондай-ақ ол сыбайлас жемқорлықты күнделікті өмір құбылысына айналдырып, қоғамның моральдық қағидаларын бұзады. Ұзақ мерзімді жоспарда сыбайлас жемқорлық қоғамның одан әрі дамуын тежейді.

Дата публикации
25 октября 2021
Дата обновления
25 октября 2021
Тип
Инфографика

Сейчас читают

14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық картограммасы
14 сентября 2026
Сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша іс-шаралар жоспары
14 сентября 2026
Жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талдауының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы