Меню

Страницы

Статья

"САРАН ҚАЛАСЫНА 70 ЖЫЛ" ЛОГОТИПІН ЖАСАУ БОЙЫНША КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Саран қаласына 70 жыл» логотипін жасау бойынша конкурсты (бұдан әрі – конкурс) ұйымдастырудың мақсаттарын, тәртібін және өткізу шарттарын айқындайды.
2. Конкурстың ұйымдастырушысы – «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ.
3. Конкурстық жұмыстарды іріктеуді, оларды бағалауды және конкурс жеңімпазын анықтауды Саран қаласының құрметті азаматтарынан, мемлекеттік мекемелердің, ҮЕҰ, ЭМБ өкілдерінен, жастардан құралған кон- курстық комиссия (бұдан әрі – Кон- курстық комиссия) жүзеге асырады.
4. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімдері туралы ақпарат «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ ресми сайтында, әлеуметтік желілерде, БАҚ-та жарияланады.
5. Конкурсқа жеке, заңды тұлғалар және авторлық ұжымдар қатыса алады.
2. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері.
6. Байқаудың негізгі мақсаты - Саран қаласының 70 жылдығының ло- готипін жасау.
3. Конкурстық жұмыстарды ұсыну тәртібі.
7. Конкурсқа қатысу үшін ма- териалдар мыналарды қамтиды:
1) түрлі түстерде ұсынылған логотип эскизі;
2) ұсынылған логотипті сипаттайтын, көлемі 500 баспа таңбадан аспайтын, логотип дизайны элементтерінің құндылық-семантикалық мазмұнын ашып көрсететін, еркін нысандағы түсіндірме жазба;
3) конкурстық жұмыстар электрон- дық және қағаз нұсқада 2023 жылғы
25 қарашаға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67, 201 кабинет (әкімдік ғимараты);
4) логотиптің эскизі тіркелмеуі, сондай-ақ осы конкурсты өткізу кезінде басқа да іс-шараларда пайда- ланылмауы тиіс;
5) байқауға ұсынылатын суреттер JPEG, PNG форматында дайындалуы
керек;
6) логотип эскизі оңай оқылуы ке- рек, түпнұсқалық графикалық эле- ментті қамтуы тиіс.
8. иКөркемдік-эстетикалық талаптар:
1) логотип эскизі Саран қаласымен байланысты ашық және жалпыға қол жетімді танымал белгілерді қамти алады;
2) ұсынылған жұмыстың бірегейлігі, өзіндік ерекшелігі, орындалу сапа- сы;
3) масштабталуы. Логотиптің не- гізгі графикалық элементтері бірдей жақсы қабылдануы керек және пайдалану үшін кез келген масштабта мәндерді жоғалтпауы қажет;
4) бейімделуі. Логотиптің негізгі графикалық элементтері тануды жоғалтпай, кез-келген жағдайда (қағаз, кар- тон, пластик) және кез-келген әдіспен қолдануға жарамды болуы керек.
4. Конкурсты өткізу мерзімдері
9. Байқау а.ж. 1 қарашасынан а.ж. 1 желтоқсанына дейін екі кезеңде өткізіледі.
1 -кезең а.ж. 1 қарашасынан а.ж. 27 қарашасына дейін өткізіледі. Бұл кезеңде өтінімдерді, конкурстық жұмы- старды және өзге де құжаттарды қа- былдау жүзеге асырылады, сондай-ақ үздік жұмыстар іріктеледі.
2 -кезең а.ж. 27 қарашасынан а.ж.
1 желтоқсанына дейін өткізіледі, оның барысында конкурстық комиссия ашық дауыс беру және көпшілік дауыспен конкурс жеңімпазын анықтайды.
5. Конкурс жеңімпазын марапаттау
10. Конкурс жеңімпазы ұйымдастырушының пайдасына осы жұмысқа айрықша құқықты толық көлемде (интернетте, баспа басылымдарында, теледидарда, ақпараттық стендтерде, кәдесый өнімдерінде орналастыру) өтеусіз иеліктен шығаруға өзінің келісімін береді.
11. Байқау жеңімпазы Саран қаласы әкімінің Алғысхатымен және 50 000 теңге (елу мың теңге) ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Дата публикации
03 ноября 2023
Дата обновления
03 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

27 февраля 2024
Ескерту
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
14 декабря 2023
«2022 жылға арналған жылдық қаржылық есептілікті ұсынбағаны үшін жария мүдделі тұлғаларға қатысты қолданылған әкімшілік шаралар туралы ақпарат».  

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы