GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Бөлім туралы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
28 сентября 2026
Облысәкімі халықпен кездеседі

Приозерск қаласы тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Приозерск қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 2026 жылғы 30 қыркүйек күні сағат 11.00-де Приозерск қаласының «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-71039) 5-30-06 телефоны бойынша қалдыруға немесе prio_akimat@akimat09.kz электрондық поштасына жіберуге болады.

16 сентября 2026
Азаматтарды қабылдау

Құрметті Приозерск қаласы тұрғындары!

Сіздерді «АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА» шақырамыз.

Іс-шара барысында облыстық басқармалардың, қалалық бөлімдердің басшылары өзекті мәселелер бойынша сұрақтарға жауап береді.

Өтетін күні, уақыты: 2026 жылғы 18 қыркүйек, сағат 10.00 - 12.00

Өтетін орны: Жастар ресурстық орталығы ғимараты,           Қошқарбаев көшесі, 6 үй

Алдын ала жазылу телефоны: 8(71039)5-30-06

02 июля 2026
Астана күніне орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі

Астана күніне орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі

 

Астана күнінде, яғни 6 шілдеде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.

Ал 4 шілде, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсетіледі. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал дайын құжаттарды беру сағат 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.

7 шілдеден бастап ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар қалыпты жұмыс кестесіне көшеді.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram-дағы ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 байланыс орталығы арқылы білуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22 мая 2026
Қала әкімінің халықпен кездесуі

                     Құрметті Приозерск қаласының  

                                     тұрғындары!                                                                                                                                             

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, оның барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағытының негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, проблемалық мәселелерді шешу жолдары мен мерзімдерін түсіндіреді.

2026 жылғы 11 маусымда сағат 16.00-де Приозерск қаласы әкімі  М.Т. Ахметовтың тұрғындармен кездесуі өтеді.

       Кездесу барысында тұрғындар мен жергілікті атқарушы биліктің, арасында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен кері байланыс барынша орнатылады.

Қала әкімі жергілікті атқарушы органдар-дың, прокуратура және ішкі істер органдарының басшылық құрамымен, мәслихат депутаттары-мен, Қоғамдық кеңес мүшелерімен, жергілікті зиялылармен бірлесіп, азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.

     Азаматтарды толғандыратын проблемалық мәселелерді және ұсыныстар мен ескертулерді жинақтау үшін арнайы орындарда жәшіктер қойылады.

       Айтылған ескертулер мен ұсыныстар әкімдердің жұмысына баға беруде ғана емес, сонымен бірге жасалатын нақты жоспарлар мен шараларда көрсетілетін болады.

 

                                                    Қала әкімдігі

 

 

 

 

 

 

 

 

13 мая 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

2026 жылғы 18 мамырдан 27 маусымға дейінгі аралықта «Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

         Талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады.

          Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау шеңберінде проблемалық мәселелер бойынша сұрақтар немесе нақты фактілер туындаған жағдайда, Сіз Приозерск қаласының ішкі саясат бөліміне жүгіне аласыз:

        Байланыс нөмірі: 8 (71039) 5-27-92

                                        8 (71039) 5-30-82

20 февраля 2026
Приозерск қаласының Бас жоспарына түзетулер енгізілді

Жаңа жағалау аймағы, абаттандырылған жағажайлар, су бойындағы дәмханалар, жағалау бойымен тартылған веложолдар және концерттер мен спорттық турнирлер өтетін ауқымды жастар саябағы. Болашақта туризмге басымдық беретін қала ретінде Приозерск осындай келбетке ие болмақ.

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары кезекті XXXII сессияда қаланың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен ұштастырылған Бас жоспарына енгізілген түзетулерді бекітті. Құжат 2038 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және заманауи туристік-рекреациялық ортаны қалыптастыруға, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.

Негізгі басымдық жағалау аумағына берілген. Ұзындығы шамамен жеті шақырымды құрайтын демалыс аймағы кешенді түрде абаттандырылмақ. Жоба аясында жағажайлар, көлеңкелі шатырлар, жарықтандыру және көгалдандыру жүйелері, балалар алаңдары және өзге де абаттандыру элементтері қарастырылған.

— Приозерск елеулі табиғи және мәдени әлеуетке ие. Біз туризмді қаланы дамытудың стратегиялық бағыты ретінде қарастырамыз және Приозерскіні заманауи туристік орталыққа айналдыру жолында нақты қадамдар жасап отырмыз. Бас жоспарға енгізілген түзетулер саланың ұзақмерзімді даму әлеуетін ескере отырып әзірленді және қалалық ортаны кешенді әрі орнықты дамытуға бағытталған, — деп атап өтті қала әкімі Мансур Ахметов.

Қаланың батыс және шығыс бөліктерінде әрқайсысының аумағы шамамен 20 гектарды құрайтын демалыс аймақтарын салу жоспарланып отыр.

Тағы бір маңызды жоба — жастар саябағы. Оның аумағында спортпен айналысуға, би билеуге және концерттер өткізуге арналған алаңдар қарастырылған. Саябақ арқылы негізгі демалыс аймақтарын байланыстыратын жағалау желісі өтеді.

Жоба қаланы кезең-кезеңімен дамытуды, аумақты толық игеруді және тұрғындардың әлеуметтік әрі тұрғын үй жағдайларын жақсартуды көздейді.

Сондай-ақ электрмен жабдықтау, су құбыры және кәріз жүйелерін жаңғырту, екі қазандық салу және жаңа магистральдық жылу желілерін тарту қарастырылған. Инженерлік коммуникациялар қуат резервімен жобаланады, ал жаңбыр және еріген қар суларын бұру үшін жергілікті ағын суларды әкету жүйесі бар кәріз жүйесін салу жоспарланған.

— Приозерскінің жаңа Бас жоспары — қаланың болашағына арналған стратегиялық көзқарас. Мұнда туристік әлеуетті дамытуға және жайлы қалалық орта қалыптастыруға, қолжетімді мектептер мен балабақшалар салуға, заманауи индустриялық аймақтар құруға, шағын және орта бизнесті қолдауға, жол және инженерлік инфрақұрылымды жаңартуға басымдық берілген, — деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

16 февраля 2026
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚҰРЫЛДЫ: 1000 ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛЕДІ

Бүгін елордада «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық филиалының ресми ашылу салтанаты өтті.  

Іс-шараға еліміздің жетекші қоғамдық-саяси партиялары мен қауымдастық өкілдері қатысты. Осылайша, азаматтық қоғамды стратегиялық Конституциялық бастамалар төңірегінде шоғырландырудың маңызды кезеңіне қосылды. 

Қалалық коалицияға әртүрлі жастағы түрлі саланың 200-ге жуық өкілі қосылды. Олардың қатарында қоғам қайраткерлері, заңгерлер, депутаттар, ғылым мен мәдениет саласының өкілдері, белсенді жастар, педагогтар, сонымен қатар, «AMANAT», «Respublica», «Ауыл», «Ақ жол», Қазақстан Халық партияларының жетекшілері мен өкілдері бар. Бұл ұрпақтар сабақтастығын және бастаманың қоғамдық кең ауқымдылығын көрсетеді. 

Коалиция қалалық филиалының төрағасы Ерлан Каналимов жалпыұлттық коалиция қызметінің стратегиялық маңыздылығына тоқталып, конституциялық бастамаларды түсіндіру бойынша жүйелі жұмыстың қажеттігін атап өтті.

«Жаңа Конституция – халықтық ортақ мақсатта ұлттық рухты нығайтуға ықпал ететін еліміздегі ең маңызды құжат. Ол елдік сананы бекемдеп, болашаққа бағыт сілтейді. Оның өзегінде адамның қадір-қасиеті мен құқығын бәрінен биік қоятын асыл ұстаным жатыр. Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық филиалына әр буынның түрлі саладағы 200-ге жуық өкілі қосылып отыр», – деді Ерлан Каналимов.  

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен жаңа Конституцияның өзегі адам мен оның құқығы екенін жеткізді. Құжатта қоғамды біріктіретін құндылықтар бекітілген: бірлік, ынтымақ, этносаралық келісім, егемендік, мемлекеттік территорияның біртұтастығы. Конституция Әділетті Қазақстанды, Заң мен тәртіп қағидатын, сонымен қатар болашақ ұрпақ алдында табиғат пен ұлттық құндылықты сақтау жауапкершілігін күшейтеді.  

«Конституциялық реформа – қоғамның саяси жүйені жаңғыртуға, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және әділеттілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған сұранысына берілген жауап. Өзгерістер туралы бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында жариялап, заманауи орнықты және бәсекеге қабілетті жасанды интеллект дәуірінің сын-қатерлеріне дайын Қазақстанды қалыптастыруға бағытталды», – деді Есет Байкен.  

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден өз сөзінде жаңа Конституцияның ұлттық рухты нығайтып, елді біріктіретін ең маңызды құжат екенін атап өтті.

«Бүгін маңызды әрі ауқымды жұмыс бастау алып жатыр. Жаңа Конституцияның басым бағыттары туралы бәріңіз хабардарсыздар. Енді осы оң өзгеріске бастайтын маңызды жобаны жұртшылыққа түсіндіру, дұрыс ақпарат жеткізу – үлкен міндетіміз», – деді Табиғат Зейнұлқабден.

Коалиция филиалының қызметі аясында 1000-ға жуық іс-шара өткізіліп, оған 700 мыңнан аса адам қатысады деп жоспарланған. Соның ішінде орталық деңгейде – 100-ге жуық іс-шара (6 мың адам), қалалық деңгейде – 700 іс-шара (660 мың адам), аудандық деңгейде шамамен 400 іс-шара (35 мың адам) өткізу көзделіп отыр.

29 января 2026
Аяқталуы қауіпті «Тегін кітаптар»

Аяқталуы қауіпті «Тегін кітаптар»
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік
тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы
ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша
(https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html, https://www.ixbt.com/live/offtopic/mvd-predupredilo-ovredonosnyh-zagruzkah-cherez-knizhnye-boty-v-telegram.html) алаяқтар тегін электрондық
кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады.
Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен
кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз.
Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция
жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ
кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» деген
атаумен вирустық файл жібереді.
Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды
ұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан
басқару және жеке деректерді жоғалту.
Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз
салдарларға әкеп соғуы мүмкін.
Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындай
қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары болып қалуда.

28 января 2026
Қала әкімінің тікелей эфирі
09 января 2026
«Крещение Господня» мерекесін мерекелеу кезінде Қарағанды облысының су қоймаларында суға түсу ережелері

«Крещение Господня» мерекесін мерекелеу кезінде

Қарағанды ​​облысының су қоймаларында суға түсу

ережелері

 

Мұзды суатта суға түсу  (ғұсыл жасау) ережелері:

  1. Суға қатаң түрде жағаға жақын арнайы жабдықталған мұзды суаттарда түсу керек.
  2. Мұзды суатта суға түсер алдында жүгіру арқылы денені қыздырып, ширату керек.
  3. Мұзды суатқа аяқтың сезімталдығын жоғалтпау үшін ыңғайлы, тайғақ емес және оңай шешілетін аяқ киіммен келу керек.

Мұзды суатқа  жақындап бару үшін бәтіңке немесе жүн шұлығын киген дұрыс. Аяқты өткір тастар мен тұздан қорғайтын, сонымен қатар Сізді мұзда тайғанап кетуден сақтайтын арнайы резеңке тәпішкелерді қолдануға болады. Мұзды суатқа баратын жолдың тайғақ болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Ақырын  және мұқият жүріңіз.

  1. Мидағы қан тамырларының рефлекторлық тарылуын болдырмау үшін басыңызды суламай, суға мойныңызға дейін түсіңіз. Мұзды суатқа ешқашанда басыңызбен сүңгімеңіз.

Суға секіру және толығымен суға бату дұрыс емес, өйткені ол дене температурасын төмендетеді және суықтан есеңгіреп қалуы мүмкін.

  1. Суға түсісімен өзіңізге қажетті тереңдікке тез жетуге тырысыңыз, бірақ жүзбеңіз. Сіздің денеңіз суыққа бейімделгеннен кейін суық судың толығымен қалыпты қауіпсіз жиіленген тыныс алуға әкелуі мүмкін екенін есте сақтаңыз.
  2. Дененің жалпы суып кетуіне жол бермеу үшін мұзды суатта 1 минуттан артық болмау керек.
  3. Суға түскеннен (ғұсылдан) кейін түкті орамалмен денені құрғата ысқылай сүртіп, құрғақ киім киіңіз.
  4. Иммунитетті және дененің суып кетпеу мүмкіндігін нығайту үшін ыстық шай ішу керек, бәрінен де жидектерден, жемістерден және көкөністерден термоста алдын ала дайындалған шай ішкен жақсы болады.

Мұзды суатта суға түсу  (ғұсыл жасау) үшін орынды қалай дұрыс таңдауға болады?

Ағынының жылдамдығы 0,25 м/с аспайтын су қоймасы таңдалады. Мұзды суат болатын жердегі мұздың қалыңдығы кемінде 25 сантиметр болуы тиіс. Мұзды суаттың орны айлақтан, өзен құйылыстары мен ағынды сулардан қашықтықта таңдалады.

