Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі тарапынан 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат

Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі тарапынан 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат

 

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Жоспарланған қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1.              

Приозерск қаласында гендерлік саясат және отбасылық-демографиялық саясат бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қызметтері

3 500,0

ҮЕҰ

ұсынысы

Жастар (14–29 жас), мектеп оқушылары (9–11 сынып), әйелдер, ер адамдар, жұмыс берушілер, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар мен ҮЕҰ.

Гендерлік теңдік пен отбасы құндылықтарын түсіну, жауапкершілік сезімінің артуы, қатысу белсенділігінің жоғарылауы, гендерлік құқықтар мен мүмкіндіктер туралы ақпарат алу, стереотиптердің азаюы және отбасы институтының маңызын түсіну.

2.              

Діни төзімділікті нығайтуға, дінаралық келісімді сақтау және діни алауыздық пен экстремизмнің көріністеріне қарсы іс-қимыл жүргізуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу

3 500,0

ҮЕҰ

ұсынысы

Жергілікті тұрғындар, діни бірлестіктердің өкілдері, жастар, мектеп оқушылары мен студенттер, қоғамдық ұйымдар.

Дінаралық түсіністік пен келісімнің артуы, діни алауыздық пен экстремизмнің алдын алу, азаматтардың толеранттылық деңгейінің өсуі, қоғамда бейбітшілік пен әлеуметтік тұрақтылықты нығайту.

3.              

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және антикоррупциялық мәдениетті дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу қызметтері

3 000,0

ҮЕҰ

ұсынысы

Жастар, мектеп оқушылары, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар мен НПО.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуы, адалдық пен жауапкершілік сезімінің артуы, қоғамда нөлдік төзбеушіліктің орнығуы, жемқорлық көріністерін тану және алдын алу қабілетінің өсуі.

4.              

Приозерск қаласында алаяқтыққа қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қызметтері.

2 000,0

ҮЕҰ

ұсынысы

Жергілікті тұрғындар, жастар, мектеп оқушылары мен студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар.

Алаяқтық көріністерін тану және алдын алу қабілетінің артуы, азаматтардың ақпараттық сауаттылығының жоғарылауы, құқық бұзушылыққа төзбеушілік деңгейінің өсуі және қоғамда сенімділіктің нығаюы.

 

Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі тарапынан 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат
Дата публикации
28 ноября 2025