Бүгінгі әлемнің, оның ішінде қазіргі еліміздің міндеті – жалпыадамзаттық, гуманистік және толеранттылық құндылықтарды, конфессияаралық келісім, диалогты ғасырлар бойы әлемдік және дәстүрлі діндердің енгізген принциптері мен қағидаларын жалпы әлемдік, адамзаттық өркениеттегі бейбітшілікті сақтау болып табылады. Экстремизмге қарсы тұрудың бірден-бір жолы олар – туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде, әрине, күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары екені барлығымызға мәлім.
Діни экстермизм - қоғамда қалыптасқан діни құндылықтар мен ұстанымдарды мойындамау, сонымен қатар осыған қарсы «идеяны» аггресивті түрде насихаттау.
Экстремизммен күрес өзекті мәселелердің бірі. Бір ғана адам немесе топ қана айналысатын дүние емес, қоғам болып ат салысатын күрделі мәселе. Өскелең жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, діни сауатын ашып ұлттық құндылықтарды бойларына сіңдіре алып қана түбегейлі діни экстремизмнің тамырына балта шаба аламыз. Осы бағытта елімізде қыруар жұмыстар атқарылуда.
Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын» деген қанатты сөзі бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ.
Біздің қоғамымыздың құндылықтарының мызғымастығының негізі бейбітшілік пен келісімді нығайта түсуімізді қажет ететін екендігі жөніндегі пікірлері бір арнаға тоғысып жатты.
Н.Агзямова
Осакаров ауданының ішкі саясат бөлімі басшысының м.а.