Мұзды суаттың түбінде жарақат тудыруы мүмкін бөгде заттар және тік беткейлері, балдырлары, шөгінділері немесе үлкен тастары болмауы керек, тегіс, құмды болғаны жақсы. Мұзды суат маңындағы жағалау екі бағытта да қозғалуға ыңғайлы болуы керек.

Автомашиналардың су қоймасының мұзына шығуына қатаң тыйым салынады.

Көпшіліктің қысты күнгі суға түсу орындарының жақсы жарықтандырылуын қамтамасыз ету керек, барлық электр және өрт қауіпсіздігі ережелері сақталуы тиіс.

Мұзды суат, мүмкіндігінше, желден қорғалған болуы керек, ал оған жақын жерде жылы үй-жай (киінетін бөлме) болуы керек.

Мұздың шағын алаңында бір уақытта 20-дан астам адамның болуына жол бермеу керек.

Мұзды суатты қалай дұрыс жабдықтау керек?

Ең алдымен, алаңды қардан тазарту керек, барлық жағынан суға еркін жақындай алатындай, оның аумағы купельдің көлемінен бірнеше есе үлкен болуы тиіс.

Мұзды суаттың оңтайлы өлшемі - 12 м². Мұндай мұзды суат бір уақытта бес адамға дейін сығылыспай және  мұз жиегіне жанаспай өту үшін жеткілікті. Мұзды суаттың өлшемдері кемінде 3х3 метрді құрайды. Купель орналасатын жердегі тереңдік 150 сантиметрден аспауы тиіс.

Әдетте, суға түсу орны мұзға шығу үшін барлық қажетті ағаш төсемелермен, суға түсу үшін тұтқалар мен баспалдақтармен жабдықталуы тиіс. Купель жағадан жеткілікті қашықтықта орнатылады. Мұздың қалыңдығы кемінде 25 сантиметр болуы тиіс.

Мұзды суат ойығы біркелкі кесіліп, бүкіл периметрі бойынша тереңдетілуі керек. Мұзды суатты қар брикеттерінен жасалған қабырғамен қоршауға және «киім ауыстыратын бөлме» ретінде пайдалануға болады. Мұндай қоршау әдемі ғана емес, сонымен қатар желден де қорғайды.

Мұзды суаттың шетінің бұрышында немесе ортасында баспалдақ үшін өлшемі 60x60 сантиметр болатын ойықты кесіп алу керек. Суға түсуге және судан шығуға ыңғайлы болу үшін баспалдақтың саны кемінде бесеу болуы  тиіс. Мұзды суаттың шетінде ағаш немесе металл баспалдақтар бекітіледі. Олар биіктігі 90 - 110 сантиметр болатын тұтқалармен жабдықталуы тиіс. Металл тұтқалар оқшаулағыш немесе брезент таспамен оралады немесе оларға резеңке шланг кигізіледі.

Рәсім өткізілетін жер қоршалуы тиіс. Мұзды суаттың айналасындағы кез келген қоршау (металл сым мен тордан, ағаштан, қардан, мұздан жасалған) оның шеттерінен 7-10 метр қашықтықта орнатылады. Бұдан басқа, көрермендер абайсызда суға түсіп кетпеуі үшін, ал суға түсетіндердің мұз астына түсіп қалмауы үшін мұз үстінен де және мұз астынан да мұзды суатты периметрі бойынша қоршау қажеттігі ұсынылады.

Мұз бетінде мұзды суаттың шетіне дейін торланған ағаш төсеме орнатылады. Төсеме берік болуы тиіс, ол адамның тайып кетуіне және суға құлап кетуіне мүмкіндік бермейтіндей мұз бетінде сырғып кетпеуі тиіс. Купельге баратын жол (соқпақ, жалғыз аяқ жол) мен төсеме қардан тазартылып, мұзы ойылып, топырақ себілуі тиіс.

Толығымен батырылмаған немесе мұзды суаттан алынбаған өткір жиектері бар мұз кесектері жарақаттануға себеп болуы мүмкін. Батырылған  мұз кесектерінің кеін қарац мұзды суатта шығып қалуы жиі орын алады,  ал суға түсуші адам оны байқамай, оған ұрынып қалуы мүмкін. Мұндай қауіптің алдын алу үшін мұзды суатты мұздан мұқият тазалап, суға түсу кезінде оны қадағалап отыру қажет.

 

Қарағанды ​​облысының төтенше жағдайлар департаментімен, Қарағанды ​​және Шахтинск епархиясы ОПШ бірлесіп, Қарағанды ​​облысының дін істері басқармасы тарапынан әзірленді.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы