Қазақстан зайырлы ұстанымды таңдап, дінаралық және ұлтаралық келісім мен достықтың өзіндік моделін қалыптастырған мемлекет. Еліміздегі тұрақтылық пен келісімнің негізінде жатқан конфессияаралық ынтымақтастықтың сыры тереңде. Бұл дегеніміз ата-бабамыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап келіп, көзінің қарашығындай сақтап, ұрпағына аманат еткен кең-байтақ жерімізге қоныс аударып келген түрлі ұлт өкілдері елімізде жылдар бойы тату-тәтті өмір сүріп келеді.
Еліміз егемендік жылдарындағы барлық іс-әрекетін тек ел халқының мәдениетін жандандыруға ғана емес, сонымен қатар, елімізде өмір сүріп жатқан ұлттардың этникалық және діни топтары арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағыттады.
Қазақстан Республикасы өзін құқықтық, демократиялы және зайырлы мемлекет ретінде орнықтыра отырып, адамның діни бостандығы құқығының сақталуына үнемі көңіл бөліп отырады.
Этносаралық қарым-қатынастың қазақстандық үлгісі елімізде саяси тұрақтылық пен бейбітшілігін сақталу жолында көптеген жұмыстар атқарып келеді.
Берекеміз тасып, бірлігіміз артып нығая түссін десек, біз халқымыздың бүгінгі таңда елімізде қалыптасқан конфессияаралық келісімді сақтап, халықтың діни сауаттылығын артыру басты мақсатымыз.
А.И. Бастаубаева
Осакаров ауданы Қазақстан халқы Ассамблеясы
Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы