Саран қаласының Достық үйінде Рухани келісім күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
📑 Іс-шараға дін өкілдері, азаматтық қоғам мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және жастар қатысты.
📈 Қатысушылар конфессияаралық және этносаралық қарым-қатынастарды нығайту, қоғамдық келісімді сақтау, сондай-ақ әртүрлі мәдениеттер мен діни көзқарастар өкілдері арасындағы өзара құрметті арттыру мәселелерін талқылады.
🎶 Іс-шараның ерекше атмосферасын Саран қаласының Балалар өнер мектебі педагогтерінің орындауындағы классикалық музыкалық шығармалардан құралған концерттік бағдарлама толықтырды.
📋 Кездесу аясында дөңгелек үстелге қатысушыларға Саран қаласы әкімінің атынан алғыс хаттар табысталды.
Саран қаласындағы №7 мектепте Республика күніне орай «Бірлік IQ» интеллектуалды ойыны өтті. Іс-шара жастардың білімін, тапқырлығын арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және Конституция қағидаттарына сай азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталды.
«35 игі іс» акциясы аясында қаламыздың тазалығын сақтауға үлес қосып жүрген жандарға алғыс білдірдік.
Күн сайын көшелеріміздің таза әрі көрікті болуына еңбек етіп жүрген тазалық қызметкерлеріне еңбектері мен жауапкершіліктері үшін ризашылығымызды жеткіздік.
Таза қала — ортақ еңбектің нәтижесі! Әрбір еңбектің артында үлкен жауапкершілік пен жанашырлық жатыр.
2026 жылғы 13 қазанда Ақтас кентіндегі №13 мектепте «Білу және есте сақтау» тақырыбында интеллектуалды квиз өткізілді.
Қатысушылар өз білімдерін сынап, эрудициясын, тапқырлығын және командада жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті. Іс-шара барысында оқушылар маңызды тарихи оқиғаларды еске түсіріп, жас ұрпақ үшін тарихи жадты сақтаудың маңыздылығын талқылады.
Өз тарихыңды білу өткенді есте сақтау, бүгінді бағалау және болашаққа жауапкершілікпен қарау!
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html, https://www.ixbt.com/live/offtopic/mvd-predupredilo-ovredonosnyh-zagruzkah-cherez-knizhnye-boty-v-telegram.html) алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады.
Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз.
Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді.
Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды ұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалту.
Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін.
Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындай қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары болып қалуда.
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамымен және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, eGov mobile мобильді қосымшасында және GOV.KZ Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында алаяқтық, нашақорлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, кибербуллинг, қалыңдық ұрлау, самокатшылар, жол-көлік оқиғалары мәселелері бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсету маршрутизаторы іске асырылды.
Жаңартылған сервистер халыққа құқықтық тәуекелдер мен қауіптер бойынша қарапайым және түсінікті кеңестерді, құқықтық өзін-өзі қорғау және кеңес беру құралдарын, қылмыстық қудалау органдарына онлайн өтініш беру үшін 102-ге, «Qamqor.gov.kz» сервисіне тиісті сілтемелерді ұсынады.
Осыған ұқсас GOV.KZ Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында іске асырылды.
# Заң_мен Тәртіп
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
12 тамыз күні Саран қаласында «Пластик тапсыр – балмұздақ ал!» атты экологиялық акция өтті. Шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылды.
Акцияны Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Саран қаласы әкімдігі «Бөліп тапсыр, қайта өңде» жобасы шеңберінде бірлесіп өткізді.
Қала тұрғындары пластикалық бөтелкелерді өткізіп, тәтті сыйлық алды. Кемінде 5 бөтелке тапсырған әрбір қатысушы балмұздақпен марапатталды. Бір адам ең көп дегенде 100 бөтелке өткізе алды.
Бұл акция қала тұрғындарын біріктіріп, қоқысты бөлек жинаудың және экологияға қамқор болудың маңыздылығын еске салды.
Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысатын отбасылар жіберіледі.
Конкурсқа:
1) қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелерібар отбасылар қатыспайды.
Конкурсқа қатысуға өтінім осы Қағиданың қосымшасына сәйкес 15 мамырдан 15 маусымға дейін әкімдіктердің аудандық (қалалық) комиссияларына қағаз және (немесе) электрондық нұсқаларда нысан бойынша портфолио беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерін ұсынады;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың (кемінде екі) ұсыным хаттары);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;
8) қоғамдық пайдалы қызметке қатысқанын растайтын құжаттардың (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) көшірмелері);
9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру арқылы жүзеге асырылады.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін отбасылар ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.
Аудандық (қалалық) комиссия құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда өтінім ұсынылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта береді.
Құжаттар Саран қаласы әкімдігінің 201 кабинетіне, Жамбыл көшесі, 67 мекенжайына ұсынылады. Электрондық пошта ovpsaran@mail.ru, анықтама телефоны 74018, 87054301137
Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кеш ұсынған отбасылар конкурсқа қатыспайды.
Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған
өтінім
|
Р\с №
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Туыстық дәрежесі |
Туған күні (күні, айы, жылы) |
Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымы |
Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қолы __________
Күні __________
Сұрақ:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қалай дұрыс орналастыруға болады?
Жауап:
Мемлекеттік рәміздер Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы N 873 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (белгілеу, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына және Ұлттық стандартқа сәйкес пайдаланылады (белгіленеді, орналастырылады).
28 наурызда «Мен өмірді таңдаймын!» әлеуметтік жобасы аясында Саран қаласында нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу бойынша ақпараттық материалдар ұсынылған құзыретті органдар мен спикерлердің қатысуымен брифинг өтті. Ісшараны «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша «Мир Добра» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Брифинг Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде өткізілді. Оның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, есірткіге және психоактивті заттардың заңсыз айналымына деген теріс көзқарасты қалыптастыру.
Брифингке Әділет департаментінің өкілдері, адвокат Казакова Н.П. және жеке нотариус Тажитаев Е.Е. «Дұрыс таңдау жаса» тақырыбында дәріс оқып, есірткі мен есірткі бизнесіне байланысты заңсыз әрекеттердің құқықтық салдарын түсіндірді. Сонымен қатар, Отбасыны қолдау орталығының психологы Швецова Е.А. «Есірткі: әр адам білуі тиіс шындық» атты таныстырылым материалын ұсынып, қатысушылармен ашық диалог жүргізді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.