Біздің еліміздегі дінге басты қағида бұл - зайырлылық ұстанымы. Қазақстан – көп ұлтты және көп конфессиялық елдердің қатарын толықтырушы зайырлы мемлекеттің қатарында.
Зайырлы мемлекет ұғымының түп-тамыры діни құқық тұрғысынан адамсүйгіштік құқығын басшылыққа алуда жатыр. Адам және адамның өмірінің құндылығы ғасырлар тереңінен зайырлы және құқықтық мемлекет құруға деген талпынысты туындатты. Зайырлы мемлекет – діни наным-сенімді адам болмысына тән қажеттіліктердің бірі ретінде қарастырып, құқықтық нормаларды басшылыққа алады. Зайырлы мемлекетте діни құқық емес, адамның дінге деген құқығы әлеуметтік заңдылықтар шеңберінде қарастырылады.
Жалпы, бүгінде еліміздегі діни ахуал тұрақты екенін және азаматтардың діни саладағы құқықтарын іске асыруы үшін мемлекет тарапынан қажетті жағдайлардың жасалып жатқанын баса атап айтуымыз керек. Еліміздің қуатты, рухы күшті мемлекет болуына біздің зиялы қауым өкілдерінің алатын орны мен рөлі өте ерекше.
Рухани байлық бар жерде елдің бірлігі де нығая түседі. Ал ел бірлігі мықты болса, онда мемлекет те мықты, оның іргесі де берік болады.
Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы