Приозерск қаласы жастар ресурстық орталығы тарапынан 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Жоспарланған қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1. |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Жасыл ел бағдарламасын жүзеге асыру |
20 000 000 |
ҮЕҰ ұсынысы |
14-35 жас аралығындағы жастар, оның ішінде мектеп оқушылары, студенттер және жұмыссыз жастар. Жұмысқа қабылданатын жалпы қызметкерлер саны 100 адамды құрайды, |
жастар еңбек жасақтарын құру, қала аумағын тазалау, абаттандыру және балалар алаңдарын бояу жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. |
|
2. |
Приозерск қаласы жастарының «Prio fest» Фестивалі
|
3 000 000тг |
ҮЕҰ ұсынысы |
Қаланың барлық мекемелері мен тұрғындарының қатысуымен. |
жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, мәдениет пен өнерді қолдау, сондай-ақ Приозерск қаласында жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру болып табылады. |
|
3. |
«Приозерск қаласы әкімінің гранты» конкурсы |
13 000 000 |
ҮЕҰ ұсынысы |
18 бен 35 жас аралығындағы жастар |
жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдау; іске асырылып жатқан кәсіпкерлік жобалар шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру; кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы жастарды жұмыспен қамту үшін жағдай жасау; жастар кәсіпкерлік бастамаларына қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсету. |
|
4. |
«ASAR» волонтерлер штабының жұмысын ұйымдастыру |
1 000 000 |
ҮЕҰ ұсынысы |
Кемінде 50 адамнан тұратын белсенді волонтёрлер мен еріктілер. |
Приозерск қаласының жастары арасында волонтерлік қызметті дамыту және танымал ету. |
|
5. |
Приозерск қаласы әкімінің кубогы «Жайдарман» фестивалі. |
2 700 000 |
ҮЕҰ ұсынысы |
Қаланың барлық мекемелері мен тұрғындарының қатысуымен. |
жастар арасында шығармашылық белсенділікті арттыру, талантты жастарды қолдау және мәдени-танымдық орта қалыптастыру. |
|
6. |
«Senim alany» — ерекше қажеттіліктері бар жастар арасындағы іс-шаралар |
800 000 |
ҮЕҰ ұсынысы |
мүмкіндігі шектеулі жастар (14-34 жас) |
мүмкіндігі шектеулі жастарды әлеуметтендіру үшін инклюзивті платформа құру, ерекше қажеттіліктері бар жастар үшін қарым-қатынас, бейімделу және өзіне-өзі көмектесу дағдыларын дамытуға бағытталған тренингтер өткізу; әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігіне талдау жүргізуге оқытуға бағытталған іс-шараларды өткізу; инклюзивтік мәселелер туралы хабардарлықты арттыру; одан әрі іске асыру бойынша ұсыныстар пакетін қалыптастыру мақсатында Приозерск қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жастар арасындағы өзекті проблемаларды зерделеу және талдау. |
|
7. |
"Мен өмірді сүйемін" тақырыбы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу |
800 000 |
ҮЕҰ ұсынысы |
Әр түрлі санаттағы жастар. |
жастар арасындағы суицидтің алдын алу, оған апаратын отбасылық зорлық-зомбылық пен басқа да жағымсыз әлеуметтік көріністермен күресу жолдары мен шаралары; арнайы мамандардың кеңесі мен пікірлері тыңдалады, семинар барысында қатысушыларға әлеуметтік қолдау, психологиялық көмек және құқықтық кеңестер ұсынылады. |
|
8. |
Жастар арасында нашақорлықтың, ішімдік пен темекі шегудің алдын алу » іс-шарасы»
|
700 000 |
ҮЕҰ ұсынысы |
18 бен 35 жас аралығындағы жастар: жас мұғалімдер, дәрігерлер, әскери қызметшілер, мемлекеттік қызметкерлер және ішкі істер саласының мамандары. |
жастарды нашақорлық, ішімдік пен темекі шегудің зияндылығы туралы хабардар ету, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау. |