Меню

Страницы

Статья

«Радикализмге қарсы төтеп беруге, алдымен адамның рухани мәдениеті, оның білімі көмектеседі»

«Радикализмге қарсы төтеп беруге, алдымен адамның рухани мәдениеті, оның білімі көмектеседі»

Қоғамда радикалды діни ағымдар елде қалыптасқан дәстүрлі жүйеге дін атын жамылып, қауіп төндіретін, негізсіз терістейтін, жоққа шығаратын, дін атына сай емес мұрат -мақсаттарда іс-әрекеттер жасап, заңсыз немесе заңның тиімді тұстарын әртүрлі қитұрқы әдіс-тәсілдермен өз мүддесіне барынша пайдаланумен әрекет етуде.

Кез келген діни ағымның деструктивтілігі оның мақсаттарынан және іс-әрекетінің нәтижесінен аңғарылады. Теріс пиғылды ағымның арбауына түскен адамның жеке өмірінің деңгейі, сондай-ақ оның әлеуметтік, физикалық, экономикалық, рухани және моральдық жағдайы бұзылады. Соның салдарынан отбасы мен қоғам зардап шегіп, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келеді. Деструктивті діни ағымдар әсерінен діни сауаттылық төмендігі, азаматтардың шетелде бақылаусыз діни білім алуы орын алды.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен елдегі діни саланы реттеу мәселелері Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі күні мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар бірлесе үйлесімді әрекет етіп, елдегі діни ахуалдың тұрақтылығын сақтап келеді. Елімізде экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимылға қатысты біршама тәжірибе мен біліктілік базасы жинақталуда. Қоғамда радикалды діни ағымдар идеяларының таралуына қарсы іс-қимыл және оның алдын алу шараларын жүргізу, халықтың діни-құқықтық сауаттылығын арттыруға, түрлі радикалды идеологиялардың ықпалына төтеп беретін иммунитетті қалыптастыру жұмыстарына бағытталып отыр. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен руханияты, өмірлік ұстанымдары мен салт-дәстүрлері, дүниетанымы осы діннің құндылықтарымен сабақтаса қалыптасқандықтан, дәстүрлі діни-рухани құндылықтардың ұлт болашағын құруда ықпалды фактор екенін ұмытпауымыз қажет.   

 

Жоламан Яхияев,

Ауданның Бас имамы

Дата публикации
14 декабря 2021
Дата обновления
14 декабря 2021
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
19 июля 2023
«Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі»
26 июня 2023
Тәуелсіздік - дін саласына да серпін берді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы