Осакаров ауданының өкілдері ұлы қазақ жырауы Бұқар жырау Қалқаманұлының мұрасына арналған «Бұқарекең жырлайды» облыстық байқауында аудан намысын абыроймен қорғады.
Жайнагүл Мұратбек «Бұқар жырауша» номинациясында авторлық «Бұқарға арнау» және «Сарыарқам — дәрім, арқам!» шығармаларын орындап, I орынға ие болды.
Сондай-ақ облыстық кезеңде ауданымыздың атынан Төлеуекелді Дариға «Заман-ай» шығармасын, ал Хайрол Қадыр Бұқар жыраудың «11 тілек» атты философиялық толғауын орындады.
Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды. Ал жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Қатысушылардың жетекшісі — Сайран Әтретхан.
Өнерлі жерлестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, шабыт және ұлттық мәдени мұрамызды дәріптеу жолында жаңа жеңістер тілейміз!
Қарағанды облысының Осакаров кентінде Республика күні қарсаңында аудандағы алғашқы модульдік ветеринариялық пункт ашылды. Жаңа нысан ветеринар мамандардың жұмысын жеңілдетіп, ауыл тұрғындарына көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және малға қажетті ветеринариялық шараларды қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік береді.

Бүгінде Осакаров ауданында 23 ветеринариялық пункт жұмыс істейді. Алайда олардың біразында жеке ғимараты жоқ. Осы мәселені шешу мақсатында ауданда модульдік ветеринариялық пункттер салу қолға алынған.

Бұған дейін аудан орталығындағы ветеринарлар әкімдік ғимаратында жұмыс істеген. Енді мамандар үш жұмыс орны жабдықталған, вакциналар мен биологиялық препараттарды сақтауға қолайлы жағдай жасалған жеке ғимаратқа орналасты.

Мұнда малға вакцина егу, зертханалық талдау үшін қан сынамаларын алу және басқа да ветеринариялық шараларды жүргізуге болады.

Жаңа нысанның жанынан 180–200 бас ірі қараға арналған арнайы қора да салынған.

Енді ауыл тұрғындары малын осында өздері әкеле алады. Бұл ветеринар мамандардың әр шаруашылыққа жеке-жеке бару қажеттілігін азайтып, олардың жұмысын тиімді ұйымдастыруға жол ашады.

— Жануарлардың саулығы, азық-түлік қауіпсіздігі мен халықтың әл-ауқаты аурулардың алдын алу шараларын уақтылы жүргізуге және ветеринариялық қызметтердің сапасына тікелей байланысты. Жаңа пункт осы бағыттағы жұмысты анағұрлым жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді, - деді нысанның ашылу салтанатында Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов.
Жаңа пункттің жағдайына ветеринар мамандар да, ауыл тұрғындары да дән риза.

— Ветеринария саласын дамытуға осындай көңіл бөлініп жатқаны қуантады. Жаңа пунктте мамандарға да, біз сияқты мал иелеріне де қолайлы жағдай жасалған, - дейді фермер Асылжан Бәукенов.

Ветеринария саласында 11 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Николай Беденов мұндай жағдайдың бұрын болмағанын айтады. Оның сөзінше, жаңа ғимарат мамандардың жұмысын едәуір жеңілдетіп, еңбек етуге қолайлы орта қалыптастырады. Тіпті мұнда душ бөлмесі де қарастырылған.
Ауданда мал қоралары бар осындай тағы он модульдік ветеринариялық пункттің құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін олардың барлығы пайдалануға беріледі.
Ветеринариялық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары алдағы жылдары да жалғасады. 2027 жылы ауданда тағы тоғыз жаңа нысан салу жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасының Республика күні қарсаңында Осакаров ауданының орталық аудандық ауруханасының екі медицина қызметкері еңбегі мен денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ведомстволық наградаларға ие болды.
Құрметті наградалармен дәрігер-стоматолог Бекишев Эрлан Эрикович «Салаға қосқан үлесі үшін» медалімен, ал дәрігер-офтальмолог Кунах Татьяна Павловна «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық наградалары медицина қызметкерлерінің кәсіби еңбегін, өз міндеттеріне адалдығын және халық денсаулығын сақтауға қосқан үлесін мойындаудың белгісі болып табылады. Әрбір осындай марапаттың артында үлкен жауапкершілік, мамандыққа деген адалдық және адамдардың денсаулығы мен амандығы үшін атқарылатын күнделікті қажырлы еңбек тұр.
Осакаров ауданы үшін бұл – маңызды оқиға. Ол медицина қызметкерлерінің еңбегінің маңыздылығын және олардың аудандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосып отырған үлесін айқындайды.
Эрлан Эрикович Бекишев пен Татьяна Павловна Кунахты лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, күш-қуат, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілейміз. Халық игілігі жолындағы абыройлы еңбектеріңіз жемісті болып, пациенттердің алғысы мен құрметі әрдайым еңбектеріңіздің лайықты бағасына айналсын!
Қазақстан Республикасының Республика күні құтты болсын! Еліміз өркендеп, халықтың денсаулығы мен өмірін қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі әрдайым құрмет пен жоғары бағалауға ие болсын!
Наши юные боксеры вернулись из столицы с невероятным уловом — 11 медалей с открытого республиканского турнира в Астане! Школьники из Осакаровского района показали, что в нашем районе растет достойная смена. 💪🇰🇿
🏆 ЗОЛОТО (3 медали):
Константин Клейнер (40 кг, 2013 г. р.) 🥇
Игнат Еремеев (37 кг, 2013 г. р.) 🥇
Данияр Жилкибаев (40 кг, 2013 г. р.) 🥇
🥈 СЕРЕБРО (2 медали):
Данил Гафнер (48 кг, 2014 г. р.) 🥈
Денис Легостаев (37 кг, 2015 г. р.) 🥈
🥉 БРОНЗА (6 медалей):
Тамир Хананов (42 кг, 2011 г. р.)
Тореби Каратай (2014 г. р.)
Абдулла Балгабаев (32,6 кг, 2013 г. р.)
Дмитрий Штро (41 кг, 2014 г. р.)
Марк Дацюк (2015 г. р.)
Данил Легостаев (43 кг, 2013 г. р.)
Каждый из парней — настоящий боец, который выложился на ринге на все сто! Поздравляем спортсменов и их тренеров с этим блестящим результатом. Это не случайность, а огромный труд и системная работа осакаровской школы бокса. 🔥
Теперь в планах у ребят — подготовка к следующим республиканским соревнованиям. Мы верим в вас и ждем новых побед!
Молодежный кентінің спортшысы Асылхан Сейітқожанов Шымкентте өткен Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған 2010-2011 жылы туған ұлдар арасындағы грек-рим күресінен ашық республикалық турнирде 1-ші орынды жеңіп алды.
Ауқымды жарыстарға алты елдің ең мықты балуандары қатысты. Өткір және бескасыз күресте Асылхан тұғырдың жоғарғы сатысына көтеріліп, шеберліктің ең жоғары деңгейін, жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.
Айта кетейік, Асылхан Қазақстан Республикасы чемпионатының екі дүркін жүлдегері.
Бұл әсерлі жеңіс — спортшының қажырлы еңбегінің және оның жаттықтырушысы Саят Бековтың тамаша жұмысының нәтижесі.
Асылхан мен оның тәлімгерін жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Халықаралық аренада жаңа спорттық биіктер, жарқын жекпе-жектер мен сенімді жеңістер тілейміз! 🏆🥇
📅 Бүгін, 19 қазанда, Қазақстанда Құтқарушы күні атап өтіледі.
1995 жылы 19 қазанда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Осы күн құтқарушылардың кәсіби мерекесі ретінде белгіленді.
Өз өмірін қатерге тігіп, өзгелердің өмірін сақтап қалуға асығатын құтқарушылардың еңбегі зор құрметке лайық.
💚 Барша құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге сәттілік тілейміз. Әрдайым абыроймен атқарып жүрген міндеттеріңізде қауіп-қатерден аман болып, ел алғысына бөлене беріңіздер!
Қарағанды облысынан «Бір ауыл – бір өнім» жобасының екі финалисі Қытайда өтіп жатқан іскерлік іс-шараларға қатысуда. Құндыз Хапан шырғанақтан табиғи өнімдер өндірсе, Жаннұр Төлеубаева жүн мен киізден бұйымдар жасайтын брендін дамытып келеді. Қытайға сапар кәсіпкерлерге шетелдік тәжірибені зерделеуге, іскерлік байланыс орнатуға және өндірісті өркендетудің жаңа жолдарын қарастыруға мүмкіндік берді.

Уцзяцюй қаласында өтіп жатқан кәсіпкерлер форумында және халықаралық конференцияда алты елдің өкілдері өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, жаңа іскерлік байланыстар орнатуда.
Құндыз Хапан мен Жаннұр Төлеубаева биыл «Бір ауыл – бір өнім» жобасының өңірлік кезеңінде үздік он финалистің қатарына енді. Жоба жергілікті өндірушілерге өз брендтерін қалыптастыруға, өнім сапасын жақсартуға және жаңа нарықтарға шығуға қолдау көрсетеді.
Кәсіпкерлердің айтуынша, Қытайдағы кездесулер олардың кәсібін дамытуға тың серпін берген.

Ақтоғай ауданынан барған Жаннұр Төлеубаева жергілікті шикізатты терең өңдеуді қолға алуды жоспарлап отыр. Оның QYZYLARAI WOOL & LANOLIN жобасы қой жүнін өңдеуге негізделген өндіріс орнын құруды көздейді.
— Бұл сапар мен үшін жобамды дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Қажетті жабдықтарды зерттеп, қой жүнін бастапқы өңдеу технологияларымен танысып, Қытаймен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастырып жүрмін. Мақсатымыз — туған ауданымызда өндіріс ашып, жергілікті шикізатты өңдеу және жаңа жұмыс орындарын құру, - деді Жаннұр Төлеубаева.
Осакаров ауданынан барған Құндыз Хапан да сапар барысында басқа елдердің кәсіпкерлерімен серіктестік орнату мүмкіндіктерін талқылады. Олардың қатарында Моңғолиядағы халықаралық сауда компаниясының басшысы да бар.
Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының ақпараты бойынша
Осакаров ауданының тоғыз жұмыссыз тұрғыны қазандық машинисі (Стокер) мамандығын игеруде. Кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін олар алдын-ала белгіленген жұмыс орындарында жұмыс істей бастайды.

Оқыту 25 тамызда Теміртау кәсіптік оқыту орталығының базасында басталып, 23 қазанға дейін жалғасады. Екі айлық бағдарлама 17 күнге созылатын теориялық дайындықты, сондай-ақ болашақ жұмыс берушілердің жұмыс орындарында тікелей практикалық сабақтарды қарастырады.

Оқу уақытына әрбір қатысушыға 43 574 теңге мөлшерінде стипендия төленеді. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар кәсіптік білім туралы куәліктер мен біліктілік куәліктерін алады.
Осакаров ауданының Мансап орталығының маманы Магомед Межидов атап өткендей, кәсіптік оқытуды ұйымдастыру кезінде жұмыс берушілердің сұраныстарына және қатысушыларды одан әрі жұмысқа орналастыруға ерекше назар аударылады.
— Оқытуды ұйымдастыру кезінде біз жұмыс берушілердің нақты қажеттіліктеріне назар аударамыз. Біздің міндетіміз-адамға жаңа мамандық беру ғана емес, оның одан әрі жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету. Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін барлық тоғыз қатысушы алдын ала белгіленген жұмыс орындарында бірден жұмысқа кіріседі. Біз оқудың басынан бастап тұрақты жұмыс орнына шығуға дейінгі барлық кезеңдерде бірге жүреміз, — деп атап өтті Магомед Межидов.

Оқыту Enbek.kz. платформасымен ұйымдастырылып отыр.
Жұмыс берушілер оған қажетті мамандарды даярлауға өтінімдер орналастыра алады, ал жұмыссыздар жұмыс іздеу және мемлекеттік қолдау алу үшін тіркелуге мүмкіндіктері бар. Осакаров ауданы әкімдігінің ақпараты.
Шығыс Қазақстан облысында өткен V халықаралық «Шығыс салбурыны – 2026» фестивалінде саятшылық өнерінің шеберлері арасында Қарағанды облысы Осакаров ауданынан барған Бүркітжан Назар көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Оның шеберлігі жоғары бағаланып, көрермен көзайымы жүлдесіне ие болды.

