Меню

Страницы

Статья

Зайырлылық – қазақстандық қоғамның рухани дамуының кепілі

          Бүгінгі заман адамзат баласының ақыл-ойы мен пікірінің бәсекеге түскен уақыты болып отыр. XXI ғасырдағы жаhандану үрдісі әлемнің көптеген мемлекеттерінің экономикалық және рухани құндылықтарының әлсіреуіне алып келуде. Бүгінгі таңда әлемнің барлық елдерінде өздерінің ішкі тұрақтылығы мен мәдени құндылықтарын сақтап қалу жолында жұмыс жалғасуда.       

            Бүгінгі сананың дамып, надандықты білім мен ғылым жетістіктері жоя бастаған өркениет заманында әртүрлілікті дау-жанжалдың нысаны емес,  құрметтеуге тұрарлық Жаратушы сыйы ретінде қабылдау бейбіт өмірге бастамақ.

              Бұл орайда сан ғасырлар бойы түрлі этностар мен діни нанымдардың рухани мұрасымен кемелденген, өз бойына толеранттылық, діни төзімділік және жаңа атаулыны қабылдауға деген ашықтық секілді қасиеттерді қалыптастырған Қазақстанның біртұтас халқының бірлігі жарасқан бүгінгі өмірі әлемге үлгі жоба бола алады. Оған мәдениетаралық үнқатысуды нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін  жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік дәрежедегі тың бағыт болған - Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуы дәлел.

Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

          Адамның санасының жоғарылығынан, әділеттілік үшін күресте белсенділігінен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен көрініс беретін оның ішкі әлемі рухани байлығы болғандықтан, зайырлы қоғам мен жоғары руханиятты ел құру бастамасы біздің ең абыройлы міндетіміз болып саналады.  

Рухани байлық бар жерде  елдің бірлігі де нығая түседі. Ал ел бірлігі мықты болса, онда мемлекетте мықты, оның іргесі де берік болады.

 

 

Тулеуова А.А.

Осакаров ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

        

Дата публикации
17 октября 2022
Дата обновления
17 октября 2022
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
19 июля 2023
«Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі»
26 июня 2023
Тәуелсіздік - дін саласына да серпін берді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы