Меню

Страницы

Статья

Қазақстан дамуының зайырлы қағидаты – қоғамдық сана жаңғыруының шарты

Дін және қоғам

 

Қазақстан дамуының зайырлы қағидаты – қоғамдық сана жаңғыруының шарты

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына  «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» кезекті  Жолдауын жариялаған болатын. Президент Жолдауда, «Біз ең басты құндылығымыз - Тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында ұйысуға тиіспіз»,  деп ерекше тоқталды.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған 30 жылы ішіндегі ең ірі жеңісіміз бен жетістіктеріміздің бірі - ол еліміздегі тұрақтылық,  діни наным - сенім бостандығының, діни еркіндіктің толық бекуі болатын.

Еліміздегі дінаралық келісім мен үнқатысудағы құнды тәжірибе әлем назарына ілікті. Жаһандану заманындағы күрделі мәселеге айналған дінді дұрыс түсіне алмау жайын әлемдік деңгейде талқылау елімізде қолға алынды. Соның нәтижесінде саяси идеологиялық шеңберде құрылған экстремистік және террорлық топтардың іс әрекеттеріне тұсау қойылды.

Қазақ елі әлемге өзінің дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың алтын ордасы екендігін көрсетіп отыр. Зайырлы қоғам құру мақсатында үйлестіруші бағытты  таңдаған - Қазақстан халқы Ассамблеясы Конституциямен кепілдік берілген этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі болып қалыптасты. Конституцияның 14-бабында, барлық діндер мен діни бірлестіктердің теңдігі, оларға қандай да бір артықшылықтар беруге жол бермеуді көздейтін талап қойылған. Еліміз барлық адамға тең мүмкіндік беру, экономика мен саясаттағы жасанды монополияларды жою, елдің саяси өміріне белсене араласатын мықты азаматтық қоғамы бар тиімді әрі өркениетті мемлекет құруға бағыт алды.

Болашақта қабылданатын ұлттық жобалар мен стратегиялық құжаттарды талқылауға сарапшыларды, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдерін тарту да қажетті шара. Ал Мемлекет басшысы жариялаған «Ұлттық құрылтай» сияқты кеңесші органның құрылуы – дала демократиясының тарихи дәстүрлерін көпэтносты рухани мұрамен кемелдендіру болып табылады. Қазақстан дамуының зайырлы қағидаты – қоғамдық сана жаңғыруының басты шарты елдегі бірлікті сақтау. Толерантты және бірлікшіл аудан тұрғындары зайырлылық ұстанымымен рухани даму және тұрақтылықты сақтап келеді.

 

Алма Шалабаева,

аудан әкімінің орынбасары

 

Дата публикации
24 марта 2022
Дата обновления
24 марта 2022
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
19 июля 2023
«Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі»
26 июня 2023
Тәуелсіздік - дін саласына да серпін берді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы