Зайырлылық қағидаттары: танып-білу –заман талабы
ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ РУХАНИ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 1-БАБЫНДА БЕКІТІЛГЕН, МҰНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨЗІН ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ ОРНЫҚТЫРАДЫ, ОНЫҢ ЕҢ ҚЫМБАТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – АДАМ, ОНЫҢ ӨМІРІ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫ, ДЕЛІНГЕН. ДЕМЕК, ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ҚАҒИДАТЫ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ КОНСТИТУЦИЯСЫНДА НАҚТЫ КӨРСЕТІЛІП, АЗАМАТТАРДЫҢ ДІНИ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ҚАНАҒАТТАНДЫРУ ҮШІН БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІ ЖАҒДАЙ ЖАСАЙДЫ. БҰЛ РЕТТЕ "ЗАЙЫРЛЫ" ДЕГЕН ҰҒЫМНЫҢ ӨЗІ МЕМЛЕКЕТ ӨМІРДІҢ БАРЛЫҚ САЛАЛАРЫНДА, ОНЫҢ ІШІНДЕ ДІНДЕ ДЕ АДАМНЫҢ АР-ОЖДАН БОСТАНДЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІНІН, ДІН МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТҚА АРАЛАСПАЙТЫНЫН, АЛ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ФУНКЦИЯЛАРДЫ ОРЫНДАМАЙТЫНЫН БІЛДІРЕДІ. Зайырлылық бізге тек өркениеттілік пен кемелдікке деген ұмтылысты ғана емес, сенім, пікірлер және діни нанымдардың айырмашылығына қарамастан өмір сүруге мүмкіндік береді. Сондықтан да қоғамның зайырлы болуы қазақстандықтар ұмтылуы тиіс игілік, әрі қажеттілік. Ал, қазіргі Қазақстан өміріндегі жаңа ұғым ретінде «зайырлылық» әрбір азаматтың күнделікті өмірін кеңінен қамтып, әсер етеді. Ол гуманистік құндылықтарды, оның ішінде адамның намысы мен арождан, діни сенім бостандығын және қоғамның рухани өміріндегі алуан түрлілікті мойындауды, сондайақ жалпыға бірдей дүниетанымды қамтиды, өйткені, әр адамның ұлы құндылықтары ретінде руханилық пен адамгершілік әрқашан негізгі болып қала береді. Қоғамымыздың зайырлылығы мемлекеттің дамуы мен жаңғыруының кепілі, Қазақстан азаматтарының бәсекеге қабілеттілігі кеңінен білім алумен қалыптасуда. Қазіргі заман талабы – мектептерде, жоғары оқу орындары мен колледждерде дінді насихаттауға жол бермейтінін түсінуіміз керек. Патриотизмді қалыптастыруда, халықтың ұлттық-рухани дәстүрлеріне сай білімнің алатын орны зор. Соның ішінде медицинада, әртүрлі діни бірлестіктер мұқтаж адамның өмірі мен денсаулығы үшін қажет болған кезде азаматтарды медициналық көмектен бас тартуға шақырмауы керек. Зайырлылық қағидаттарын танып-білу – заман талабы. Қазақстанда бейбіт өмір сүруге әсер ететін конфессиялар мен діни ұйымдар үйлесімділігі қалыптасқан. Дін мен діни сезімдерді құрметтеу - азаматтардың толеранттылығына ықпал ететін саналы таңдау болып табылады.
Қанат Саққұлақов, аудандық мәслихаттың хатшысы