Биыл фестиваль жаңа деңгейге көтерілді. Алғаш рет оның аясында құсбегіліктен Азияның ашық кубогы өтті. Ұлан ауданының Бозанбай ауылына Венгрия, Испания, Қытай, Моңғолия, Ресей мен Түркияны қоса алғанда, он елден 176 құсбегі мен қазақтың тазысын баптайтын 50-ден астам итбегі жиналды.
Фестиваль алаңдарында адам мен құс арасындағы үйлесімнің озық үлгісі көрсетілді. Мұнда құстың жылдамдығы мен қырағылығы ғана емес, бапталуы, иесіне бағынуы және шақырған сәтте лезде әрекет ету қабілеті де бағаланды.

Бүркітжан Назар мен оның қыраны көрермендерді дәл осы шеберлігімен тәнті етті. Қарағанды облысының өкілі Түркістан, Жамбыл облыстары мен Астанадан келген тәжірибелі құсбегілермен қатар сынға түсіп, лайықты өнер көрсетті.

Оның бүркіті шапшаңдығымен, дәлдігімен және әбден бапталғанымен ерекшеленіп, иесінің былғары қолғабына сенімді түрде қайта қонды.

– Бүркіт көкте самғап, төменде мыңдаған адам демін ішіне тартып, тына қалатын сәт болады. Көрермендер тек нәтижеге ғана емес, саятшылық өнерінің қайталанбас әсемдігіне де тәнті болып, орындарынан тұрып қол соқты, – деп әсерімен бөлісті Бүркітжан Назар.

«Шығыс салбурыны» фестивалі әлдеқашан өңірлік мереке аясынан шығып, халықаралық деңгейдегі айтулы шараға айналды. Биыл ол Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ірі іс-шаралар күнтізбесіне енді. Енді бұл фестиваль сайыс алаңы ғана емес, төл дәстүрімізді әлемге танытуға мүмкіндік беретін маңызды мәдени шараға айналып отыр.
Әрбір жаңа бизнес-бұл дамуға жасалған қадам, ал мақсатты жастар өз ісін ашқанда, бұл екі есе қуанышты. Еліміздің Негізгі Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік қызмет бостандығына және өз мүлкін кез келген заңды бизнес-белсенділік үшін еркін пайдалануға кепілдік береді. Бұл конституциялық қағидаттар жергілікті жерлерде тірі көрініс табады: Осакаров ауданының тұрғындары енді облыс орталығына бармай-ақ бет терісіне кәсіби күтім жасау мүмкіндігіне ие болды.
Осылай 20 жастағы жерлесіміз Дайан Қошқымбаева өз арманын жүзеге асырды. Мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, ол Осакаров ауданы әкімінің грантын жеңіп алып, өзінің еңбек ету және қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау конституциялық құқығын іске асырды.
Жаңа сұлулық кеңістігінің басты ерекшелігі - қатаң жеке көзқарас. Мұнда олар "сынақ пен қателік" әдісінен және кездейсоқ косметиканы таңдаудан толығымен бас тартты.
Жас кәсіпкер кентімізге алғаш рет диагностикаға арналған заманауи Сұлулық аппараттарың алып келді.
Аппараттық әдістер терінің түрін, оның ылғалдану деңгейін жоғары дәлдікпен анықтауға және алғашқы кезеңдерде жасырын проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді.
Барлық күтім косметикасы әр клиенттің терісінің жеке қажеттіліктеріне ғана таңдалады.
- Сұлулық саласында мен 16 жастан бастап күтім косметикасын таңдаумен айналысамын. Мен әрқашан біздің ауданда әрбір әйел болжамдарға емес, құрылғылардың нақты деректеріне негізделген сауатты кеңес пен сапалы күтім ала алатын орын жасағым келді, — дейді жоба авторы Диана Ибрагимовна.
Мемлекет дамуының жаңартылған стратегиясы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының іргелі нормалары инновацияларға, өмір сүру сапасын арттыруға және адами капиталды дамытуға бағытталған бастамаларды қолдай отырып, жас ұрпақтың ерекше рөлін бекітеді.
Диананың бастамасы айқын дәлелдейді: мемлекеттің сенімді қолдауымен өршіл жастардың ең батыл идеяларды жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктері бар. Жоба ауданның сапалы қызмет көрсету саласындағы қажеттіліктерін жабып қана қоймайды, сонымен қатар қазіргі заманғы бизнестің ғылыми көзқарасқа, кәсібилікке және адамдарға пайда әкелуге деген ұмтылысқа негізделгенін дәлелдей отырып, өзін-өзі күтудің жоғары стандарттарын белгілейді.