Приозерск қаласында діни экстремизм мен
терроризмге қарсы іс-шаралар легі өтті
Приозерск қаласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, халықтың діни сауаттылығын арттыру және рухани мәдениетін көтеру, қоғамдық-саяси тұрақтылық пен өзара келісімді нығайту мақсатында 2025 жылдың 13 мамырында «Қарағанды облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша семинар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасы аясында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы қалада кездесулер өткізді.
Іс-шараға Приозерск қаласының жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен еріктілері, мәдени-демалыс орталығының қызметкерлері, полиция бөлімінде пробация тізімінде тұрған азаматтар, мансаптық орталықта тіркелген жұмыссыздар, ҚР ҚМ «18405 әскери бөлімі» РММ-нің жеке құрамы және «Ер-Тай» ЖШС-де вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлері қатысты.
Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Жамбыл облысы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» басшысының орынбасары, психолог, лектор Тілеухан Бақдаулет Мамырханұлы кездесу барысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін ең алдымен әр адамның діни сауаттылығын арттырып, критикалық ойлауды дамыту керектігін атап өтті. Сонымен қатар, адамның рухани мәдениеті, отбасы құндылықтары, дін мен дәстүрдің үндесуі, теріс діни ағымдардың белгілері мен олардан сақтану жолдары туралы жан-жақты талқылап, нақты деректермен бөлісті.
Кездесулер әртүрлі әлеуметтік топтарға арналған мақсатты тақырыптармен өткізілді. Қала жастары арасында «Террористік, діни экстремистік және деструктивтік іс-әрекеттерге барудың қауіптілігі», пробация тізіміндегі азаматтарға «Ұлттық құндылықтар – ел болашағы», ал жұмыскерлерге «Деструктивті идеологияға қарсы төтеп беру дағдылары» тақырыптары ұсынылды. Әр дәріс нақты деректермен қамтылып, сұрақ-жауап форматында аяқталды.
Қала тұрғындарының дәстүрлі емес діни ақпараттарға және деструктивті дін өкілдеріне қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шара жоғары деңгейде өтті. Аталған бағыттағы жобалар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
«Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