
2021 жылдың қорытындысы бойынша облыстың зияткерлік және шығармашылық клубтарының, жастар қоғамдастығының қызметін қолдау бойынша жоба шеңберінде Қарағанды облысының аула жасөспірімдер клубтары арасында Үздік әлеуметтік жобалар конкурсы өткізілді.
Байқаудың мақсаты-қызметі балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған Қарағанды облысының аула клубтарына материалдық қолдау көрсету. Қарағанды, Сәтбаев, Жезқазған қалаларының және Шахан кентінің аула жасөспірімдер клубтарының өкілдерінен барлығы 11 өтінім берілді.
Байқау қорытындысы бойынша 5 жеңімпаз анықталып, 300 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Бұл бастама 2022 жылы да жалғасын табады.