Ведомствоаралық жиын өтті

Ведомствоаралық жиын өтті

Ағымдағы жылғы 8 маусымда қала прокуроры Т.Б.Қаржасовтың төрағалығымен ведомствоаралық кеңес өткізілді, оның жұмысына полиция бөлімінің бастығы Е.Н.Байзақов, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және Сәтбаев қаласының ПБ қызметкерлері қатысты.

Отырыста қаладағы қылмыстың жай-күйі және сотқа дейінгі тергеудің жаңа форматтағы сапасы мәселелері қаралды.

Жергілікті полиция қызметі, тергеу бөлімшесі және криминалдық полиция бөлімшесі басшыларының есептері тыңдалды.

Нәтижелері бойынша криминогендік жағдайды жақсарту және сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыру бойынша тиімді жұмысқа кедергі келтіретін проблемалық аспектілер айқындалды. Бірлескен күш-жігермен оларды шешу және өзара іс-қимыл жасай отырып, қылмыстың тиісті профилактикасы мен алдын алуды қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.