Меню

Страницы

Статья

Тәуелсіздік - дін саласына да серпін берді

Тәуелсіздік – асыл бабаларымыздың сан ғасырғы арман-мұраты. Осы жолда олар жанын құрбан етті. Бұл –қазақ  халқы үшін аса қадірлі күн. Өйткені, тәуелсіздікпен бірге біз ана тілімізбен, ата дінімізбен қауыштық. Салт-дәстүріміз жаңғырды. Кешегі құбылмалы заман көшінде дін ілімін тарату емес, үйренудің өзі қылмыспен тең болды. Осындай қан мен тердің, ерік пен жігердің арқасында жеткен тәуелсіздігімізді сіз бенен біз көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек.

Бүгінде Қазақ елі сан ұлттардың басын бір шаңырақ астында біріктірді. Ұлтаралық достық пен қоғамдық келісімді нығайтты. Әлемнің түкпір-түкпірінде қарулы қақтығыстар орын алып, терроризм мен экстремизмнің салдарынан көптеген елдің ішкі тұтастығына сына қағылып, бірлігінен ажырап жатқанын көріп отырмыз. Осындай ақ пен қара алмасқан уақытта тәуелсіз Қазақстанның ынтымақ-ырысы, бақ-берекесі артып, тұрақтылық пен тыныштықтың үстінде күн кешудеміз. Мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтауда діннің алар орны ерекше. Біздің мемлекетіміз зайырлы, құқықтық мемлекет болып табылады, сол себептен  зайырлылық принциптері бұзылмауы тиіс.

Қазақстан Республикасының шаңырағының астында ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің бейбіт өмір сүруі әлемнің өзге елдерінде кездесе бермейтін жайт. Бұдан біз қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ететін этностар мен діндер арасында орнықты әрекет үлгісі қалыптасқандығын көреміз.

Тәуелсіздік бізге осы асыл дәстүрлерді жалғастыруға және олардың ұрпақтан-ұрпаққа керемет жеткізілуіне мүмкіндік береді.

 

 

Яхияев М. Ж.

«Тоқа Байғозы» мешітінің бас имамы   

Дата публикации
26 июня 2023
Дата обновления
26 июня 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
19 июля 2023
«Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі»
26 июня 2023
Тәуелсіздік - дін саласына да серпін берді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы