Меню

Страницы

Статья

«Дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту – радикалды идеологияның алдын-алу құралы ретінде»

«Дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту – радикалды идеологияның алдын-алу құралы ретінде»

 

Адамзат қоғамының алғашқы кезеңінен бастау алып, ғасырлар бойы әртүрлі қоғамдарда түрліше көріністе жалғасып келе жатқан дәстүрлі құндылықтар жүйесі бар. Дәстүрлі құндылықтар дәстүрлі қоғаммен үндестікте - соның аясында қалыптасады, оның ішкі тұрақтылығына қызмет етеді және сол қоғам арқылы сақталады. Дәстүрлі құндылықтарды қалыптастыруға қоғамның бірнеше буыны атсалысып, оларды қолдау және қолдану арқылы тұрақтандырады. Құндылықтар қоғамның даму бағдарлары мен өмір сүру мәнерін белгілейді. Алайда, қазіргі теріс ағымның жетегінде жүрген жастарымыз сан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымызды, асыл құндылығымызды жоққа шығарғысы келеді.

Радикализм - белгілі бір көзқарасты ұстану, тек соны жақтау деген мағынаны білдіреді. Жат ағымдардың таралуы діни саутсыздықтан болып жатыр. Ғаламтор кеңістігіндегі теріс дін ағымына жетелейтін интернет сайттардың да әсері бар болып тұр.

Баршаға белгілі, діни радикализмнің алдын алуда маңызды тетіктердің бірі – дін мен дәстүр үнқатысуы және оның жемісі болып табылатын рухани құндылықтар әлеуеті.

Дәстүрлі құндылықтардың әлсіреп, рухани жұтаңданудың күшеюі, діни сауаттың төмендігі радикалды идеологияның таралуына түрткі болатын басты фактор.

Басқа халықтарға тән дүниетанымды қазаққа таңу арқылы ұлттық дәстүрлерге деген көзқарасты өзгерту, оның даналық ғибраты мен даралық сипатын жоққа шығару, жат дүниетанымның көшірмесі етіп көрсету радикалды идеология өкілдерінің негізгі құралы болып отыр. Осындай әрекеттер ұлттың рухани-мәдени қорғаныс қабілетін әлсіретіп, қолдан жасалған құндылықтарды орнықтыруға талпыныс жасап келеді.

Радикалды ағымдардың басты шабуылы дін мен дәстүр бірлігіне, сол бірліктен туындаған дәстүрлі рухани құндылықтарға бағытталып отыр. Сондықтан радикалды идеологияның алдын алу жұмыстарының ең белсендісі әрі ықпалдысы дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту болмақ.

Бұл орайда ұлт бойындағы жоғалмаған рухани әлеуетті пайдалана білудің маңызы зор. Жан тазалығына, ар тазалығына негізделген, сыртқы көріністегі емес, жүректегі иманды қасиет тұтқан ұлттық рухани құндылықтарымызға оралу, оларды кеңінен насихаттау арқылы радикалды идеологияның таралуына тосқауыл қоюға болады деп санаймын.

 

А. Төлеуова,

Жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің басшысы

Дата публикации
02 декабря 2021
Дата обновления
02 декабря 2021
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
19 июля 2023
«Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі»
26 июня 2023
Тәуелсіздік - дін саласына да серпін берді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы